Қамқоршылық кеңесі №3 23.03.2018
Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен
«Қамқоршылық кеңесінің» № 3 отырысының
хаттамасы
2017-2018 оқу жылы
Қатысты: Кеңес мүшелері-13 23.03.2018 ж.
Қатыспаған жоқ
Күн тәртібінде:
1. 10.01-10.02. аралығында өткен «Аяулы алақан» тақырыбындағы Қайырымдылық акциясының есебі
2. ІІІ тоқсан бойынша Қамқоршылық кеңесінің есебі
Тыңдалды :
<!-- [if !supportLists] --> 1.1. <!-- [endif] --> 1-ші сұрақ бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы Каманова.Ж.Д. сөз алды.
Ә.Бейсеуов атындағы орта мектебінде аз қамтылған, көп балалы тұрмысы қолайсыз, көмекке мұқтаж отбасы балалары мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу мақсатында 10.01-10.02.2018 ж. аралығында «Қамқорлық» акциясын өткізу іс-шаралар жоспары жасалынып өткізілді.
0-18 жас аралығындағы оқушылардың тізімін анықтау, олардың толық оқуға тартылуын қадағалау, қандай да бір себептермен сабаққа келмей қалуының алдын алу мақсатында пәтер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері тарапынан оқушылардың сабаққа келуі күнделікті бақылауда болып, сабақты тоқтатқан немесе оқудан жалтарған балалар анықталмады.
Сонымен қатар 08.01.2018 жылдан бастап 45 бала тұл жетім, жағдайы төмен, көп балалы отбасыларының балалары №4-ө 08.01.2018 жылдың бұйрығымен тегін ыстық тамақпен мектептегі асханадан қамтамасыз етіледі.
Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан 2018 жылдың жетім және жағдайы төмен қамқорлықтағыларға, көп балалы отбасыларынан шыққан төмендегі оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға материалдық көмек беріліп жүр. Олар:
1. Турдыкожанов Рашид -7в тұл жетім
2.Дулатбай Томирис– 9а тұл жетім
3. Дулатбаева Жанерке-4ә тұл жетім
4. Әбдуали Ғалымжан -9а жағдайы төмен
5. Османова Рианна -5д жағдайы төмен
6. Османова Лианна- 5д жағдайы төмен
7. Садирбаев Ұлдаулет-4б көп балалы отбасы
8. Кыдырбаев Жанас -8в тұл жетім
9. Әбдуали Ару-6б жағдайы төмен
10. Садирбаева Маншук-8в қөп балалы отбасы
11. Туранова Жасмин-5д тұл жетім
12. Гасанова Гульдана -5д жағдайы төмен
13. Сүлейман Айсұлтан-6б жағдайы төмен
14. Дулатбаева Русалина -7в тұл жетім
15. Омарбай Руслан -5д жағдайы төмен
16. Османова Феруза-7г жағдайы төмен
17. Реметова Жансая-5б көп балалы отбасы
18. Асан Ақпейіл -3д жағдайы төмен
19. Дулатбаева Жәния-4ә тұл жетім
20. Горожанина Людмила-4д АҚҚ
21. Реметов Илхам-7б қөп балалы отбасы
22. Реметова Малика-4б қөп балалы отбасы
23. Асан Мейірім 4ә жағдайы төмен
24. Абдулла Мейірім-2а тұл жетім
25. Гасанова Альбина-7г жағдайы төмен
26. Орынбасар Нурай -9а жағдайы төмен
27. Садирбаева Сымбат-5ә көп балалы отбасы
28. Өмірзақ Сұлтанбек -5в жағдайы төмен
29. Омарбай Бегжан -2е жағдайы төмен
30. Қуаныш Батыржан -7 в көп балалы отбасы
31.Қуаныш Рамазан -2г көп балалы отбасы
32.Таупиыққызы Ақерке -2ә жағдайы төмен
33. Таупиықұлы Ақтілек -1в жағдайы төмен
34.Садирбай Нұргүл -4а жағдайы төмен
35.Арли Зайра -1ә көп балалы отбасы
36. Арли Әділ – 2в көп балалы отбасы
37. Арли Ислам – 3д көп балалы отбасы
38.Арли Хадиджа -6а көп балалы отбасы
39. Русланов Ильяс-7в көп балалы отбасы
40. Амандық Балдана -6ә көп балалы отбасы
41. Амандық Балнура -4ә көп балалы отбасы
42. Амандық Ақерке -2б көп балалы отбасы
43.Абдулаева Аружан -4д жағдайы төмен
44.Садирбаева Ақбота -1б көп балалы отбасы
45.Өмірзақ Ерболат -2г жағдайы төмен
Ал 695 оқушы мектеп асханасында арзандатылған бағамен – 200 теңгеге – бір мезгіл тамақпен қамтылды.
