Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған "Қазақстан тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 1-тарау. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығына 17-қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 201-қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 419-қосымша |
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған "Қазақстан тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 1-тарау. Жалпы ережелер
- Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).
- Отандық тарихты зерделеу өткен тарихи оқиғаларды түсіну және оларды талдау негізінде қазіргі замандағы орнын анықтау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және оқиғалар мен құбылыстарға жеке көзқарасын білдіре отырып, олардың маңызы мен мәнін түсінуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.
- Оқу пәнінің мазмұны білім алушыларға әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның әлемдік тарихи процестегі орны мен рөлін анықтай отырып, этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолдарының негізгі ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
- Оқу пәнінің мақсаты – отандық тарихтың негізгі оқиғалары мен процестерін оқыту негізінде тарихи санаға, азаматтылық пен отансүйгіштік қасиеттерге ие, тарихи білім мен дағдыларды оқу және қоғамдық іс- әрекеттерде тиімді және шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
- Оқу пәнінің міндеттері:
- Қазақстан аумағындағы қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі мәселелері туралы білім қалыптастыру;
- тарихи қалыптасқан мәдени, ұлттық дәстүр, әлеуметтік және адамгершілік нормаларды білімалушылардың түсінуі негізінде оларда
азаматтылық пен қазақстандық бірегейлікті, дүниетанымдық ұстанымдарды тәрбиелеу;
- әлемдік тарихи процестегі Қазақстанның орны мен рөлі туралы жалпы тұтас түсінік қалыптастыру;
- тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, өткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;
- өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;
- әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;
- әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
- қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
- коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдану.
- тарау. "Қазақстан тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
- "Қазақстан тарихы" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
- 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
- 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
- "Қазақстан тарихы" оқу пәнінен білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
- Оқу пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды: 10-сыныпта:
- өркениет: даму ерекшеліктері;
- этникалық және әлеуметтік процестер;
- мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан;
- мәдениеттің дамуы. 11-сыныпта:
- өркениет: даму ерекшеліктері;
- саяси-құқықтық процестер;
- қоғамдық-саяси ойдың дамуы;
- білім мен ғылымның дамуы.
- "Өркениет: даму ерекшеліктері" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы;
- Ұлы дала өркениеті;
- Орталық Азия және әлемдік өркениет.
- "Этникалық және әлеуметтік процестер" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- қазақ халқының шығу тегінің бастауы;
- дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы.
- "Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттер;
- Ұлы даланың көшпенді империялары;
- қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет;
- тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту.
- "Мәдениеттің дамуы" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы;
- кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті;
- ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет.
- "Өркениет: даму ерекшеліктері" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- қазақтардың тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі;
- дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері;
- Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік- экономикалық дамуы.
- "Саяси-құқықтық процестер" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы;
- Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты.
- "Қоғамдық-саяси ойдың дамуы" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың эволюциясы;
- "Алаш" – қоғамдық ой және ұлттық идея;
- "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы – ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын біріктіруші негізі.
- "Білім мен ғылымның дамуы" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасы;
- XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы;
- қазіргі кезеңдегі Қазақстандық білім және ғылым жүйесі.
- Оқыту мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
- Оқу бағдарламасы базалық тарихи ойлау дағдыларын: тарихи деректердің интерпретациясы, уақыт пен кеңістікте бағдарлану, тарихи талдау және түсіндіруді қалыптастыруға бағытталған.
- "Қазақстан тарихы" пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқыту мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктерге) негізделеді:
- өзгеріс пен сабақтастық;
- себеп пен салдар;
- дәлел;
- ұқсастық пен айырмашылық;
- маңыздылық;
- интерпретация.
- Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері:
- "Өзгеріс пен сабақтастық" бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды; сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді; тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;
- "Себеп және салдар" бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді; тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;
- "Дәлел" бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтардың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдайды;
- "Ұқсастық пен айырмашылық" бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады;
- "Маңыздылық" бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды;
- "Интерпретация" бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.
