02
июль
2017
соңғы қоңырау
Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
«Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау!»
Салтанатты соңғы қоңырау жиыны туралы мәлімет.
2016-2017 оқу жылы
Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебінде 25.05.2017 ж «Құлақтан үнің
кетпестей, сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізілді.
Түлектер үшін соғылып келетін соңғы қоңырау үні – сабақтың аяқталуы ғана
емес, сонымен қатар, жаңа өмірдің басталу символы секілді. Бұл күн
түлектер үшін ең салтанатты да көңілді, толқынысқа толы күн, өйткені олар
еш уайымсыз өмірлерімен қоштасады.
Мектеп алаңы түрлі – түсті шарлармен, жалаушалармен безендірілді.
Жиынға ата-аналар , қонақтар ,ұстаздар, мектеп түлектері және 5-11 сынып
оқушылары қатысты. Қонаққа аудандық білім бөлімінің өкілі Садовникова
және Қарғалы ауылы акимиятының бас маманы Чадырова А. , сонымен қатар
ардагер ұстаздар шақырылды. Биылғы жылы Әсет Бейсеуов мектебінен 55
түлек ұшқалы тұр. 11 жыл бойы олимпиада, аудандық , облыстық ,
мектепішілік іс- шараларға қатысқан оқушыларымыз, кеше ғана тұлымдары
желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-
қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты.
Мектеп директоры Маханбетова Мира Багарамовна еңбек жолын білім
саласына сіңірген ұстаздарымызға, жыл бойы мектебіміздің ғана емес
ауданымыздың, облысымыздың, республикамыздың атынан әр-түрлі
байқауларға қатысқан оқушыларымызға ұсынды. 11 сынып оқушыларын
бүлдіршіндеріміз сәулелі жұлдыздар ретінде болашақтарын жақсылыққа
болжап , құттықтау тілектерін жолдады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша оқу
жылында қатарынан оза шапқан, дарынымен дараланған оқу озаттарын
үздіктер шеруіне шақырылды . Түлектер өздерінің ұстаздарына, сынып
жетекшілері мен ата-аналарына, олардың берген жүрек жылуы мен
түсіністігіне, мектеп қабырғасынан алған мықты білімдеріне, ертеңгі күнге
деген сенімділіктеріне алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасындағы жылдар
«керемет» болғанын айтты...
Барша жас түлектерді алда күтіп тұрған үлкен сын бар. Ұлттық Бірыңғай
тестілеуден абыроймен өтіп, ата-ананың үкілеген үміттерін ақтап, Тәуелсіз
Қазақстанның білікті маманы атану. Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ
қолында. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай,
талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді
арнаймын. Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңізбен,
жоғарғы көрсеткіштеріңізбен алтын ұя мектептеріңізді, аяулы ата-
аналарыңызды, білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздарыңызды қуанта
беріңіздер!
Мектебіміздің биылғы «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын
жылдағы шаралардан ерекшелігімен есте қалмақ. Оқушылар мен мұғалімдер
бұл салтанатты жиынды қызықты, жинақы, ұйымдасқан түрде өткендігін
атап көрсетті.Мектептің озаттарының шеруі, түлектер ұстаздарына
көрсетілген құрмет және биылғы мектеп түлектерінің тілектерімен
қоштасуы, «Жас Ұлан» мектеп бітірушілердің соңғы вальсі
қатысушылардың зор ықыласына бөленді. Ақ жолтай тілеген ата-аналар,
ұстаздар қонақтар үлкен әсермен тарқасты.