Демеуші Кусаинова Б.Р. есебінен № 2-ө 08.01.2018 жылдың бұйрығымен 6 оқушы тегін тамақпен қамтылды. Олар: Оңғарбаев Мейрамбек-9А (жағдай төмен), Жаркенов Куаныш -4Г (жағдайы төмен), Туранова Мерибан-4Д (жағдайы төмен), Абдразакова Жанна-1Д (жағдайы төмен), Мырзахан Зарина-1Д (жағдайы төмен), Муратбай Мадина-4Г (жағдайы төмен).
Әлеуметтік көмекке және қолдауға мұқтаж балалар мен отбасылар туралы мәліметтер анықталып, әлеуметтік көмекке ұсынылды.
Мектепте «Қамқорлық» акциясы туралы ақпараттық алаң құрылды, акция бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ата-аналар комитетінің төрайымдарының жиналысы өткізілді. Онда ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Каманова акцияға атсалысуға ұсыныс жасады, нәтижесінде әр сыныптағы жағдайы төмен отбасы оқушыларына ата-аналардың көмегімен сыныптар тарапынан сырт киім, аяқ киім, спорттық киім, азық-түлік, мектеп құралдары (дәптер, қалам, қарындаш т.б.) ретінде көмектер жасалынды. Атап айтсақ, 9А сыныбы атынан (сынып жетекшісі Мукашева А.Қ.) Оңғарбаев Мейрамбекке, Әбдуали Ғалымжанға мектеп құралдары, аяқ киім, сырт киім мен азық-түліктей көмек көрсетілді, берілген көмектің жалпы бағасы 14500 (он төрт мың бес жүз) теңгені құрайды. 9Б сыныбының атынан (сын. жет. Абилахова Г.А.) Өмірзақ Ерболат 10000 (он мың) теңге көлемінде, 10Б сыныбы (сын.жет. Сариева Ф.) Османова Ферузаға 5500 (бес мың бес жүз) теңге көлемінде, 3А сыныбы (сын.жет. Оралбекова Г.А.) Абдулла Мейірімге 6000 (алты мың) теңге көлемінде қысқы куртка , 8Ә сыныбы (Рахимова А.Д.) Амандық Балданаға 6500 (алты мың бес жүз) теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті, 8Б сыныбы (Якубова А.П.) Атабаев Ернатқа 15000 (он бес мың) теңге көлемінде сырт киім, аяқ киім, мектеп құралдары т.б. заттар ретінде көмек жасалды, 7Г сыныбы (сын.жет. Нукеева Ж.Д.) Гасанова Альбина 5000 (бес мың ) теңге материалдық көмек, 8А сыныбы (Омиргожаева К.К.) Русланов Ильясқа 4500 (төрт мың бес жүз) теңге көлемінде сырт киім берілді, Дулатбаева Русалинаға 7В сыныбы атынан (Жақсыбек Г.) 10000 (он мың) теңге көлемінде сырт киім, Дулатбаева Жанеркеге 4Ә сыныбы атынан (Қожатаева Ж.) 6000 (алты мың) теңге көлемінде куртка, Дулатбаева Жәнияға 4Ә сыныбы атынан(Амирова Ғ) 7000(жеті мың) теңге көлемінде кофта, джинсы шалбар, Қыдырбаев Жанасқа 8В сыныбы атынан (Төлегенова З) 6750 (алты мың жеті жүз елу ) теңге көлемінде аяқ киім спорт киімі,Тұрдықожанов Рашид 7В сыныбы атынан (Иманбаева Г)9000 (тоғыз мың )теңге көлемінде аяқ киім ,4Д сыныбы, (сын. жет.Рашидова Г) Абдулаева Аружанға 600 (алты мың ) теңге көлемінде аяқ киім,кофта,5Д сыныбы атынан Османова Лианнаға (Байболова С)12000 (он екі мың ) теңге көлемінде сумка, оқу құралдары, аяқ киім, 7Г сыныбы атынан Омарбай Жәнібекке(Бейсембаева А)3000 (үш мың )теңге көлемінде оқу құралдары, 5Д сыныбы атынан Омарбай Русланға (сын. жет,Шамилова Л)5500 (бес мың бес жүз) теңге көлемінде сырт киім,2Е сынып оқушысы Омарбаев Бекжанға (сын.жет.Садаева С)6000 (алты мың) теңге көлемінде аяқ киім,5Д сыныбы атынан Гасанова Гүльданаға (Райымбекова Г)13500 (он үш мың бес жүз ) теңге көлемінде сырт киім, 7Б сынып оқушысы Реметов Илханға (сын. жет. Қалымбетова К )5000(бес мың ) теңге көлемінде джинсы шалбар, 4Б сыныбы атынан Реметова Маликаға (Қожахметова А )12500 (он екі мың бес жүз ) теңге көлемінде сырт киім, спорт киім, аяқ киім, 5Б сынып оқушысы Реметова Жансаяға (сын.жет. Сейтимбетова З) 7000 (жеті мың ) теңге көлемінде аяқ киім, 9А сыныбы атынан Орынбасар Нұрайға (Мухатова Ф.) 14500 (он төрт мың бес жүз) теңге көлемінде аяқ киім, сырт киім, спорт киім, 4Ә сыныбы атынан Асан Мейірімге (Жолмурзаева З.) 6500 (алты мың бес жүз ) теңге көлемінде сырт киім,