- 10-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
- өркениет: даму ерекшеліктері. Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы. "Орталық Азия" ұғымының тарихи және географиялық аспектілері. Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы. Орталық Азия өркениеттері пайда болуының факторлары. Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктері. Ұлы Дала өркениеті. "Ұлы Дала" ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы. Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі). Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктері. Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті. Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығы және өзара байланысы. Ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсері. Орталық Азия және әлемдік өркениет. Орталық Азия халықтарының әлемдік материалдық мәдениеттің дамуына қосқан үлесі. Орталық Азия халықтарының әлемдік рухани мәдениеттің дамуына қосқан үлесі. Зерттеу жұмысы: Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала;
- этникалық және әлеуметтік процестер. Қазақ халқының шығу тегі. "Антропогенез", "этногенез", "этнос" ұғымдары. Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер. Қазақ этносының қалыптасуы – көп ғасырларлық этникалық процестердің нәтижесі. Мәдени-генетикалық код - ұлттың негізі. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы. Қазақтарда ру-тайпалық құрылым қалыптасуының тарихи шарттары. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының эволюциясы. Туыстық
принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызы. "Ауызша тарихнама", "шежіре", "ру", "тайпа", "ата-жұрт", "атамекен", "ел" ұғымы. Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасыуының біріктіруші рөлі. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі. "Ақсүйек", "қарасүйек", "хан", "сұлтан", "би", "батыр" ұғымдары. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың қызметі. Зерттеу жұмысы: Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы;
- мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан. Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттер.Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы. "Мемлекет", "билік", "саяси ұйым" ұғымдары. Ұлы Дала көшпенділерінің империялары. Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Ұлы Түрік қағанатының қалыптасуы мен дамуы. Түркі империясының мұрагерлері. Мемлекеттік құрылым түрлерінің сабақтастығы. Ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігі. Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы түркі империясының рөлі. Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері. Шыңғысханның әлем тарихындағы рөлі. Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуы. XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігі және олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер етуі. Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет. Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығы. Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақ хандарының Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі. Қазақ хандығының саяси институттары. Мемлекеттік құрылым түрлерінің сабақтастығы. Бабаларымыздың ұлан-ғайыр аумақты қорғап сақтаудағы рөлі. Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы. Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуы. Қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген ұлт-азаттық күресі. Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендіктің қалпына келтірілуі. Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі. "Автономдық кеңес республикасы", "Кеңес одағы республикасы", "унитарлы мемлекет" ұғымдары. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтары. Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы. Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі – тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стратегиялары мен бағдарламалары; Зерттеу жұмысы: Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы;
- мәдениеттің дамуы. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы.Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері. "Мәдениет", "дала өркениеті", "материалдық мәдениет", "рухани мәдениет", "қолданбалы өнер", "мәдени мұра" ұғымдары. Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің эволюциясы және сабақтастығы. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. "Әдет-ғұрып" "рәсім", "салт-дәстүр", "діл (менталитет)" ұғымдары. Қазақ халқының рухани- адамгершілік құндылықтары: әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрмет көрсету- шынайы патриотизмнің көрінісі. Дала өркениеті тарихымен мәдениетінің ескерткіштері. Тарихи және мәдени ескерткіштердің классификациясы. Қазақстанның рухани құндылықтары – ұлттық бірегейліктің негізі. Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы: бастауы, дәстүрі, қазіргі уақыттағы дамуы. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның мәдениеті. Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет. Қазақстандық мәдениеттің дамуы. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесі. Зерттеу жұмысы: Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды.
- 11-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
- өркениет: даму ерекшеліктері. Қазақтардың тіршілігін қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі.Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік. Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсері. "Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі", "қоныстану жүйесі", "экожүйе" ұғымдары. Дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерінің классификациясы.Қазақ халқының тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесіндегі кәсіптері мен қолөнері. Қазақтардың қолөнері мен кәсіптерінің этнографиялық зерттелуі. Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдары. Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі. Отырықшы және көшпенді халықтардың экономикалық және мәдени өзара қарым-қатынасы және өзара әсері. Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. "Экономикалық жүйе", "дәстүрлі (аграрлы) экономика", "жоспарлы (социалистік) экономика" ұғымдары. ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторлар. Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдері. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болашағы.
