Жаратылыстану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы » Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 3-15-58
Есепші бөлімі:
+7(72770) 3-15-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаратылыстану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы
10
февраль
2022

Жаратылыстану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы

Жаратылыстану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін байқау нұсқасы). – Астана, 2015. – 33 б. 
Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған
Мазмұны
І Жалпы мәлімет 
1 «Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы                                                    4
2 «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты              5
3 Үштілдік саясатын жүзеге асыру                                                                            5
4 «Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар                                                                                                 6
5 «Жаратылыстану» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық 
әдіс-тәсілдер                                                                                                      8
6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру                 9
7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды   қолдану құзыреттiлiгі  10
8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту                                10
9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы                                            11
ІІ «Жаратылыстану» пәні мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі
1 «Жаратылыстану» пәні мазмұны          13
2 Оқу мақсаттарының жүйесі                                                                                  14
3 Ұзақ мерзімді жоспар ..........................                                      24
Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи білімқұмарлықтың дамуына, әлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың және қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:
  • қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын;
  • өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін;
  • жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын.
Атаулы пәнді оқу қоршаған әлемнің түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі. 
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнінен оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:
  • гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды берілулер негізінде қорытынды жасау;
  • мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмсысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;
  • БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Ғаламтор ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі жаратылыстану бағытындағы ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;
  • өлі және тірі табиғаттағы үрдістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған ортаға қалай ықпал ететінін ашуға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу; 
  • өзіндік қарапайым зерттеулер қорытындыларын түрлі формада ұсыну;
  • жаратылыстану ғылымы бағытындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.

