26
февраль
2020
Оқушыларды тегін тамақпен қамту
Оқушыларды тегін тамақпен қамту жалғасуда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» қаулысын іске асыру жұмыстары жалғасын табуда. 2020 жылдың басында Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, толық емес отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақпен қамту жұмыстары жаңартылды. Мектеп оқушыларының ата-аналары тарапынан өтініштер қабылданып, мектебімізде қаңтар айынан бастап, 104 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Асхананы жалға алушы есебінен 9 оқушы тамақтанады. Мектепте екі асхана бар. Қазіргі таңда 1-4 сыныптар аралығында – 60, 5-11 сыныптар аралығында – 44 оқушы екі ауысыммен тамақтануда. Мектеп асхананың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын, мәзірін күн сайын бракераждық топ қадағалайды.