Зерттеу жұмысы: Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері;
- саяси-құқықтық процестер. Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы. "Аграрлық саясат", "көші-қон саясаты", "моноэтностық құрам" ұғымдары.Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдері. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы полиэтникалық қоғамның қалыптасуы. "Депортация", "арнайы қоныс аударылғандар", "полиэтникалық қоғам", "ұлттық саясат", "интернационализм" ұғымдары. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлері. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты."Көші-қон", "эмиграция", "иммиграция", "репатриант", "диаспора", "ирридента" ұғымдары. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтары. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі. Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі. Зерттеу жұмысы: Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры;
- қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ойдың эволюциясы.Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы. "Зар заман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары. "Алаш" – қоғамдық ой және ұлттық идея."Алаш" ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастары ("Алаш" қозғалысы және қазақ революционер- демократтарының саяси көзқарастары). "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясы – ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын біріктіруші негіз."Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негізі. Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары. "Мәңгілік Ел" идеясының біріктіруші құндылықтарының маңыздылығы. Мемлекеттің идеология саласындағы саясаты("Мәңгілік Ел" – патриоттық актісі" және "Қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы"). Зерттеу жұмысы: Қоғамдық-саяси ойдың біріктіруші рөлі;
- білім мен ғылымның дамуы. Ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасы.Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы. Ортағасырлық Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен ойшылдары. XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы. XVIII-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы зерттеулер. Зерттеушілердің Қазақстандағы ғылымды дамытуға қосқан үлесі. XIX ғасырда Қазақстанда оқу орындарының пайда болуы мен дамуы. XIX ғасырда -ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өмір
сүрген білім беру мекемелерінің ерекшеліктері. Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары. Сауатсыздықты жою. Мектептік, кәсіби және жоғары білім беру. Кеңестік білім беру жүйесінің реформалары. Қазақстан ғылымын дамытудағы Қазақ КСР Ғылым академиясының рөлі. Қазақстанның көрнекті ғалымдары. Кеңестік саяси жүйе жағдайында Қазақстан ғылымы дамуының қиындықтары және қарама-қайшылықтары. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім және ғылым жүйесі.Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесінің дамуы: жетістіктері, проблемалары және болашағы. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жаңғыртылуы. Қазақстанның әлемдік білім және ғылым кеңістігіне кірігуі. Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы стратегиялары мен бағдарламалары. Қазақстан Республикасының "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасы. Қазақстан Республикасының инновациялық ғылыми және білім беру ұйымдары. Зерттеу жұмысы: Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары.
- тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
- Бағдарламада оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік санын көрсетеді. Мысалы,
- кодында "10" – сынып, "2.1." – бөлім мен бөлімше, "2" – оқыту мақсатының реттік саны.
- бөлім:
- кодында "10" – сынып, "2.1." – бөлім мен бөлімше, "2" – оқыту мақсатының реттік саны.
10-сынып Өркениет: даму ерекшеліктері | 11-сынып Өркениет: даму ерекшеліктері |
Білім алушылар: | |
10.1.1.1 "Орталық Азия" түсінігін аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану | 11.1.1.1 Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін зерттеу |
10.1.1.2 әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу | 11.1.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің ерекшеліктерін "тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі" , "қоныстану жүйесі", "экожүйе" ұғымдарын пайдалана отырып анықтау |
10.1.1.3 Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктерін сипаттау | 11.1.1.3 картаны пайдаланып дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерін классификациялау |
10.1.2.1 картаны пайдаланып "Ұлы Дала" тарихи-географиялық аймағын анықтау | 11.1.1.4 этнографиялық материалдар негізінде қазақтарда қолөнер мен кәсіптердің дамуын сипаттау |
10.1.2.2 тарихи дерек көздерді талдау негізінде "Ұлы Дала" ұғымының мәнін түсіндіру | 11.1.2.1 картаны пайдаланып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдарын зерттеу |
10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру | 11.1.2.2 Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөліне талдау жасау |