 
2 «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Жаратылыстану» пәні бойынша негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған. 
Пән бағдарламасы келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:
- әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;  
- қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктеріне ие болу;
- зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
- табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
- күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.
3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) түрлерін дамыту арқылы қазақ тілінде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады. Мектептердің үш тілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.
Үш тілді оқыту бағытының жүзеге асырылуы «Жаратылыстану» пәні бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:
«Жаратылыстану» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ), пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.
«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8- тармақ), мұғалімдердің пән арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) қалай дамытатыны көрсетілген.
«Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9- тармақ), бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.
4 «Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:
СыныпАпталық жүктемеЖылдық сағат саны
1133
2134
3268
4268
Бастауыш сыныптары кабинеттеріндегі жиһаздардың орналасуы еркін қозғалуға, ойын, эксперименттер өткізуге, оқушылар жұмыстарының көрмесі мен ресурстарға жеткілікті кеңістік, орын болуын қамтамасыз етуге тиісті. Пәнді оқыту үшін мамандандырылған зертхананың болуы міндетті емес, мүмкіндік болған жағдайда биология, физика және химия кабинеттері ресурстарын қолдану ұсынылады.
Төменде бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдардың тізімі берілген:
  • компьютер;
  • интерактивті тақта; 
  • проектор;
  • деректермен жұмысқа арналған компьютерлік бағдарламалар;
  • үзіліссіз қуат беру көзі; 
  • принтер-сканер;
  • бор тақтасы;
  • жылжымалы тақта;
  • магнитті тақта;
  • проектор;
  • компьютер;
  • MGA (датчиктер көмегімен деректерді тіркейтін аспап); 
  • таблетка тәрізді батареялар мен тұтқыш;
  • жалғағыш сымдар;
  • қосып-ажыратқыш; 
  • 2-4 V лампалар;
  • сандық фотоаппарат;
  • глобус; 
  • күн жүйесінің моделі;
  • тақырыпқа сай түрлі модельдер мен нақпішіндер (муляждар);
  • бөлме өсімдіктері; 
  • тақырып бойынша кестелер мен плакаттар;
  • тақырыптық бейнематериал коллекциясы;
  • табиғи кендер мен минералдар коллекциясы; 
  • айна; 
  • жарық көзі; 
  • жылу көзі; 
  • еріткіш заттар;
  • ыстыққа төзімді ыдыс; 
  • колбалар;
  •  шыны түтік; 
  • сүзгіш қағаз; 
  • қорғаныш көзілдірік;
  • үлкейткіш әйнек (лупа); 
  • микроскоп;
  • әртүрлі өлшемді магниттер жинағы;
  • термометрлер; 
  • жүктер;
  • таразы (теңдеушелермен және электрондық);
  • жарық датчигі;
  • таймер; 
  • динамометр; 
  • өлшеуіш рулетка; 
  • секундомер; 
  • дыбыс көзі (музыка аспаптары, қоңыраулар және т.б.);
  • дыбыс өлшегіш;
  • мөлдір және мөлдір емес денелер;
  • калориметрлер (термос);
  • түрлі электрөткізгіш заттардың жиыны (әйнек, мыс, болат, алюминий, резеңке, пластмасса);
  • магниттік компастар;
  • телескоп;
  • анықтамалықтар мен энциклопедиялар;
  • флипчарт; 
  • қағаз қыстырғышы бар планшет; 
  • ватман;
  • өсімдіктер гербарийі;
  • топырақ түрі коллекциясы;
  • Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар;
  • жануарлар тұлыбы;
  • адам қаңқасы. 
5 «Жаратылыстану» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолдарын білетін», өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. 
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастырады және дамытады. Атап айтқанда:
  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту; 
  • проблемаларды анықтау және шешу тәсілдерінің үлгісін  оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;
  • жеке және топтық, ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану;
  • оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың алдыңғы меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамытудың маңыздылығын мойындау;
  • зерттеу жұмыстарына негізделген оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытатын белсенді оқуын мадақтау;
  • оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану;
  • оқушыларды мұғалім мен оқушылар арасында және оқушылардың өз арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру;
  • оқушының оқуын «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау.
«Жаратылыстану» пәнін оқытудағы педагогикалық тәсілдер:
  • сенімді қатынас пен әріптестік үшін жағдай жасау;
  • ғылыми проблемалардың шешімін табу үшін басқалармен бірге және өздігінен іздеу әдістерін қолдану және жоспарлау;
  • оқушылардың жеке мүмкіндіктерін есепке алып, дифференциалық тапсырмалар құру; 
  • ғылыми сұрақтарды зерттеу үшін жеке және топтық жұмыс ұйымдастыру;
  • топ жетістікке жетуі үшін әр оқушы түрлі рөлде жұмыс атқаруына мүмкіндік беретін топтық жұмысқа жағдай туғызу; 
  • өз ойын жеткізе білу және дәйек келтіру, мәселелерді анықтау үшін өз пікірлерін жеткізу, болжам құру және зерттеулерді әрі қарай жоспарлау қабілетін дамыту үшін ынталандыратын проблемалық жағдаяттар құру;
  • белгілі бір тақырыпта мәселені шешу үшін миға шабуыл жасау. Әр оқушы өз идеясын ұсынады, дұрыс шешім қабылдау үшін сынып болып талдау;
  • оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуі, тәжірибелер жасауы, түрлі дереккөздерді пайдалану мен  іс-әрекет түрлерін қолдануын талап ететін  проблемалық жағдаяттар құру;
  • оқушылардың зерттеу тақырыбын өз бетінше таңдауы, жоспарлауы, зерттеу нәтижелерін ұсынуы арқылы қызығушылығын ояту;
  • сыныпта түрлі бағалауды қолдану және ұпай қою критерилерін қарастыру. 
Үш тілді оқытуға сәйкес пән мұғалімдерінің тілді меңгеруін қолдауы
Пән мұғалімдері оқушылардың тілдік дағдыларының дамуына көмектесе отырып, үш тілді оқыту саясатын енгізуді қолдаулары тиіс. Пәндік мазмұнды меңгеруге қолдау жасау үшін, мұғалімдер атаулы пәнге тән ғылыми тілді дамытады. Осыған орай, әрбір сабақтың тілдік мақсаты анықталады, мысалы, «оқушылар жануарлардың аттары мен суреттерін ауызша және жазбаша түрде сәйкестендірулері қажет». Пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми тілді қолдануына назар аударуы және олардың тілдік жетістіктерінің бағалануына қолдау көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, мұғалімдер оқушылардың бай ғылыми тілін қалыптастыру мақсатында диалог пен жазылымға қажетті тіркестерден тұратын жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы керек.
6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру
Түрлі мәдениет пен көзқарастарға деген құрмет – жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің бөлігі болып табылады. Мінез-құлықтың сәйкес нормаларына баулу оқушыларға қазіргі кезде барынша көпмәдениетті қоғамға айналып келе жатқан қоғамның әлеуметтік және еңбек өміріне тиімді әрі конструктивті қатысуына мүмкіндік береді. 
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасында: 
  •  тұлғааралық құзыреттілікті бағалауға және дамытуға мүмкіндік беретін түрлі ұлт өкілдерінен жұптық, топтық жұмыстарды қолдану;
  •  түрлi елдердер мен аймақтардағы (мысалы, өсімдіктер, жануарлар, табиғат құбылыстарымен байланысты мерекелер және т.б.) белгілі мәдени-шаруашылық маңызы бар табиғи нысандар мен құбылыстарды оқып үйрену және қолдану;
  •  «Әлем ғалымдары және олардың ғылыми жаңалықтары» тақырыбын оқу;
  • оқушыларды әрбір адамның жеке пікірін және оның ойының құндылығын ескеруге жетелеу қамтылған. 
 7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттілігіне оқушылардың өз жұмыстарында, бос уақыттарында және қарым-қатынаста ептілікпен және шығармашылықпен қолдануы кіреді. Олар АКТ-ның негізгі дағдыларын игеруге құрылады.
«Жаратылыстану» пәні оқу бағдарламасында: 
  • ғаламтор ресурстарымен жұмыс істеуді үйрену (мысалы, оқушылар веб-сайтқа кіріп, мәліметтер оқиды, керекті мәліметті таңдайды, көшіреді және оны сақтайды); 
  • мәтінмен, кестелермен, слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым офистік бағдарламаларды (Word, PowerPoint) қолдану;  
  • ақпараттарды өңдеу, оны қағаз бетінде және электронды тасымалдаушыларда сақтау үшін техника түрлерін) қолдану қамтылған.  