3Д сынып оқушысы Асан Ақпейілге (сын.жет.Бағыбергенова З.) 4500 (төрт мың бес жүз ) теңге көлемінде кофта, көйлек, 7В сынып оқушысы Қуаныш Батыржанға (сын. жет. Маханбетова Г.) 3000 (үш мың ) теңге көлемінде кофта , 2Г сынып оқушысы Қуаныш Рамазанға (сын.жет. Байбосынова С)3000 (үш мың ) теңге көлемінде азық -түлікпен қамтамасыз етілді, 2Әсынып оқушысы Таупиыққызы Ақеркеге (сын. жет. Арапова Н) 14000 (он төрт мың ) теңге көлемінде көйлек, джинсы шалбар, кофта ,5В сынып оқушысы Өмірзақ Сұлтанбекке (сын. жет.Игибаева А) 11000 (он бір мың ) теңге көлемінде аяқ киім,спорт киім , 6А сынып оқушысы Арли Хадиджаға (сын. жет.Байзахова Р) 8850 (сегіз мың сегіз жүз елу ) теңге көлемінде спорт киім, үйден оқитын мүгедек 3Д сынып оқушысы Абдуллаев Саламатқа 10000 (он мың ) теңге көлемінде жемпір,көйлек, конструктор,оқу құралдары, үйден оқитын 4В сынып оқушысы Жалғау Ерсұлтанға 5500 (бес мың бес жүз) теңге көлемінде спорт киім берілді.
Жалпы көмекті қажет ететін оқушыларға, қөрсетілген баға құны 508000 теңге құрады.
Тәрбие ісінің орынбасарлары Макенбаева Қ.А., Досчанова А.С. және Қамқоршылық Кеңесі акция барысында Қарғалы ауылдық округіне АҚҚ және жетім оқушыларға арнап демеушілік көмекке ұсыныс жасады, нәтижесінде 5 оқушыға демеушілер тарапынан заттай және ақшалай көмек көрсетілді. 8 ақпан күні мектептің мәжіліс залында «Аяулы алақан» тақырыбында қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияға тұрмыс жағдайлары төмен отбасы балалары мен ата-аналары, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, демеушілер қатысты. Демеушілік жасағандар: Аймуханова А. (жеке кәсіпкер) - 25000 теңге көлімінде, Патхолина Н.Р. (жеке кәсіпкер Қарғалы ауылы «Көктем» акционерлік қоғамы) - 72000 теңге көлемінде, Оспанов Б. (жеке кәсіпкер) -22000 теңге көлімінде, Мусарипова Г.С. (жеке кәсіпкер)- 10000 теңге көлемінде, «Майбұлақ мешіті»-15000 теңге көлемінде, Абиева Ж. (жеке кәсіпкер) 12000 теңге көлемінде, Қарғалы ауылдық акиматы - 20000 теңге көлемінде заттай және ақшалай көмек көрсетті. Акция қонақтарына мектеп оқушыларының орындауында шағын мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ата-аналар атынан Каманова Ж. сөз сөйледі, мұғалімдер тарапынан Абилахова Г.А. сөз алды. Жеке кәсіпкерлер сөз сөйлеп, мектептегі 8 жетім және жағдайы төмен отбасы оқушысына өздерінің дайындаған сыйлықтарын табыс етті. Мектеп директоры Маханбетова М.Б. акцияны ұйымдастырушыларға, Қамқоршылық кеңес мүшелеріне, демеушілерге тілегін айтып, алғысын білдірді.
1.2 Сөйледі кеңес мүшесі Шотаева Аякөз. Ол өз сөзінде «Майбұлақ» мешіті тарапынан жағдайы төмен, көпбалалы отбасыдан , тұлжетім балаларға 15000 көлемінде заттай көмек берілгендігін мәлімдеді. Жеке кәсіпкер Патхолин Нурлан тарапынан Амандык және Омарбаевтар отбасына 72000 теңге көлемінде киім, аяқ киім, азық-түлікпен көмек көрсетілді. Ата-аналардың өздеріне және отбасындағы балаларына берілген көмек тарапынан ризашылық алғандығын айтты. Алдағы уақытта да өз көмектерімізді береміз деді.
2.1. Екінші сұрақ бойынша Кеңес төрайымының орынбасары Мусапирова Г.С. сөз алды. Ол өз сөзінде әр сыныптың ата-аналар комитетіне және Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне мектептің жаңа акт залына трибуна алып беру жағынан көмек сұрағандығы туралы айтты. Демеуші ата-аналар тарапынан қолдау алғандығын айтты.
Шешімі:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Тұрмысы төмен балаларға материалдық көмек пен тегін тамақ жоспарлы түрде ұйымдастырылсын. Жағдайы төмен, тұл жетім, көпбалы отбасыдан шыққан оқушыларға көмектесу мақсатында демеушілер тартылсын.
Хатшысы: Зейнуллаева Ф.