Әдебиеттік оқу. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (2-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы » Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 3-15-58
Есепші бөлімі:
+7(72770) 3-15-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әдебиеттік оқу. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (2-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы
10
февраль
2022

Әдебиеттік оқу. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (2-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы

 
Әдебиеттік оқу. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (2-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін байқау нұсқасы). – Астана, 2015. – 26 б. 
Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы   Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған.
Мазмұны
І Жалпы мәлімет                                                                                               4
1. «Әдебиеттік оқу» пәнінің маңыздылығы                                                    4
2. «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты                                               4
3. Үштілділік саясатын жүзеге асыру                                                              6
4. «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар                                                                                                           6
5. «Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер                                                             7
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру     9
7. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі   9
8. Оқушылардың  коммуникативтік  дағдыларын   дамыту                             10
9. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы                                   11
ІІ «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұны мен оқу мақсаттарының жүйесі      13
1.  «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұны                                                           13
2. Оқу мақсаттарының жүйесі                                                                14
3. Ұзақ мерзімді жоспар                                                                         18

 

І Жалпы мәлімет

«Әдебиеттік оқу» пәнінің маңыздылығы

«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі. 
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқу барысында бастауыш сынып оқушылары әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады. Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне талдау жасай отырып, адамдардың жан-дүниесін түсінуді және оған өз көзқарасын білдіруді үйренеді. 
«Әдебиеттік оқу» пәні:
  1. көркем шығармалар арқылы оқушының бойында ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерінің үйлесімді дамуына;  
  2. халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларды оқып-талдау арқылы қазақ тілінің бай эстетикалық мұрасымен танысуына;
  3. әдеби шығармалар арқылы қазақ ұлтының мәдениетін, тарихын меңгеруіне;
  4. сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамының қалыптасуына;
  5. әдеби мәтіндердің жанрын, стилін, құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін ажырата білуіне;
  6. отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысуына;
  7. әдеби-теориялық білім негіздерінен бастапқы түсініктерді меңгеруіне; 
  8. әдеби туындыларды өз бетімен оқу арқылы тұрақты оқырмандық қызығушылығының қалыптасуына;
  9. сын тұрғысынан ойлау дағдысының дамуына;
  10. оқу сауаттылығы мен шығармашылық жазу тілінің қалыптасуына;
  11. анықтамалықтармен, сөздіктермен, библиографиялық әдебиеттермен, басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге дағдылануына ықпал етеді.

«Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты

«Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасы оқушыларды қазақ және әлем балалар әдебиетінің түрлі жанрдағы көркем шығармаларымен таныстыруға, олардың оқу дағдылары мен оқырмандық біліктілігін қалыптастыруға, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталады. 
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. 
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
  • әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту; 
  • коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру; 
  • ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру; 
  • оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп,  болжап оқу) жетілдіру;
  • оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;
  • сыни ойлауын жетілдіру;
  • көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету; 
  • алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету; 
  • оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру. 
Оқу бағдарламасының мазмұны көркем шығармалар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытуды, көркем туындылардағы айтылған ойларға пікірін білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды,   шығармадағы негізгі ойды өз бетінше   тұжырымдауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды; сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды, көркем шығармаларды басқа өнер түрлерімен салыстыруды, көркем шығармалардың элементтерін ажыратуды қамтиды.
«Әдебиеттік оқу» пәнін меңгеру оқушының:
  • қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерін талдай отырып, ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне;
  • көркем шығармадағы тілдік қолданыс ерекшеліктеріне бақылау және  талдау жасай отырып, тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауына және өмірлік тәжірибесінде қолдануына;
  • алған білімі мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарда және басқа адамдармен қарым-қатынас барысында пайдалануына көмектеседі.