8  Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі көпшілікте тиімді қарым-қатынас жасауға қабілетті әлеуметтенген тұлғаны, яғни азаматты тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қарым-қатынас түрлі формада бағаланып, ынталандыратын және оқушылар өз пікірін сенімді түрде білдіре алатын ортаны құра отырып, қарым-қатынас дағдыларын дамытуы қажет. 
Оқыту үдерісінде оқушылардың түрлі ақпарат құралдарын, «Жаратылыстану» пәнінің ғылыми лексикасын сауатты қолдана отырып, өз сыныптастарымен, мұғалімдермен және одан да кең көпшілікпен танытқан қарым-қатынасын көтермелеп ынталандыру қажет. 
«Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
  •  белгілі бір бағытта алдын ала құрастырылған сұрақтарды қолданып мамандармен сұхбат жүргізу, мысалы, тіс гигиенасы туралы стоматолог дәрігермен әңгіме және оның жауабын ауызша әңгімелеу; 
  •  экскурсия бойынша әңгімелесу (мысалы, саябаққа барып келгеннен кейін оқушылардың бақылаулары туралы пiкiр алмасу);
  •  тапсырмаларды бөлу және өзара оқу (мысалы, өсiмдiкке маусымдық өзгерiстердiң ықпалы туралы тақырыпты зерттеу барысында, топтар арасында өсiмдiкке әрбiр жыл мезгілінің ықпалдарын сипаттау тапсырмасын бөлiп беру);
  •  белгілі тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылау, бір-бірінің пікірін тыңдау және ойын айту.
«Жаратылыстану» пәніндегі оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
  •  жазбаша ақпарат көздерімен жұмыс: анықтамалар, энциклопедиялар, көрнекі және терминологиялық сөздіктер, ғылыми-танымдық журналдар, мерзімді әдебиеттер.  Ғаламтор ресурстарымен   жұмыс, мысалы, зерттелініп отырған тақырыпты қайта қарастыруда – ғылыми көзқарасты кеңейту, белгілі тақырып бойынша презентация әзірлеу және таныстыру.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісінде   оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы
«Жаратылыстану» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау  жүйесін қолданумен жүзеге асырылады. 
Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім беру мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үрдісі.  
Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады. 
  Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды. 
    Қалыптастырушы бағалау – бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезінде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін, күнделікті сабақта және/немесе үйде  жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын, оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау.
   Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқтау бойынша оқу бағдарламасы бөлімдерін меңгерудегі дағдыларының қалыптасуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.
  Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес, 1-сыныпта тек қалыптастырушы бағалау түрі қолданылады. Тоқсандық баға 3-4   тоқсанда қойылады. 1-сыныптың жылдық бағасы қалыптастастырушы бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады.
    2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі  пайыздық үлесіне байланысты қойылады. 
  3-4 сыныптарда оқу үлгерімінің нәтижесі келесі түрде беріледі:
  1. тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген әр тоқсанның соңындағы баға. 
  2. жылдық баға – төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының соңындағы баға. 

 
ІІ «Жаратылыстану» пәні мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі
1  «Жаратылыстану» пәні мазмұны 
Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқудың келесі кезеңдері жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді. 
Бөлімдер Бөлімшелер 
1Мен зерттеушімін1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
1.2 Табиғатты тану әдістері
2Тірі табиғат 2.1 Өсімдіктер
2.2 Жануарлар
2.3 Адам
3Заттар және олардың қасиеттері3.1 Заттардың типтері 
3.2 Ауа
3.3 Су
3.4 Табиғат ресурстары
4Жер және Ғарыш 4.1 Жер 
4.2 Ғарыш
4.3 Кеңістік және уақыт
5Табиғат физикасы 5.1 Күштер және қозғалыс
5.2 Жарық
5.3 Дыбыс
5.4 Жылу
5.5 Электрлік
5.6 Магниттілік
Бағдарламада «Оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
 
  • Оқу мақсаттарының жүйесі
«Жаратылыстану» пәні
1-бөлім.          Мен - зерттеушімін
Оқушылар міндетті:
Бөлімше1-сынып2-сынып3-сынып4-сынып
1.1. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі1.1.1.1 Қоршаған ортаның құбылыстарын, үрдістері мен нысандарын оқып меңгерудің қажеттілігін түсіндіру2.1.1.1 Қоршаған ортаның құбылыстарын, үрдістері мен нысандарын оқып-тануға қажетті жағдай мен тұлғалық сапаларды анықтау.3.1.1.1 Ғылыми жаңалықтардың аса маңыздылығы туралы және олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу 4.1.1.1 Зерттеулердің өзекті бағыттарын өзінің ықыласы мен толғаныстарының негізінде анықтау
1.1. Табиғатты тану әдістері
2.1.1.2 «Ақпарат көзі» түсінігін  және оның зерттеу жүргізудегі маңызын
түсіндіру
3.1.1.2 Ақпарат көздерінің түрлерін білу (графиктік, мәтіндік, аудио-бейне және электрондық)
3.1.1.3 Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

1.1.1.2 «Бақылау» түсінігін білу
1.1.1.3 Қоршаған әлем құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру
2.1.1.3 Бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзімдер, нәтиже)
2.1.1.4 Бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу
3.1.1.4 Жүргізілетін эксперимент жоспарын құру4.1.1.3 Меңгерілген зерттеу әдістері: бақылау мен эксперименттің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
4.1.1.4 Зерттеу жоспарын құру, зерттеу әдісін неліктен таңдағанын түсіндіре отырып, алынған нәтижелерді     лайықтыформада ұсыну

2.1.1.5 Жүргізілетін бақылау жоспарын құру 
2.1.1.6  Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды шығару 
3.1.1.5 Жүргізілген эксперимент нәтижелерін  құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде белгілеу, қорытынды жасау

1.1.1.4  «Тәжірибе» ұғымын білу 
1.1.1.5 қарапайым тәжірибелер жасау
2.1.1.7 Эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзімдер, нәтиже) 
2.1.1.8 Эксперимент жүргізу және     оның нәтижелерін  кесте түрінде белгілеу


«Жаратылыстану» пәні
2-бөлім. Тірі табиғат
Бөлімше1-сынып2-сынып3-сынып4-сынып
2.1 Өсімдіктер1.2.1.1 Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын атау 2.2.1.1 Өсімдіктердің түрлерін салыстыру және ажырату; олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету3.2.1.1 Өсімдіктерді олардың белгілері бойынша жіктеу4.2.1.1     Балдырлар, саңырауқұлақтар, мүктер, қыналар, қырықжапырақтылар, гүлді өсімдіктерді ажырату және суреттеп айту

