Бос жұмыс орында Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының лауазымдық міндеттері » Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 3-15-58
Есепші бөлімі:
+7(72770) 3-15-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос жұмыс орында Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының лауазымдық міндеттері
01
октябрь
2022

Бос жұмыс орында Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының лауазымдық міндеттері

«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 
Телефон номер:   +7 (727) 70 31 5 58      +7 (701)585 97 77
 aset.beyseuov.om@mail.ru
 
Орналасқан жеріАлматы облысыЖамбыл ауданыҚарғалы ауылы Досбергенова көшесі 21Б
 
Бос лауазымның атауыДиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
 
Бос жұмыс орындар саны:1 (0.5 бірлік)
 
 

Жұмыс туралы ақпаратсыйақы мөлшері мен шарттары 100 000 теңгеден 120 000 теңгеге дейін.

Жұмыс түрі – тұрақты

1. Жалпы ереже

1.1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне педагогикалық жоғары білімді, басқару қызметінің психология-педагогикалық дайындық курсынан өткен, тәрбие саласында өтілі үш жылдан кем емес маманды мектеп директорының ұсынысымен қалалық білім басқармасы тағайындайды және босатады.Еңбек демалысы немесе еңбекке жарамсыздық кезінде оның міндетін уақытша атқару мектеп директорының құқық бұзушылықтың алдын алу ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі.

1.2. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады.

1.3. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға тікелей бағынады: пән мұғалімдері, зертхана меңгерушілері, үйірме жетекшілері, тәлімгер, психолог, әлеуметтік педагог.

1.4. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің қызметінде ҚР Конституциясымен заңдарын, ҚР Президентінің бұйрықтары мен жарлықтарын, ҚР Үкіметі мен Білім министрілігінің шешімдерін, білім беру мекемелерінің нұсқауларын, еңбек зандылықтары мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы ережелерді, мектеп Жарғысын басшылыкқа алады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясын қатаң сақтайды.

2. Атқаратын қызметі

Негізгі бағыттары:

2.1. Тәрбие процесіне әдістемелік басшылық жасау.

2.2 .Оқушылармен мектептен, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру.

3. Лауазымдық міндеттері

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына төмендегі міндеттер жүктеледі:

3.1. Мектептің даму бағыты, ерекшеліктерін, педагогтардың мүмкіндігі, окушылардың тәрбиелік деңгейін негізге ала отырып, тәрбие жұмысының жүйесін жасап, қалыптастыру.

3.2. Сынып, үйірме жетекшілерінің, психологтын, тәлімгерлердің тәрбиелік іс-әрекетін жаңа модель тұрғысына бейімдеу, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар іс-шаралар ұйымдастыру, бақылау, жасау.

3.3 .Тәрбие үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау, оқушылармен жүргізілетін жұмыстар бағдарламасын. ағымдағы және алдағы тәрбие үрдісін жоспарлау, тәрбие іс-шаралар кестесін жасау.

3.4. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін айкындау. Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында оның жанұясымен байланысты қамтамасыз ету.

3.5. Оқушыларды тәрбиелеуде бірігіп жұмыс істеу үшін, мектеп пен мектептен тыс мекемелердің, шығармашылық ұжымдардың байланысын нығайту.

3.6. Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады, ата-аналар алқасы жұмыстарына басшылық жасайды.

3.7. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына басшылық жасайды.

3.8 .Тәрбие саласындағы озат тәжірибені зерттеп, жинақтау, тарату: тәрбие ісіне барлық жұртшылықты тарту.

3.9. «Жас ұлан» ұйымының жұмысына басшылық жасайды.

3.10. Мектептегі сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігіне басшылык жасайды.

3.11. Мектептегі сыныптан тыс іс-шараларға қатысу.

3.12. Мектеп кеңесіне, педкеңеске тәрбие жұмысы туралы мәселелер қою, 

оны талқылау.

3.13. Тәрбие саласына жауапты мамандармен тәрбие саласын дамыту жолдары, тәрбие ісінде озық үлгілер көрсеткен мұғалімдерді марапаттау, өз ісіне салғырт қарағандарға шара колдану туралы ұсыныс жасау.

3.14. Тәрбие жұмысына байланысты белгіленген есептің, өтілген іс-шаралар жоспарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз ету.

3.15. Оқушылардың жазғы демалысын, еңбек лагерін ұйымдастырады

3.16.Экологиялық тәрбие жұмыстарына басшылық жасайды

3.17. Оқушылар демалысын жоспарлауды ұйымдастыру.

3.18. Мектептің ішкі тазалық жұмыстарын ұйымдастырады.

3.19. Мектеп ғимаратына мұғалімдердің және оқушылардың кезекшілігін ұйымдастырады

3.20. ІІ- ауысым оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалайды

3.21. Жолда жүру ережелерін үйретуге басшылық жасайды.

3.22. Мектеп ұжымының басылымдарға жазылуына басшылық жасайды.

3.23.Дене шынықтыру, өнер, өзін-өзі тану пәндерінің, орыс бөліміндегі бастауыш сынып, үйірме сағаттарының өту барысын қадағалайды, талдайды. 

3.24.«Қамкорлық» кеңесінің жұмысына басшылық жасайды.