 

3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыретіліктің негізін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Мектептердің үштілділік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.
Үштілділік саясатының жүзеге асырылуы «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрсетілген:
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» бөлімінде (5-бөлім) мұғалімнің пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған.
«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» бөлімінде (8-бөлім) мұғалімдердің пән арқылы тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған.
«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы» бөлімінде (9-бөлім) бағалау тілі белгіленген.
4 «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту үдерісінде ұйымдастыруға қойылатын талаптар
«Әдебиеттік оқу» пәніне бөлінген оқу жүктемесі төмендегідей: 
СыныпАпталық сағат саныЖылдық сағат саны
2-сынып3 сағат102  сағат
3-сынып3  сағат102  сағат
4-сынып3  сағат102  сағат
Сыныпта жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін жиһаздар жылжытуға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ, кітап сөрелері, стенділер мен оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған арнайы орындар ескерілуі керек. 
«Әдебиеттік оқу» пәнін сапалы, тиімді оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:
1) техникалық құралдар:
  1. проектор, графопроектор, экран немесе интерактивті тақта;
  2.  АКТ құрылғылары (компьютер, принтер, сканер және ноутбуктер, құлаққаптар)
  3. шектеусіз интернет; 
  4. дыбыс, бейне жазу құралдары: диктофон, микрофон, бейнекамера, сандық фотоаппарат; 
  5. жылжымалы, маркерлі тақталар; шағын тақташалар;
2) жиһаздар:
  1. «Жазу бұрышы» және «Оқу бұрышына» арналған жиһаздар: диван, кілемшелер, орындықтар,  дөңгелек үстел, жылжымалы кітап сөрелері.
3) дидактикалық және қосымша материалдар:
  1. суретті кітаптар, өлең-жыр кітаптары, қазіргі заманғы көркем әдебиет, классикалық ертегілер, аңыз-әңгімелер, фантастикалық шығармалар, ғылыми мәтіндер, фильмдер, газет-журналдар, үгіт-насихат үлгісіндегі мәтіндер (памфлеттер және брошюралар, т.б.); 
  2. дидактикалық және үлестірмелі материалдар; ақын, жазушылар туралы дыбыстық жазбалар мен бейнефильмдер, портреттер;
  3. энциклопедиялар;
  4. ұлттық қуыршақтар мен киім үлгілері (сахналық көріністер үшін).
4) кеңсе тауарлары:
  1. түрлі-түсті қағаздар, ватмандар; А-3, А-4, А-5 қағаздары;
  2. фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар;
  3. еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар, ермексаз және т.б.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер

Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады. Мұғалімдер «Әдебиеттік оқу» сабағында оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қалыптастырады және дамытады. Олар:
  1. оқушының жеке пікірін тыңдау;   
  2. оқушыларды мұқият іріктелген шығармашылық және логикалық оқу тапсырмалары арқылы ынталандыру;
  3. оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуі үшін тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну және үлгісін көрсету;
  4. әртүрлі стиль мен жанрдағы жазба жұмыстардың үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер беру арқылы жазба жұмыстарын орындауды үйретеді);
  5. оқушылардың білім алуына «оқу үшін бағалау» және «оқуды бағалау» арқылы қолдау көрсету;
  6. оқушылардың пән бойынша меңгерген біліміне жүйелі түрде мониторинг жүргізу;
  7. оқушының өз білімін жетілдіруіне және бағалауына ынталандыратын мүмкіндіктер жасау; 
  8. түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын іс-әрекетті жүзеге асыру;
  9. ізденуді және қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды ұсыну;
  10. зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағытталатын оқушылардың белсенді оқуын марапаттау;
  11. оқушылардың өзара бірлесіп оқуын (сынып ішінде және сыныптар арасында) ұйымдастыру; 
  12. жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану.
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда келесі ұстанымдарды басшылыққа алу қажет: 
  1. оқушыны қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту; 
  2. оқушы мен мұғалім арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;
  3. оқушылардың жас ерекшелігі мен қажеттілігіне сәйкес оқытуды саралау (сараланған тапсырмалар дайындау);
  4. оқушылардың жетістігін бағалау және алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін белгілеу;
  5. топпен жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу, топта еркін жұмыс жасауға баулу (әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау);
  6. өз ойларын еркін айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беру;
  7. ойын және зерттеу әдісін қолдану;
  8. оқу-зерттеу әрекетін ұйымдастыру; 
  9. оқыту барысында «не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?»  түріндегі кері байланысты жүзеге асыру;
  10. сыни ойлау дағдыларын дамыту;
  11. оқушыны алған білімін тек білу үшін ғана емес, оны өмірде қолдану үшін үйрету.
Үштілділік   саясатқа сәйкес білім беру мазмұнына толықтырулар 
Жалпы білім беретін мектептерде бірінші тіл мұғалімдері үш тілділік саясаттың жүзеге асырылуын жеке тұлғалық, әлеуметтік және білімдік мақсаттарына сай қолданылатын тіл деңгейін көтеру арқылы қамтамасыз етеді. Тіл мұғалімдері оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің ұқсастығы мен айырмашылықтары туралы ойларын қолдайды және үш тілге де үлкен құрмет көрсетеді. Бағдарламадағы пәнаралық байланысты дамытады, қазақ тілі арқылы басқа пәндердің мазмұнын меңгертеді. Көрсетілген әдіс-тәсілдер тіл мен мазмұнды меңгертуді қатар дамытады. Тіл мұғалімдері басқа пәндер мазмұнына сәйкес тақырыптарды, мәтіндерді, дағдыларды, тапсырмаларды, оқу мақсаттарын пайдалану арқылы пәнаралық байланысты дамытады. Ол сонымен қатар, оқушыларды өзге пәндер бойынша әдеби тілді меңгеруде жетістікке жетуін қамтамасыз  етеді. Мысалы бір тақырыпты жан-жақты талдау, себеп-салдарын түсіндіру, фактілер мен   көзқарасты ажырату, қарама-қайшы тақырыпты талқылау кезінде өз ойын жүйелеу, түрлі ақпарат ресурстарын бағалау, өзгелерге ақпаратты анық, түсінікті жеткізу. Тіл мұғалімдері пән мұғалімдерінен мазмұнына қатысты мәтіндер мен тапсырмалар бойынша ақыл-кеңес алуға болады. Сонымен қатар, тіл мұғалімдері тілді үйренудегі қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болады.

Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту үдерісі оқушылардың түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыруды негізгі міндеттердің бірі ретінде алдыңғы орынға қояды. Бұл мәселе жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың түрлі әлеуметтік орталарда, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасында түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру төмендегідей оқу міндеттерінен көрініс табады:
  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына құрметпен қарай білуге үйрету;
  • Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісімі мен бірлігін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;
  • өзгенің пікіріне, көзқарасына, наным-сенімі мен әдет-ғұрпына, сезімі мен идеяларына сыйластық пен төзімділік көрсетуге баулу;
  • жеке тұлғаның пікірін және әр пікірдің құндылығын ескеруге үйрету;
  • түрлі көзқарастар мен өз көзқарасын, өзгенің пікірі мен өз пікірін салыстыра отырып, ойын ашық жеткізуге дағдыландыру; 
  • көптілді, көпмәдениетті қоғамда өмір сүру, өзін еркін сезіну қабілетін қалыптастыру. 
Осы аталған оқу міндеттері тіл жүйесі заңдылықтары мен тілдік жағдаяттар негізінде және көркем шығармаларды оқып-меңгеру барысында басшылыққа алынады. 


7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың оқу үдерісінде, бос уақыттарында және қарым-қатынас барысында АКТ құралдарын орынды және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы қалыптасады.
АКТ құралдарын қолдану дағдылары оқушылардың ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеуіне, мәліметтермен, ой түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең мүмкіндіктерін пайдалана білуіне және сол арқылы өз жұмысын бағалай және жетілдіре алуына ықпал етеді.
АКТ-ны қолдану дағдылары «Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасында төмендегідей көрініс табады: 
  • оқыту сапасын арттыру үшін сабақтарда жаңашыл әдістер мен ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану;
  • интернет ресурстарымен жұмыс жасау (веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іздеу, табу, сұрыптау, іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);
  • мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға (Word, Power Point) көшу; 
  • ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;
  • электронды оқулықтарды, оқу құралдарын, анықтамалық құралдарды пайдалануды меңгеру;
  • тақырыпқа байланысты түрлі медиақұралды қолдана білу;
  • ақпаратты саралап, талдап, зерттеуге үйрену. 