1.2.1.2 Өсімдіктердің негізгі бөлімдерін және олардың қызметтерін атау 2.2.1.2     Өсімдік мүшелерінің құрылымдық ерекшеліктері мен орналасуын көрсете отырып, суреттеп айту3.2.1.2     Өсімдік жапырақтарының оттекті бөлу үдерісін білу және түсіндіру4.2.1.2 Өсімдіктің тіршілік циклін суреттеп айту

1.2.1.3  Өсімдіктер тіршілігіне арналған жағдайларды зерттеу2.2.1.3 Тамырдың, сабақтың, жапырақтың және гүлдің қызметтерін суреттеп айту 3.2.1.3 Фотосинтез процесін білу және түсіну4.2.1.3     Тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін суреттеп айту   

1.2.1.4 Өсімдіктер өскенде жүретін сыртқы өзгерістерді суреттеп айту2.2.1.4 Өсімдіктің өсіп жетілуі үшін топыраққа қажет күтімді сипаттау 3.2.1.4 Әр түрлі мекен ету ортасының ұқсас және ерекшелік белгілерін табу4.2.1.4 Тұқым     таралуының әр түрлі тәсілдерін зерттеу

1.2.1.5 Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату2.2.1.5  Өсімдіктердің қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында өсіп шығу мүмкіндігін дәлелдеу 3.2.1.5 Өсімдіктер арқылы бөлінетін оттектің тірі ағзалар үшін рөлін түсіну4.2.1.5 Тағамдық тізбектегі тірі ағзалардың өзара әсерлесуін  түсіну

1.2.1.6 Бөлме және мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін білу2.2.1.6  Өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін суреттеп айту 3.2.1.6  Өсімдіктердің қоршаған ортаның  жағдайларына қалай бейімделетіндігін түсіндіру 4.2.1.6 Өсімдіктің өсуіне әсер етуші факторларды зерттеу


2.2.1.7  Мекен ету ортасына байланысты  өсімдік топтарын атау3.2.1.7     Өсімдіктердің қауымдастық құру қабілетін түсіндіру


2.2.1.8     Өз аймағындағы өсімдіктерді суреттеп айту3.2.1.8 Табиғи мекен ортада өсетін өсімдік түрлерін атау және суреттеп айту4.2.1.7  Өсімдіктерді қорғау әдістерін зерттеу 


2.2.1.9  Өсімдіктердің саналуандығын сақтаудың маңыздылығын және оларға қамқорлық     қатынасты түсіну және түсіндіру3.2.1.9 Адамзаттың тіршілік іс-әрекеттерінің кейбір түрлерінің өсімдіктердің санына және саналуандығына кері әсерін түсіндіру 
Жануарлар1.2.2.1  Жануарлардың негізгі сипаттамаларын атау2.2.2.1     Жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу3.2.2.1 Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай отырып, жанауарлар тобын сипаттау4.2.2.1 Өз аймағындағы жануарлардың жіктеуін құрастыру

1.2.2.2 Жабайы және үй жануарларын ажырата білу2.2.2.2 Жануарлар тобының өкілдерін атау: жәндіктер, балықтар,     қосмекенділер,бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер3.2.2.2 Паразиттер мен улы жануарларды ажырату 4.2.2.2 Өсімдіктекті және жыртқыш жануарларды ажырата білу

1.2.2.4     Жануарлар мен   өсімдіктерді ажырата білу, олардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау 2.2.2.3     Жануарлардың мекен етудің белгілі бір жағдайларына бейімделуін суреттеп айту3.2.2.3 Өз аймағының құстарын бақылау негізінде мінез-құлық ерекшеліктерін көрсету (мысалы, өлең айту және т.б.)4.2.2.3 Жәндіктердің өмір циклін зерттеу


2.2.2.4 Жануарлардың қалай көбейіп дамитынын білу3.2.2.4 Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу4.2.2.4 Жанауарлардың табиғи мекен ету ортасын сипаттау




4.2.2.5 Жануарлардың күн энергиясына тағамдық тізбек арқылы тәуелділігін түсіндіру.




4.2.2.6 симбиоздық қарым-қатынасқа мысал келтіру

1.2.2.6 Жыл мезгілдерінің ауысуына  жануарлардың дайындығын түсіндіру2.2.2.5 Жануардың қоршаған ортада тірі  қалуында бояу мен мінез-құлықтың рөлін түсіну3.2.2.5 Жануарлардың  айқындалған мінез-құлықтарының мекен ету ортасының ерекшеліктеріне байланыстылығын түсіну және түсіндіру 3.2.2.7 Тағамдық тізбектегі өндірушілердің, тұтынушылардың және ыдыратушылардың рөлін түсіну


2.2.2.6  Жануарлардың ұйқыға кету себептерін, құстардың маусымдық ұшып келулерін, қысқа жем қорларын дайындауды түсіндіру 3.2.2.6 Сандық өзгерудің мекен ету ортасының жағдайларына байланысты өзгеруін түсіндіру4.2.2.8     Белгілі бір мекен ортасындағы тағамдық тізбектердің модельдерін құрастыру  


2.2.2.7 Жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіну 3.2.2.7 Жануарлар санының төмендеуіне әкеп соқтыратын адамның іс-әрекет түрлерін анықтау4.2.2.9 Жоғалу шегінде тұрған жануарларға мысалдар келтіру   
Ұлттық саябақтар мен қорықтарды құрудың мақсатын түсіндіру 
Адам1.2.3.1 Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау 2.2.3.1 Тірек-қимыл жүйесін атау, суреттеу (бас, жұлын, қабырғалар, жауырындар, сегізкөз, жамбас және аяқ-қолдар) және қаңқаның қызметтерін білу 3.2.3.1 Адамның ішкі мүшелерінің орналасуын анықтау4.2.3.1 Шығару және жүйке жүйелерінің құрамына кіретін мүшелерді атау және суреттеу