10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау | 11.1.2.3 сауда-экономикалық қарым-қатынастар жүйесіндегі көшпелі және отырықшы халықтың өзара қарым-қатынасын сипаттау |
10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау | 11.1.2.4 дереккөздер негізінде көшпелі және отырықшы халықтың мәдени өзара әсерін анықтау |
10.1.2.6 "Өркениет" ұғымын айқындау критерийлерін пайдалана отырып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау | 11.1.3.1 Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономикалық жүйе", "дәстүрлі (аграрлы) экономика", "жоспарлы (социалистік) экономика" ұғымдарын пайдалану |
10.1.2.7 әртүрлі көзқарастарды талдау арқылы ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін бағалау | 11.1.3.2 ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторларды талдау |
10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау | 11.1.3.3 Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдерін талдау, олардың ерекшеліктерін анықтау |
10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау | 11.1.4.4 мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттеу және Қазақстан Республикасы әлеуметтік- экономикалық даму болашағын болжау |
- бөлім:
10- сынып Этникалық және әлеуметтік процестер | 11- сынып Саяси-құқықтық процестер |
Білім алушылар: | |
10.2.1.1 Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін "антропогенез", "этногенез", "этнос" ұғымдарын пайдалану | 11.2.1.1 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін "аграрлық саясат", "көші-қон саясаты", "моноэтностық құрам" ұғымдарын пайдалану |
10.2.1.2 этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағында этногенездің кезеңдерін айқындау | 11.2.1.2 Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу |
10.2.2.1 қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін "ру", "тайпа ", "жүз", " ата-жұрт", "ата-мекен" ұғымдарын пайдалану | 11.2.1.3 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін "депортация", "арнайы қонысаударылғандар", "полиэтникалық қоғам", "ұлттық саясат", "интернационализм" ұғымдарын пайдалану |
10.2.2.2 тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау | 11.2.1.4 Кеңестік кезеңде Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлесу ерекшеліктерін түсіндіру |
10.2.2.3 қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар) | 11.2.2.1 көші-қон саясатының ерекшеліктерін анықтау үшін "көші-қон", "эмиграция", "иммиграция", "репатриант", "диаспора", "ирридента" ұғымдарын пайдалану |
10.2.2.4 қазақ көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызын түсіндіру | 11.2.2.2 Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын түсіндіру |
10.2.2.5 қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасуының біріктіруші рөлін түсіндіру | 11.2.2.3 мемлекеттік стратегияларды және бағдарламаларды зерттеу негізінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін |
бағалау | |
10.2.2.6 қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін "ақсүйек", "қарасүйек ", "хан", "сұлтан", "би", "батыр" ұғымдарын пайдалану | 11.2.2.4 Ұлттық бірлікті және қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін сипаттау |
10.2.2.7 дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру | |
10.2.2.8 туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде "мәдени-генетикалық код" ұғымын қолдану |
- бөлім:
10-сынып Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан: | 11-сынып Қоғамдық саяси ойдың дамуы |
Білім алушылар: | |
10.3.1.1 Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін "мемлекет", "билік", "саяси ұйым" ұғымдарын пайдалану | 11.3.1.1 ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси идеяларын анықтау |
10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру | 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау |
10.3.1.3 Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау | 11.3.1.3 қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларын анықтау |
10.3.2.1 деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау | 11.3.1.4 қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы "Зар-заман" өкілдерінің идеяларын түсіндіру |
10.3.2.2 ерте және дамыған ортағасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттау | 11.3.1.5 XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси қызметін талдау |
10.3.2.3 түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау | 11.3.2.1 "Алаш" ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау |
10.3.2.4 мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы ұлыс жүйесінің дамуын зерттеу | 11.3.2.2 қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастарын салыстыру |
10.3.2.5 XIII -XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігін сипаттау арқылы, олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін анықтау | 11.3.3.1 "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау |
10.3.3.1 Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау | 11.3.3.3 "Мәңгілік Ел" – патриоттық актісін" және "Қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын" зерттеу негізінде мемлекеттің идеология саласындағы саясатын түсіндіру |
10.3.3.2 Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі ретінде тұжырымдау | |
10.3.3.3 мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақ хандығының саяси институттарының ерекшеліктерін зерттеу | |
10.3.4.1 Қазақстанның мемлекеттік егемендігіненайрылуының себеп-салдарын анықтау | |
10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу | |
10.3.4.3 Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу | |
10.3.4.4 Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін "автономдық кеңес республикасы", "кеңес одағы республикасы", "унитарлы мемлекет" ұғымдарын пайдалану | |
10.3.4.5 Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық- саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау | |
10.3.4.6 Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау | |
10.3.4.7 мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып, Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау |
- бөлім:
10 Мәдениеттің дамуы | - | сынып | 11- Білім мен ғылымның дамуы | сынып | ||
Білім алушылар: | ||||||
10.4.1.1 қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттау үшін "мәдениет", "дала өркениеті", "материалдық мәдениет", "рухани мәдениет", "қолданбалы өнер", "мәдени мұра" ұғымдарын пайдалану | 11.4.1.1 әртүрлі тарихи жетістіктерін анықтау | кезеңдердегі | ғылымның | |||
10.4.1.2 қазақ халқының материалдық мәдениетінің маңызды жетістіктерін анықтау; - Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің сабақтастығын талдау | 11.4.1.2 ғылымның дамуына Қазақстан ортағасырлық ғалымдардың қосқан үлесін зерттеу | |||||
10.4.1.3 қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын анықтау үшін "әдет-ғұрып" "рәсім", "салт-дәстүр", "діл (менталитет)" ұғымдарын пайдалану | 11.4.2.1 XVIII ғасырдағы -ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын түсіндіру | |||||
10.4.1.4 қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын салт-дәстүрлерді зерттеу негізінде түсіндіру | 11.4.2.2 XVIII ғасырдағы-ХХ ғасырдың басындағы зерттеушілердің еңбектерін зерделеу негізінде Қазақстандағы ғылымды дамытуға қосқан үлесін бағалау | |||||
10.4.1.5 дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу | 11.4.2.3 XIX-ХХғасырдың басында Қазақстан аумағында оқу орындарының дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықты анықтау | |||||
10.4.1.6 типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялау | 11.4.2.4 XIX-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы білім беру мекемелерін қызметтік ерекшеліктеріне сәйкес жіктеу | |||||
10.4.1.7 қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтау | 11.4.2.5 Кеңестік білім беру жүйесінің даму ерекшеліктерін анықтау үшін "сауатсыздықты жою", "қызыл отау", "мұғалімдер институты", "мектептегі білім беру", "кәсіби білім беру", "жоғары оқу орындары" ұғымдарын пайдалану | |||||
10.4.1.8 халықтың | рухани | -адамгершілік | 11.4.2.6 Қазақстандағы кеңестік білім беру жүйесін | |||
құндылықтарын сипаттайтын қазақ әдебиетінің маңызды жетістіктерін анықтау | реформалауды талдау, қайшылықтарын анықтау | жетістіктері | мен | |||
10.4.1.9 фольклор және зерттеушілер еңбектерінің негізінде дәстүрлі музыкалық мәдениеттің бастаулары мен ерекшеліктерін анықтау | 11.4.2.7 Қазақстан ғылымын дамытудағы Қазақ КСР Ғылым академиясының рөлін анықтау | |||||
10.4.2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды анықтау | 11.4.2.8 Кеңестік кезеңде ғылымның дамуына Қазақстанның көрнекті ғалымдарының қосқан үлесін бағалау | |||||
10.4.2.2 кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай келе, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау | 11.4.2.9 Кеңестік саяси жүйе жағдайында Қазақстан ғылымы дамуының қиындықтарын және қарама- қайшылықтарын талдау | |||||
10.4.3.1 Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды сипаттау | 11.4.3.1 Қазақстан Республикасының стратегиялары мен бағдарламаларын зерттеу негізінде білім және ғылым жүйесін жаңартудың алғышарттары мен маңызын талдау | |||||
10.4.3.2 халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру | 11.4.3.2 әлемдік білім мен ғылым кеңістігіне ену үшін инновациялық ғылыми және білім беру ұйымдарын құру маңыздылығын бағалау | |||||
10.4.3.3 ұлттық қорытындылау | мәдениет | туралы | білімді | 11.4.3.3 Қазақстан Республикасының "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасының елді жаңғыртудағы маңыздылығын талдау | ||
10.4.3.4 халықтың тарихи мәдени мұрасының маңызын зерттеуде "Туған жер" ұғымын қолдану | ||||||
- Осы оқу бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық- зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін әр тақырыптық бөлім білім алушылардың зерттеу жұмысымен аяқталады. Ұзақ мерзімді жоспарда зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.
- Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған "Қазақстан тарихы" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік
оқу бағдарламасына
қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған "Қазақстан тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
- 10-сынып:
Бөлім | Тарау | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары |
1-тоқсан | |||
Өркениет: даму ерекшеліктері | Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы | Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері | 10.1.1.1 "Орталық Азия" түсінігін аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану |
Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы | 10.1.1.2 әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу | ||
Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары | 10.1.1.3 Орталық Азия өркениеттері нің ежелгі ошақтарының ерекшелікте рін сипаттау | ||
"Ұлы Дала өркениеті | "Ұлы Дала": тарихи- географиялық сипаттамасы |
| |
Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі) |
| ||
Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті |
| ||
Орталық Азия және әлемдік өркениет | Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі |
| |
Зерттеу жұмысы | Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала | ||
2-тоқсан | |||
Этникалық және әлеуметтік процестер | Қазақ халқының шығу тегі | Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер |
|
Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы | Қазақтардың ру- тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары |
10.2.2.8 туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде "мәдени-генетикалық код" | |
ұғымын қолдану | |||
Қазақтардың ру- тайпалық құрылымының ерекшеліктері |
| ||
Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері |
| ||
Зерттеу жұмысы | Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы | ||
3-тоқсан | |||
Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан | Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттер | Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы |
|
Ұлы Дала көшпенділерінің империялары | Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері | 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуыныңтарихи кезеңдерін түсіндіру;
| |
Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері | 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
| ||
Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет | Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі | 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру; 10.3.3.1 Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау | |
Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси | 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру; | ||
институттары |
| ||
Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы | Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі |
| |
Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі | 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
| ||
Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы | 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттілік тің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
| ||
Зерттеу жұмысы | Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы | ||
4-тоқсан | |||
Мәдениеттің дамуы | Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы | Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері |
"мәдениет", "дала өркениеті", "материалдық мәдениет", "рухани мәдениет", "қолданбалы өнер", "мәдени мұра" ұғымдарын пайдалану;
- Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің сабақтастығын талдау |
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы |
| ||
Тарихи және мәдени ескерткіштер |
отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді | ||
классификациялау | |||
Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы |
| ||
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті | Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар |
| |
Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет | Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы |
| |
Зерттеу жұмысы | Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды | ||
- 11-сынып:
Бөлім | Тарау | Тақырып | Оқыту мақсаттары |
1-тоқсан | |||
Өркениет: даму ерекшеліктері | Қазақтардың тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі | Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы |
|
Қолөнер мен кәсіптер | 11.1.3.4 этнографиялық материалдардың қазақтарда қолөнер мен кәсіптердің дамуын сипаттау | ||
Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері | Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі |
| |
Экономикалық және мәдени өзара қарым- | 11.1.2.3 сауда-экономикалық қарым- қатынастар жүйесінде көшпелі және | ||
қатынас және өзара әсері | отырықшы халықтың өзара қарым- қатынасын сипаттау; 11.1.2.4 дереккөздер негізінде көшпелі және отырықшы халықтың мәдени өзара әсерін анықтау | ||
Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік- экономикалық дамуы | ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы |
| |
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы | 11.1.3.3 Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдерін талдау, олардың ерекшеліктерін анықтау; 11.1.4.4 мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттеу және Қазақстан Республикасы әлеуметтік- экономикалық даму болашағын болжау | ||
Зерттеу жұмысы | Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері | ||
2-тоқсан | |||
Саяси- құқықтық процестер | Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы | Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр - XX ғасырдың басы) |
|
Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы | 11.2.1.3 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін "депортация", "арнайы қонысаударылған дар", "полиэтникалық қоғам", "ұлттық саясат", "интернационализм" ұғымдарын пайдалану; 11.2.1.2 Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу; 11.2.1.4 Кеңестік кезеңде Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлесу ерекшеліктерін түсіндіру; | ||
Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты | Қазақстан Республикасының көші- қон саясаты |
| |
Ұлтаралық және конфессияаралық | 11.2.2.3 мемлекеттік стратегияларды және бағдарламаларды зерттеу негізінде | ||
келісімнің қазақстандық моделі | ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін бағалау | ||
Қазақстанның саяси- әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі | 11.2.2.4 Ұлттық бірлікті және қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін сипаттау | ||
Зерттеу жұмысы | Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры | ||
3-тоқсан | |||
Қоғамдық- саяси ойдың дамуы | Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ойдың эволюциясы | Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы |
|
Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық- саяси ойдың дамуы | 11.3.1.3 Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларын анықтау; 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау | ||
"Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары | 11.3.1.4 Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы "Зар-заман" өкілдерінің идеяларын түсіндіру; 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау | ||
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары | 11.3.1.5 XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси қызметін талдау; 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау | ||
"Алаш" –қоғамдық ой және ұлттық идея | "Алаш" ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері | 11.3.2.1 "Алаш" ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау | |
"Алаш" қозғалысы және қазақ революционер- демократтарының саяси көзқарастары | 11.3.2.2 Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастарын салыстыру; 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау | ||
"Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясы - ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын біріктіруші негіз | "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негізі | 11.3.3.1 "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау | |
Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары |
| ||
тұжырымдамасын" зерттеу негізінде мемлекеттің идеология саласындағы саясатын түсіндіру | |||
Зерттеу жұмысы | Қоғамдық-саяси ойдың біріктіруші рөлі | ||
4-тоқсан | |||
Білім мен ғылымның дамуы | Ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасы | Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы |
|
XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы | XVIII-ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы зерттеулер |
| |
XIX - ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы оқу орындарының қызметі |
| ||
Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары |
| ||
Қазақ КСР Ғылым академиясы – КСРО-ның ірі ғылыми орталығы |
| ||
Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы білім және ғылым жүйесі | Қазақстан Республикасы білімімен ғылымы дамуының мәселелері мен болашағы |
| |
11.4.3.3 Қазақстан Республикасы "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасының елді жаңғыртудағы маңыздылығын талдау | |
Зерттеу жұмысы | Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығына 18-қосымша | |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 202-қосымша | |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 420-қосымша |
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-
сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер
- Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).