8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Жалпы білім беру ұйымдарының (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) бастауыш білім беру деңгейіне арналған «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және белсенді тілдік орта құра отырып, қажетті қатысымдық дағдыларды дамыту керек. Мұндай орта оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша, жазбаша қарым-қатынасында тілді сауатты пайдалануына, тілдесімнің түрлі формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік туғызады. 
«Әдебиеттік оқу» пәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
  • тыңдауға, мазмұнын түсінуге әртүрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
  • мәтінді қайталап тыңдатып, негізгі ойға назар аударту;
  • тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
  • тыңдалған мәтіннің жоспарын құру;
  • тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
  • мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
  • мәтіннің кейбір оқиғаларын ым-ишарамен көрсету;
  • жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу («Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу» стратегияларының көмегімен);
  • ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап беру;
  • ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру.
«Әдебиеттік оқу» пәнінен оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: 
  • көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
  • кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау;
  • мәтіннің негізгі ойы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу;
  • ақпаратты табу үшін оқу; 
  • өз көзқарасын айту және дәлелдеу үшін оқу;
  • интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау);
  • мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөліміне сүйене отырып, оқиғаның дамуына болжам жасау;
  • сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау.
«Әдебиеттік оқу» пәнінен жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
  • оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазғызу;
  •  әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелегіш сөздерді жаздыру;
  • әдеби шығармадан қысқа үзінділер жаздыру;
  • тыңдалған және оқылған мәтіннің, фильм немесе кітаптың қысқаша мазмұнын және алған әсерін жазу; 
  • әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;
  • сыныптың қабырға газетіне  шағын хабарлама/мақала жазу;
  • әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
  • ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру.

9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау  жүйесін қолданумен жүзеге асырылады. 
Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім беру мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үдерісі.  
Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады. 
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы (ағымдық) бағалау (ҚБ)   және  ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.  
Қалыптастырушы бағалау -  бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезінде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта немесе үйде  жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асырады.
Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқау бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасыуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.
2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі  пайыздық үлесіне байланысты қойылады. 
3, 4 – сыныптарда оқушылардың оқу нәтижесі төмендегідей түрде көрсетіледі:  
-  қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша  тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен әр тоқсанның соңында қойылатын  тоқсандық баға түрінде;
- төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен пән бойынша қойылатын жылдық баға түрінде. 
 

ІІ «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұны мен оқу мақсаттарының жүйесі

1 «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұны 

Оқу бағдарламасын меңгерту оқытудың «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша білім мазмұны қатысымдық дағдыларды қалыптастыру мақсатына сәйкес құрылған. Пән бойынша ұсынылатын білім мазмұнының ішкі бөлімдері жинақталған білім, түсінік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейтін кіші бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімше өзара сабақтаса отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Бұл мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді. 
2-4 сыныптар
БөлімБөлімше
Тыңдалым және айтылым1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 
1.2 Шығарманы мазмұндау 
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 
1.5 Пікірін білдіру 
2Оқылым2.1 Оқу түрлерін қолдану 
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату
2.6     Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу 
3
Жазылым
3.1 Жоспар құру
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету
Бағдарламаның бұл бөлімінде оқу мақсаттары кодтық белгілермен белгіленді: бірінші белгі – сыныбын, екінші және үшінші белгі – бөлімнің және бөлімшенің реттік санын, төртінші белгі оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.1.2.1. кодында «1» - сыныбы, «1» - «Тыңдалым және айтылым» бөлімі, «2» - бөлімшеcі, «1» – оқу мақсатының реттік саны.
 