2.2.3.2 Дұрыс сымбатты сақтаудың маңыздылығын түсіну 3.2.3.2 Энергияны алуда асқорыту жүйесінің рөлін суреттеп айту4.2.3.2 Қоршаған әлемді қабылдауда жүйке  жүйесінің рөлін суреттеп айту 

1.2.3.2 Адам өмірінің кезеңдерін білу2.2.3.3 Бұлшық ет қысқаруының қозғалыс үшін  рөлін түсіну  3.2.3.3 Ас қорыту, қан айналу, тыныс алу жүйелерінің құрамына кіретін мүшелерді атау және суреттеу4.2.3.3 Әртүрлі әрекеттерді орындауда жүйке жүйесінің рөлін түсіну   

1.2.3.3 Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау 2.2.3.4 Дене тазалығын сақтаудың қажеттілігін түсіну (жеке гигиена) 3.2.3.4 Қан айналу жүйесінің рөлін суреттеп айту 4.2.3.4 Ағзадағы заттардың тазаруында шығару жүйесінің рөлін түсіну


2.2.3.5 Тістердің құрылысын, қызметтерін және оларды күтудің ережелерін  білу 3.2.3.5 Тыныс алу жүйесінің рөлін суреттеп айту 



3.2.3.6 Адам ағзасының аурулар мен инфекциялардан қалай тазаратынын түсіну 
«Жаратылыстану» пәні
3-бөлім.           Заттар және олардың қасиеттері 
Оқушылар міндетті:
Бөлімше1-сынып2-сынып3-сынып4-сынып

3.1 Заттардың типтері 

3.3.1.1 Заттарды пайда болуы және агрегаттық күйі бойынша жіктеу 4.3.1.1 Заттардың қолдану шеңберін олардың қасиеттеріне байланысты анықтау 




3.1.1.2 Заттарға олардың агрегаттық жағдайына байланысты сипаттама беру  4.3.1.2 Жаңа заттың құрылған эксперимент жоспарына сәйкес алынуын анықтау 

3.2.Ауа
2.3.2.1 Біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңыздылығын түсіну және ауа тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсіну3.2.1.1 Ауаның жануды қолдайтын қасиетін білу 4.3.2.1 Ауаны адамның іс-әрекетінің түрлі шеңберінде пайдалану туралы білу (акваланг, оттектік маскалар) 



2.3.2.2 Ауаның кейбір қасиеттерін суреттеп айту  агрегаттық күйі, түсінің, иісінің болуы) 3.3.2.2 Ауаны газдардың қопасы ретінде түсіндіру 4.3.2.2 Ауаны ластаудың көздерін зерттеу



2.3.2.3 Ауаның бөлме, ыдыс және т.б. кеңістіктерін толтыруы,жылу өткізгіштігі қасиеттерін зерттеу 
4.3.2.3 Ауа тазалығын сақтау тәсілдерін білу (көгалдандыру, өндіріс қалдықтарын қысқарту) және оны тазарту шаралары 





4.3.2.4 Ауаның табиғаттағы орын ауыстыру үдерісін түсіну 





4.3.2.5 Желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіру 

  1. Су 

2.3.3.1 Судың физикалық қасиеттерін  анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы)3.3.3.1 Судың тірі ағзаларда және өлі табиғатта болуын білу 



2.3.3.2 Судың агрегаттық күйінің өзгеру үдерісін зерттеу3.3.3.2 Ауызсуды қолдануда ұқыптылық танытудың қажеттілігін түсіндіру
3.3.3.3 Суды тазартудың түрлі тәсілдерін атау
3.3.3.4 Суды тазартуға арналған өз фильтрінің моделін ұсыну
4.3.3.1 Судың табиғаттағы айналымын суреттеп айту 
4.3.3.2 Атмосфералық жауын-шашынның түзілу үдерісін түсіну (жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау)
4.3.3.3 Су буларының  конденсация үдерісін және бұлттың түзілуін түсіндіру 




3.3.3.5 Судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру4.3.3.4 Табиғатта судың ластануына мысалдар келтіру, қауіпті қалдықтардың әр түрлі ағзаларға әсерін түсіндіру 





әртүрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттеу

3.4.Табиғи ресурстар
2.3.4.1 Табиғи ресурстар түсінігін білу
2.3.4.2 Табиғи ресурстарды әр түрлі белгілері бойынша жіктеу. Табиғи ресурстардың көздерін білу 
3.3.4.1 Кейбір ағзалардың тіршілігі үшін топырақтың рөлі 
3.3.4.2 Топырақтың негізгі құрамын зерттеу (топырақ, құм, балшық, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа)
4.3.4.1 Кейбір пайдалы қазбалардың қолдану аумақтарын анықтау
 (бор, тұз, ізбес тасы, балшық, мұнай, гранит, көмір, цемент)




3.3.4.3 Топырақтың негізгі қаиеттерін атау
3.3.4.4 Топырақтың құнарлылығын құрамына байланысты зерттеу 
4.3.4.2 Қазақстанның негізгі пайдалы қазбаларының пайда болған орындарын білу





4.3.4.3 Пайдалы қазбалардың қоры шектеулі екендігін түсіну және пайдалы қазбаларды сақтаудың және тиімді қолданудың жолдарын ұсыну