- "Дүниежүзі тарихы" пәнін оқыту өткен тарихты ұғыну және қазіргі әлемде өз орнын, азаматтық ұстанымын және оқиғалар мен құбылыстарға деген қарым-қатынасын анықтап, олардың мәні мен бағытын түсіну арқылы тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған. Тарихты зерделеу патриотизмге тәрбиелеу, білім алушылардың бойында азаматтық-құқықтық сананың қалыптасуына, жалпы мәдениеттік даму, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы әлеуметтенуге септігін тигізеді.
- Дүниежүзі тарихы пәнін оқу оқушылардың әр түрлі тарихи кезеңдегі әлем тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі сұрақтары бойынша түсінік қалыптастыруды көздейді.
- Оқу пәнінің мақсаты - дүниежүзі тарихының негізгі оқиғалары мен процестерін оқу негізінде тарихи санасы қалыптасқан, азаматтық-патриоттық қасиеттерге ие, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, тарихи білім мен дағдыларын оқу процесінде және әлеуметтік жағдайда белсенді әрі шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
- Оқу пәнінің міндеттері:
- тарихи кезеңдегі қоғамдағы негізгі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени мәселелер туралы білімдерді қалыптастыру;
- тарихи кезеңдер бойы адамзат қалыптастырған патриотизмді, толеранттылықты, гуманистік ғұрыптар мен демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;
- әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру;
- оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы мен көзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни тұрғыдан зерттеу барысында, өткен және қазіргі таңдағы пікірталастық мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту;
- тарихи деректердің типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи материалды жіктеу дағдыларын дамыту;
- деректерді қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
- қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларын қолдана білу қабілетін дамыту;
-8) коммукативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, деректерден алынған ақпараттарды пайдалану.
- тарау. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
- "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
- 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
- 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
- "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінен білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
- Оқу пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды: 10-сынып:
- өркениет: даму ерекшеліктері;
- этникалық және әлеуметтік процестер;
- мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан;
- мәдениеттің дамуы. 11-сынып:
- өркениет: даму ерекшеліктері;
- саяси-құқықтық процестер;
- қоғамдық-саяси ойдың дамуы;
- білім мен ғылымның дамуы.
- "Өркениет: даму ерекшеліктері" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері;
- өркениеттердің жіктелуі;
- әлем өркениеттерінің тарихы;
- өркениеттердің өзара әрекеттесуі.
- "Этникалық және әлеуметтік процестер" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- антропогенез және этногенез;
- әлем тарихындағы этносаралық қатынастар;
- қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары.
- "Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер;
- әлем тарихының барысына әсер еткен әскери-саяси оқиғалар;
- революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде.
- "Мәдениеттің дамуы." бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары;
- өнер – қоғам дамуының бейнесі;
- қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары.
- "Өркениет: даму ерекшеліктері" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- экономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық;
- мемлекеттердің экономикалық дамуына табиғи-географиялық фактордың әсері;
- қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі.
- "Саяси-құқықтық процестер" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам;
- әлемнің қазіргі саяси жүйесі;
- қазіргі кездегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі.
- "Қоғамдық-саяси ойдың дамуы" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы;
- ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер;
- ХХ ғасырдағы- ХХI ғасырдың басындағы көрнекті саясаткер- реформаторлар.