2 Оқу мақсаттарының жүйесі

1 «Тыңдалым және айтылым» бөлімі
Бөлімше2-сынып3-сынып4-сынып
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 2.1.1.1 Шығарманың мазмұны не жайында екенін түсіну және қарапайым сұрақтарға жауап беру3.1.1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну, маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтарға жауап беру 4.1.1.1 Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру   
1.2 
Шығарманы мазмұндау 
2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау4.1.2.1 Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп, т.б.) қолданып шығармашылықпен немесе мұғалім нұсқауы бойынша (қысқаша, толық, ішінара) мазмұндау
1.3 Шығармадағы
оқиғаны болжау 
2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау 3.1.3.1  Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне және құбылыстар мен оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжау  4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі арқылы сюжеттің дамуын болжау және болжамының себебін түсіндіру
1.4 Тыңдарман-ның назарын аудару2.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану 3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ ертегілерден үзінділерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану 4.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ өлең жолдарын/ нақыл сөздерді/ шешендік сөздерден, мысалдардан үзінділерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану     
3.1.4. 2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фотографиялар/ суреттер қолдану4.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фотографиялар/ суреттер қолдану, презентация/ видеоролик жасау 
1.5 Пікірін білдіру2.1.5.1 Тыңдалған материалға сүйеніп, ойын, идеясын, сезімін өз сөзімен жеткізе білу3.1.5.1 Ойын, идеясын, сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолданып жеткізу4.1.5.1 Ойын, идеясын, сезімін, көзқарасын өмірде болған немесе өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру 
 2 «Оқылым» бөлімі 
Бөлімше2-сынып3-сынып4-сынып
2.1 Оқу түрлерін қолдану 2.2.1.1 Мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/ рөлмен/ мәнерлеп оқу  3.2.1.1 Мәтінді дауыстап түсініп/ рөлмен/ мәнерлеп/ теріп оқу 4.2.1.1 Мәтінді дауыстап түсініп/ рөлмен/ мәнерлеп/ теріп/ шапшаң оқу  
2.2.1.2  Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/ таныса оқу3.2.1.2 Мәтінді іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/ сын тұрғысынан бағалап оқу4.2.1.2 Мәтінді іштей көз жүгіртіп/шолып/ түртіп алып/ сұрақтар қоя отырып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып оқу/ талдау жасап оқу/ сын тұрғысынан бағалап оқу/сызбаларды, диаграммаларды оқу 
2.2 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру2.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын мәтіннен таба білу3.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру  4.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша қайта құруға (интерпретациялауға), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру 
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау  2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен тірек сөздер мен сөз тіркестері арқылы шығарманың тақырыбын анықтау және автордың не туралы айтқысы келгенін түсіну 3.2.3.1 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтау, автордың білдіргісі келген негізгі ойын түсіну   4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау, автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдеу   
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау2.2.4.1 Халық ауыз әдебиетінің (ертегі, жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақ, төрт түлік жырлары, бесік жыры, өтірік өлең, аңыз-әңгіме) жанрлық ерекшеліктерін тану3.2.4.1 Халық ертегілері мен әдеби ертегілерді,  нақыл сөздер, аңыздар, күлдіргі әңгімелер, бата, айтыс, батырлар жыры, өлеңдерді ажырату4.2.4.1  Аңыздар, мифтер, мысалдар, шешендік сөздер, батырлар жыры, әңгімелер, өлеңдер, фантастикалық әңгімелерді ажырату 
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату 2.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен ертегінің басталуын, жалғасуы мен аяқталуын анықтау3.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен халық ертегілері мен әдеби ертегілердің, әңгіменің құрылымдық бөліктерін ажырату 4.2.5.1 Ертегінің, әңгіменің, мысалдың құрылымдық бөліктерін өздігінен анықтау  
2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау2.2.6.1 Шығармадағы кейіпкердің сыртқы бейнесін сипаттау, оның іс-әрекетіне, мінез-құлқына сәйкес қарапайым тілмен пікірін білдіру3.2.6.1 Автордың кейіпкер портретін сомдау тәсілін (сөзі, мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы) анықтау, кейіпкерді мәтіннен дәлелдер келтіре отырып бағалау 4.2.6.1 Автордың кейіпкер портретін сомдау тәсілін, автордың кейіпкерге көзқарасын анықтау, өзінің және автордың бағасын салыстыру/ кейіпкерлердің ұқсастығы/қарама-қайшылығы бойынша салыстыру  
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 2.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадан құбылысты/ кейіпкерді суреттейтін үзіндіні және ондағы көркем сөздер мен сөз тіркестерін табу     3.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадан әдеби көркемдегіш құралдардың (теңеу, салыстыру, кейіптеу, эпитет, метафора) рөлін анықтау және оларды ажырату 4.2.7.1 Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдардың (теңеу, кейіптеу, эпитет, метафора, аллитерация, әсірелеу) рөлін анықтау және оларды ажырату 
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен  кейіпкердің іс-әрекетіндегі өзгерісті/ эпизодтерді немесе негізгі оқиғаларды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау  3.2.8.1 Кейіпкердің іс-әрекетіндегі өзгерісті/ эпизодтерді немесе негізгі оқиғаларды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау  4.2.8.1 Кейіпкердің сезімін/ негізгі оқиғаларды шығармадан мысалдар келтіре отырып салыстыру және эпизодтерді, оқиғаларды талдау 
2.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ мультфильм/ видеофильм) нұсқасымен салыстыру 3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка/ мультфильм/ видеофильм) нұсқасымен салыстыру 4.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка/ мультфильм/ кинофильм) нұсқасымен салыстыру 
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу2.2.9.1 Берілген тақырыпқа сәйкес анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ (мақал-мәтелдер, қысқа өлеңдер, т.б.) сөздіктерден қосымша ақпараттар алу 3.2.9.1 Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден нақты ақпараттар және басқа үлгідегі (иллюстрация, әдеби кітаптар, музыка, мультфильм, видеофильм) нұсқаларын табу  4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден (интернет, газет-журналдар, телебағдарламалар, анықтамалықтар, т.б.) қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау 