«Жаратылыстану» пәні
4-бөлім.           Жер және Ғарыш 

Оқушылар міндетті:

Бөлімше1-сынып2-сынып3-сынып4-сынып

4.1 Жер1.4.1.1 Жердің пішінін білу және сипаттау
1.4.1.2 Жердің жасанды моделін және кескіндеу тәсілдерін білу 
2.4.1.1 Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіру
2.4.1.2 Жердің табиғи серігін атау
3.4.1.1 Жер шеңберін түсіндіру және графиктік кескіндеу4.4.1.1 Жер бетінің ірі элементтерін атап көрсету

4.2. Ғарыш1.4.2.1 «Ғарыш» ұғымын түсіндіру
1.4.2.2 Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау
1.4.2.3 Ғарышты танып білуге арналған аспаптарды, құрал-жабдықтарды және ұшу аппараттарын атау  
1.4.2.4 Ғарыштық денелер арасындағы айырмашылықтарды білу 
2.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін атау
2.4.2.2 Күн жүйесі ғаламшарларының сипаттамаларын келтіру 
3.4.2.1 Ғарышты меңгерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу
3.4.2.2 Адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру
4.4.2.1 Жердегі тіршілікке әсер ететін қауіпті және қолайсыз ғарыштық күштер мен құбылыстардың алдын алу жолдарын ұсыну 

4.3 Кеңістік және уақыт1.4.3.1 Уақыттың маңызын түсіндіру
1.4.3.2 Уақытты анықтаудың аспаптары мен жабдықтарын атау 
2.4.3.1Уақытты өлшеудің негізгі бірліктерін білу, Ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктері туралы әңгімелеу 3.4.2.3 Жердің осьтік айналуының периодын және оның салдарын білу 4.4.3.1 Жердің орбиталдық  айналу периодын және оның салдарын білу
4.4.3.2 Жыл маусымдарын сипаттау

«Жаратылыстану» пәні
5-бөлім.           Табиғат физикасы

Оқушылар міндетті:

Бөлімше1-сынып2-сынып3-сынып4-сынып

5.1.Күштер және қозғалыс1.5.1.1 «Қозғалыс» ұғымын түсіндіру
1.5.1.2 Әртүрлі денелер қозғалысының мысалдарын түсіндіру 
1.5.1.3 Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау 
2.5.1.1 «Жылдамдық» ұғымын түсіндіру
2.5.1.2  Түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалысына мысалдар келтіру
2.5.1.3  Жылдамдықты түсіндіруде сапалы сипаттамасын қолдану
3.5.1.1 Тығыздық күшін, ауырлық күшін, үйкеліс күшін, Архимед күшін түсіндіру
3.5.1.2 Тығыздық күшінің, ауырлық күшінің, үйкеліс күшінің, Архимед күшінің адам өмірінде және табиғатта кездесуіне мысалдар келтіру
3.5.1.3  Әрбір күштің адам өміріндегі және табиғаттағы маңызын анықтау
4.5.1.1  «Үйкеліс» ұғымын түсіндіру
4.5.1.2  Үйкелістің адам өмірінде және табиғатта білінуіне мысалдар келтіру
4.5.1.3 Үйкелістің адам өміріндегі және табиғаттағы маңызына мысалдар келтіру

1.5.1.4 «Траектория» ұғымын түсіндіру
1.5.1.5 Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету
2.5.1.4 Қозғалыс тудыратын күштерді зерттеу3.5.1.4  Күшті динамометр аспабының көмегімен өлшеу және оның әсерлесу бағытын анықтау4.5.1.4  Үйкеліс үдерісін бақылауды жүргізу және қорытынды жасау


2.5.1.5 «Күш» ұғымын түсіндіру3.5.1.5 Дене пішініне тығыздық күшінің әсер етуін зерттеу 4.5.1.5 Дене қозғалысына қатысты үйкеліс күшінің бағытталуын түсіндіру 
4.5.1.6 Үйкеліс күшінің қозғалыс жылдамдығына әсерін анықтау


2.5.1.6 Массаны анықтауға арналған аспаптарды таңдау және пайдалану  3.5.1.6  Әртүрлі пішіндегі денелерге ауырлық күшінің әсерін зерттеу4.5.1.7  Судағы әр түрлі денелерге әсер ететін итергіш күшті (Архимед күшін),  бақылау және болжау 
5.2 Жарық1.5.2.1 Жарық көздерінің табиғи және жасанды көздерін ажырата білу2.5.2.1 Кейбір денелердің жарықты өткізуге қабілетін зерттеу және қорытынды жасау3.5.2.1  Көлеңкенің пайда болу себептерін түсіндіру4.5.2.1  Бөгеттің бойы мен қашықтығынан бастама көзінен бөгетке дейінгі қашықтығына көлеңкенің тәуелділігін зерттеу және түсіндіру
1.5.2.2  Жасанды жарықтандырудың қажеттілігін анықтау және олардың көздері
3.5.2.2  Денелердің жарықты шағылыстыру қабілетін түсіндіру 4.5.2.2 Жарықтың тіксызықты таралуы, шағылысуы, жұтылуы тәрізді қасиеттерін зерттеу және түсіндіру 
1.5.2.3  Қараңғылық –
жарықтың болмауы екендігін түсіну 



5.3. Дыбыс1.5.3.1  Дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру 
1.5.3.2  Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырата білу
2.5.3.1     Қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу3.5.3.1 Дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы дыбыс қаттылығының қашықтықтан тәуелділігін түсіндіру4.5.3.1 Дыбыстың қаттылығы мен жылдамдығына белгілі бір бөгеттің әсерін зерттеу және түсіндіру
5.4 Жылу 1.5.4.1 Жылытқыш аспаптары мен жабдықтарын атау2.5.4.1 Белгілі бір денелердің температурасын өлшеуге арналған аспаптарды қолдана білу
4.5.4.1 Түрлі материалдардың жылуды қалайша әртүрлі өткізетінін және сақтайтынын зерттеу және түсіндіру 
5.5 Электрлік1.5.5.1 Адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру
3.5.5.1 Электр энергиясы көздерін атау
3.5.5.2 Қарапайым электр тізбегі құрылысының сызбанұсқасын білу
3.5.5.3 Қарапайым электр тізбегін және олардың элементтерін көрсете отырып сызбанұсқа түрінде ұсына білу
4.5.5.1 Әртүрлі материалдардың электр өткізгіштігін зерттеу және түсіндіру
5.6. Магниттілік1.5.6.1 Магниттілік қасиеті бар кейбір заттарды білу2.5.6.1 Магниттердің қолданылу аясын білу3.5.6.1 Магниттің металл материалдарды тарту қасиетінің оның өлшеміне байланыстығын зерттеу және түсіндіру 4.5.6.1 Серуен барысында тұсбағдардың қолданылуын бақылау және түсіндіру
1.5.6.2 Магниттердің қасиетін зерттеу











2. Ұзақ мерзімді жоспар
«Жаратылыстану» пәні
1- сынып
БөлімдерБөлімшелерОқу мақсаттары
1-тоқсан
1
  1. Мен – зерттеушімін
(«Өзім туралы» тақырыбы аясында)
1.1. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі1.1.1.1
1.2. Табиғатты тану әдістері1.1.2.1.
1.1.2.2 
1.1.2.3 
1.1.2.4 
1.1.2.5  
1.1.2.6  
22-бөлім. Тірі табиғат
(«Біздің айналамыздағы әлем»  тақырыбы аясында)
2.1. Өсімдіктер1.2.1.1 
1.2.1.2 
1.2.1.3 
1.2.1.4 
1.2.1.5 
1.2.1.6 
1.2.1.7
1.2.1.8 
2-тоқсан


2.2. Жануарлар1.2.2.1 
1.2.2.2 
1.2.2.3 
1.2.2.4 
1.2.2.5 
1.2.2.1 
1.2.2.6 
1.2.2.7 
2.3. Адам1.2.3.1 
1.2.3.2 
1.2.3.3
1.2.3.4 
3Жер және Ғарыш
(«Біздің айналамыздағы әлем»  тақырыбы аясында)
3.1 Жер1.4.1.1 
1.4.1.2 
3-тоқсан


3.2. Ғарыш1.4.2.1 
1.4.2.2 
1.4.2.3 
1.4.2.4 
3.3 Кеңістік және уақыт1.4.3.1 
1.4.3.2 
4Табиғат физикасы («Біздің айналамыздағы әлем» тақырыбы аясында)4.1. Күш және қозғалыс1.5.1.1 
1.5.1.2 
1.5.1.3 
1.5.1.4 
1.5.1.5 


4.2 Жарық1.5.2.1 
1.5.2.2 
1.5.2.3 
4-тоқсан


4.3. Дыбыс1.5.3.1 
1.5.3.2 
4.4.Жылу1.5.4.1
4.5 Электрлік1.5.5.1 
6.6. Магниттілік1.5.6.1 

Ұзақ мерзімді жоспар
«Жаратылыстану» пәні
2-сынып 
БөлімдерБөлімшелер
1-тоқсан
1-бөлім. Мен – зерттеушімін
(«Туған өлкем»  тақырыбы аясында)
1.1. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі2.1.1.1 
1.1. Табиғатты тану әдістері 2.1.2.1 
2.1.2.2
2.1.2.3 
2.1.2.4 
2.1.2.5 
2.1.2.6 
2.1.2.7 
2-бөлім. Тірі табиғат
(«Туған өлкем»  тақырыбы аясында)
2.1. Өсімдіктер2.2.1.1 
2.2.1.2 
2.2.1.3 
2.2.1.4 
2.2.1.5 
2.2.1.6 
2.2.1.7
2.2.1.8 
2.2.1.9
2.2.1.10
2.2. Жануарлар2.2.2.1 
2.2.2.2 
2.2.2.3 
2.2.2.4 
2.2.2.5 
2.2.2.1 
2.2.2.6 
2.2.2.7
2-тоқсан
2-бөлім. Тірі табиғат
(«Жаны саудың – тәні сау!» тақырыбы аясында)
2.3. Адам2.2.3.1 
2.2.3.2 
2.2.3.3
2.2.3.4
2.2.3.5
3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері («Туған өлкем» тақырыбы аясында) 3.1. Зат түрлері 
3.2. Ауа2.3.2.1 
2.3.2.2 
2.3.2.3
3.3. Су2.3.3.1 
2.3.3.2 
3-тоқсан
3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері3.4. Табиғат ресурстары2.3.4.1 
2.3.4.2 
4-бөлім.. Жер және Ғарыш
(«Саяхат» тақырыбы аясында)
4.1 Жер2.4.1.1 
2.4.1.2
4.2. Ғарыш2.4.2.1 
2.4.2.2 
4.3 Кеңістік және уақыт2.4.3.1 
5-бөлім. Табиғат физикасы 
(«Қоршаған орта» тақырыбы аясында)
5.1. Күштер және қозғалыс2.5.1.1 
2.5.1.2 
2.5.1.3 
2.5.1.4 
2.5.1.5
2.5.1.6
4-тоқсан
5-бөлім. Табиғат физикасы 
(«Қоршаған орта» тақырыбы аясында)
5.2 Жарық2.5.2.1 
5.3. Дыбыс2.5.3.1 
5.4.Жылу2.5.4.1
5.6. Магниттілік2.5.6.1 
Ұзақ мерзімді жоспар
«Жаратылыстану» пәні
  • сынып
БөлімдерБөлімшелерОқу мақсаттары
1-тоқсан
1-бөлім. Мен – зерттеушімін
(«Тірі табиғат» тақырыбы аясында)
1.1. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі3.1.1.1
            