 
3 «Жазылым» бөлімі
Бөлімше2-сынып3-сынып4-сынып
3.1 Жоспар құру 2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, әр бөлімі бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, жазатын жұмысының жоспарын құру (сұрақтар түрінде)3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жазатын жұмысының жоспарын құру (хабарлы сөйлем түрінде)4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиғаның жүйесін сақтап, бөліктерге бөліп, жазатын жұмысының жоспарын құру (атаулы сөйлем түрінде)
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу2.3.2.1 Мұғалім көмегімен шағын ертегілер/ жұмбақтар (үлгі бойынша) жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру3.3.2.1 Ертегілер (үлгі бойынша, кейіпкер қосу, соңын өзгерту, т.б. тәсілдер арқылы)/ өлең шумақтары/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша)/ кейіпкерге хат жазу4.3.2.1 Әңгіме (таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу), шығармашылық жұмыстар жазу
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну 
2.3.3.1 Шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер арқылы ұсыну3.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сурет/ сценарий/ комикс арқылы ұсыну4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба/ диафильм/ комикс/ презентация түрінде ұсыну
3.4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлемдерінің дұрыс құрылуын тексеру, орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзету 
3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен лексикалық, стилистикалық тұрғыдан шығармасын жетілдіру, өздігінен сөйлемдерінің дұрыс құрылуын тексеру және орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзету 4.3.4.1 Жұмысын өз бетімен, сын тұрғысынан бағалап жетілдіру және қажет жағдайда лексикалық, стилистикалық түзетулер жасау, орфографиялық, пунктуациялық қателерін түзету  

 

3 Ұзақ мерзімді жоспар

2-сынып
Ортақ тақырыптар аясындаБағдарламаға сілтемеОқу мақсаттары
2-сынып
І тоқсан – 9апта
1.Өзім туралы
2.Менің отбасым және достарым
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 2.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау 2.1.2.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 2.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 2.1.4.1
1.5 Пікір білдіру 2.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 2.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 2.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау2.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау2.2.4.1
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату2.2.5.1
2.6  Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау2.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 2.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  2.2.8.1
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу2.2.9.1
3.1 Жоспар құру2.3.1.1
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу2.3.2.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну2.3.3.1
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету2.3.4.1
ІІ тоқсан- 7 апта
3.Менің мектебім
4. Менің туған өлкем
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 2.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау 2.1.2.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 2.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 2.1.4.1
1.5 Пікір білдіру 2.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 2.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 2.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау2.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау2.2.4.1
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату2.2.5.1
2.6     Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау2.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 2.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  2.2.8.1
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу2.2.9.1
3.1 Жоспар құру2.3.1.1
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу2.3.2.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну2.3.3.1
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету2.3.4.1
ІІІ тоқсан – 10 апта
5. Дені саудың – жаны сау
6.Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 2.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау 2.1.2.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 2.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 2.1.4.1
1.5 Пікір білдіру 2.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 2.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 2.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау2.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау2.2.4.1
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату2.2.5.1
2.6     Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау2.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 2.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  2.2.8.1
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу2.2.9.1
3.1 Жоспар құру2.3.1.1
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу2.3.2.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну2.3.3.1
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету2.3.4.1
ІҮ тоқсан – 8 апта
7. Қоршаған орта 
8.Саяхат
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 2.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау 2.1.2.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 2.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 2.1.4.1
1.5 Пікір білдіру 2.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 2.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 2.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау2.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау2.2.4.1
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату2.2.5.1
2.6  Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау2.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 2.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  2.2.8.1
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу2.2.9.1
3.1 Жоспар құру2.3.1.1
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу2.3.2.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну2.3.3.1
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету2.3.4.1
Ортақ тақырыптар аясындаБағдарламаға сілтемеОқу мақсаттары
3-сынып
І тоқсан – 9апта
1.Тірі табиғат
2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 3.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау 3.1.2.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 3.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 3.1.4.1
1.5 Пікір білдіру 3.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 3.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау3.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау3.2.4.1
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату3.2.5.1
2.6  Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау3.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 3.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  3.2.8.1
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу3.2.9.1
3.1 Жоспар құру3.3.1.1
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу3.3.2.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну3.3.3.1
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету3.3.4.1
ІІ тоқсан- 7 апта
3. Уақыт 
4. Ғимараттар 
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 3.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау 3.1.2.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 3.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 3.1.4.1
1.5 Пікір білдіру 3.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 3.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау3.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау3.2.4.1
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату3.2.5.1
2.6     Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау3.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 3.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  3.2.8.1
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу3.2.9.1
3.1 Жоспар құру3.3.1.1
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу3.3.2.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну3.3.3.1
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету3.3.4.1
ІІІ тоқсан – 10 апта
5. Өнер 
6. Атақты тұлғалар 
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 3.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау 3.1.2.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 3.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 3.1.4.1
1.5 Пікір білдіру 3.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 3.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау3.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау3.2.4.1
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату3.2.5.1
2.6     Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау3.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 3.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  3.2.8.1
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу3.2.9.1
3.1 Жоспар құру3.3.1.1
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу3.3.2.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну3.3.3.1
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету3.3.4.1
ІҮ тоқсан – 8 апта
7. Су – тіршілік көзі
8. Демалыс мәдениеті. Мерекелер
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 3.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау 3.1.2.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 3.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 3.1.4.1
1.5 Пікір білдіру 3.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 3.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау3.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау3.2.4.1
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату3.2.5.1
2.6  Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау3.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 3.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  3.2.8.1
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу3.2.9.1
3.1 Жоспар құру3.3.1.1
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу3.3.2.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну3.3.3.1
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету3.3.4.1
Ортақ тақырыптар аясындаБағдарламаға сілтемеОқу мақсаттары
4-сынып
І тоқсан – 9апта
1. Менің Отаным – Қазақстан
2. Адами құндылықтар
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 4.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау 4.1.2.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 4.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 4.1.4.1
1.5 Пікір білдіру 4.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 4.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 4.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау4.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау4.2.4.1
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату4.2.5.1
2.6  Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау4.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 4.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  4.2.8.1
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу4.2.9.1
3.1 Жоспар құру4.3.1.1
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу4.3.2.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну4.3.3.1
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету4.3.4.1
ІІ тоқсан- 7 апта
3.  Мәдени мұра 
4. Мамандық әлемі 
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 4.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау 4.1.2.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 4.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 4.1.4.1
1.5 Пікір білдіру 4.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 4.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 4.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау4.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау4.2.4.1
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату4.2.5.1
2.6     Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау4.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 4.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  4.2.8.1
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу4.2.9.1
3.1 Жоспар құру4.3.1.1
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу4.3.2.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну4.3.3.1
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету4.3.4.1
ІІІ тоқсан – 10 апта
5. Табиғи құбылыстар
6. Қоршаған ортаны қорғау
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 4.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау 4.1.2.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 4.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 4.1.4.1
1.5 Пікір білдіру 4.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 4.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 4.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау4.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау4.2.4.1
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату4.2.5.1
2.6     Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау4.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 4.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  4.2.8.1
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу4.2.9.1
3.1 Жоспар құру4.3.1.1
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу4.3.2.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну4.3.3.1
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету4.3.4.1
ІҮ тоқсан – 8 апта
7. Ғарышқа саяхат
8. Болашаққа саяхат 
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну 4.1.1.1
1.2 Шығарманы мазмұндау 4.1.2.1
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау 4.1.3.1
1.4 Тыңдарманның назарын аудару 4.1.4.1
1.5 Пікір білдіру 4.1.5.1
2.1 Оқу түрлерін қолдану 4.2.1.1
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 4.2.2.1
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау4.2.3.1
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау4.2.4.1
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату4.2.5.1
2.6  Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау4.2.6.1
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну 4.2.7.1
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру  4.2.8.1
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу4.2.9.1
3.1 Жоспар құру4.3.1.1
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу4.3.2.1
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну4.3.3.1
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету4.3.4.1