1.1. Табиғатты тану әдістері 3.1.2.1 
3.1.2.2
3.1.2.3 
3.1.2.4 
3.1.2.5 
3.1.2.6 
3.1.2.7
2-бөлім. Тірі табиғат
(«Тірі табиғат»  тақырыбы аясында)
2.1. Өсімдіктер3.2.1.1 
3.2.1.2 
3.2.1.3 
3.2.1.4 
3.2.1.5 
3.2.1.6 
3.2.1.7
3.2.1.8 
3.2.1.9
2.2. Жануарлар3.2.2.1 
3.2.2.2 
3.2.2.3 
3.2.2.4 
3.2.2.5 
3.2.2.1 
3.2.2.6 
3.2.2.7
2-тоқсан
2-бөлім. Тірі табиғат
(«Тірі табиғат»  аясында)
2.3. Адам3.2.3.1 
3.2.3.2 
3.2.3.3
3.2.3.4
3.2.3.5
3.2.3.6
3-бөлім.. Заттар және олардың қасиеттері
(«Су – өмір көзі»  тақырыбы аясында)
3.1. Заттардың түрлері3.3.1.1 
3.3.1.2 
3.2. Ауа3.3.2.1 
3.3.2.2 
3.3.2.3
3.3. Су3.3.3.1 
3.3.3.2 
3.3.3.3 
3.3.3.4 
3-тоқсан
3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері
(«Су – өмір көзі» тақырыбы аясында)
3.4. Табиғат ресурстары3.3.4.1 
3.3.4.2 
3.3.4.3  
3.3.4.4  
4-бөлім. Жер және Ғарыш
(«Уақыт» тақырыбы аясында)
4.1 Жер3.4.1.1 
4.2. Ғарыш3.4.2.1 
3.4.2.2
4.3 Кеңістік және уақыт3.4.3.1 
5-бөлім. Табиғат физикасы5.1. Күштер және қозғалыс3.5.1.1 
3.5.1.2 
3.5.1.3 
3.5.1.4 
3.5.1.5
3.5.1.6
4-тоқсан
5-бөлім. Табиғат физикасы
(«Жақсы деген немене, жаман деген немене?» тақырыбы аясында
(жарық және қараңғылық)
5.2 Жарық3.5.2.1 
3.5.2.2 
5.3. Дыбыс3.5.3.1 
5.5 Электрлік3.5.5.1 
3.5.5.2 
3.5.5.3
5.6. Магниттілік3.5.6.1 
3.5.6.2
Ұзақ мерзімді жоспар 
«Жаратылыстану» пәні
4- сынып
БөлімдерБөлімшелер

1-тоқсан

Мен – зерттеушімін («Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбы аясында)1.1. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі4.1.1.1
1.1. Табиғатты тану әдістері4.1.2.1 
4.1.2.2
4.1.2.3 
4.1.2.4 
4.1.2.5 
4.1.2.6 
4.1.2.7

Тірі табиғат («Адами құндылықтар» тақырыбы аясында2.1. Өсімдіктер4.2.1.1 
4.2.1.2 
4.2.1.3 
4.2.1.4 
4.2.1.5 
4.2.1.6 
4.2.1.7
4.2.1.8

2.2. Жануарлар4.2.2.1 
4.2.2.2 
4.2.2.3 
4.2.2.4 
4.2.2.5 
4.2.2.1 
4.2.2.6 
4.2.2.7
4.2.2.8
4.2.2.9

2-тоқсан

Тірі табиғат («Мәдени мұра» тақырыбы аясында)2.3. Адам4.2.3.1 
4.2.3.2 
4.2.3.3
4.2.3.4

Заттар және олардың қасиеттері («Мамандықтар әлемі» тақырыбы аясында)3.1. Заттардың түрлері4.3.1.1 
4.3.1.2

3.2. Ауа4.3.2.1 
4.3.2.2 
4.3.2.3
4.3.2.4

3.3. Су4.3.3.1 
4.3.3.2 
4.3.3.3 
4.3.3.4 
4.3.3.5 

3-тоқсан

Заттар және олардың қасиеттері («Табиғи құбылыстар» тақырыбы аясында)3.4. Табиғат ресурстары4.3.4.1 
4.3.4.2 
4.3.4.3  

Жер және Ғарыш («Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбы аясында)4.1 Жер4.4.1.1
4.2. Ғарыш4.4.2.1 
4.3 Кеңістік және уақыт4.4.3.1 
4.4.3.2

4-тоқсан

Табиғат физикасы («Ғарышқа саяхат» тақырыбы аясында)
Табиғат физикасы («Болашаққа саяхат» тақырыбы аясында)
5.1. Күштер және қозғалыс4.5.1.1 
4.5.1.2 
4.5.1.3 
4.5.1.4 
4.5.1.5
4.5.1.6
4.5.1.7

5.2 Жарық4.5.2.1 
4.5.2.2 

5.3. Дыбыс4.5.3.1 
4.5.3.2

5.4. Жылу4.5.4.1
5.5 Электрлік4.5.5.1 
5.6. Магниттілік4.5.6.1