- "Білім мен ғылымның дамуы" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
- білім алу бүкіл адамзаттық құндылық ретінде;
- ғылыми-техникалық прогресс;
- қазіргі заманғы ғылыми технологиялар.
- Оқыту мақсаттары әр тарау ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
- "Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша оқыту мақсаттары мен тәсілдерін тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктерге) негізделеді:
- дәлел;
- өзгеріс пен сабақтастық;
- себеп пен салдар;
- ұқсастық пен айырмашылық;
- маңыздылық;
- интерпретация.
- Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері:
- "Дәлел" бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден , қарама-қайшы айғақтарды талдайды;
- "Өзгеріс пен сабақтастық" бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды, сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;
- "Себеп және салдар" бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды, ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете
отырып тарихи себептілікті түсінеді, тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;
- "Ұқсастық пен айырмашылық" бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады;
- "Маңыздылық" бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды;
- "Интерпретация" бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.
- 10 - сыныпқа арналған "Дүниежүзі тарихы" пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
- өркениет: даму ерекшеліктері. Өркениет: зерттеудің теориялары мен тәсілдері. "Өркениет" түсінігі. "Өркениет" түсінігін зерттеудегі негізгі тәсілдер. Өркениеттердің жіктелуі. Өркениеттің дәстүрлі (аграрлы) түрі: отырықшы-егіншілік, көшпелі. Өркениет дамуының индустриалдық және постиндустриалдық кезеңдері. Қазіргі заманғы өркениеттің дамуына ақпараттық технологиялардың ықпалы. Әлем өркениеттерінің тарихы. Ежелгі әлем өркениеттері (Ежелгі Египет, Ежелгі Месопотамия, Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістан, Ежелгі Греция, Ежелгі Рим). Ежелгі діни наным-сенімдер (синтоизм, индуизм, иудаизм, зороастризм, манихейлік, даосизм). Ежелгі философиялық ілімдер (Платон, Сократ, Аристотель, Конфуций, Лао Цзы). Африка (бушмендер, нубийлер, Гана, Мали, Сунгай), Америка (майя, инктер, ацтектер) және Австралия мен Океанияның (полинезиялық, Таити аралының тайпалары, гавайлықтар) дәстүрлі өркениеттері. Әлемдік діндер және өркениеттің дамуы (буддизм, христиандық, ислам). Қазіргі заманғы әлемдік діндердің даму тенденциялары. Қазіргі заманғы деструктивті діни ұйымдар мен ағымдар. Өркениеттердің өзара әрекеттесуі. Өркениеттердің сауда- экономика саласындағы өзара әрекеттесулері (Ұлы жібек жолы, халықаралық ұйымдар: Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы(МЭЕҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО) және тағы басқалар. Өркениеттердің дипломатиялық саладағы өзара әрекеттесулері. Дипломатия өркениеттердің өзара жақындасу факторы ретінде. Өркениеттердің өзара әрекеттесуінің әскери-саяси аспектісі (жаулаушылық соғыстар, отарлық экспансия, әскери-саяси одақтар, дүниежүзілік соғыстар, қырғи-қабақ соғыс, жергілікті қақтығыстар, этносаралық қақтығыстар). Мәдениеттер диалогі (мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалдары);
- этникалық және әлеуметтік процестер. Антропогенез және этногенез. Адамның пайда болуы туралы теориялар (діни, ғарыштық, эволюциялық). "Этнос", "этногенез", "ұлт" ұғымдары. Этностардың пайда болуына байланысты теориялар. Әлемнің этникалық картасы: өткен заман және қазіргі уақытта (ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен ыдырауы, "ұлттық сана", этностардың ассимиляциясы, шағын этностардың проблемалары). Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар. Ұлтаралық қатынастар: мәселелер және қарама-қайшылықтар. Ұлтаралық қақтығыстардың себептері мен салдарлары (ұлтшылдық, шовинизм, нәсілдік кемсітушілік, нацизм). Этностардың бейбіт өзара әрекеттесуінің тәсілдері (халықаралық интеграция, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропа Одағы (ЕО), Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы(ТҮРКСОЙ), Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО), Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ), Қазақстан халқы Ассамблеясы және тағы басқалар). Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары. Социогез туралы теориялардың әртүрлілігі (формациялық тәсіл, өркениеттік тәсіл және тағы басқалар). Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары (қоғам ұйымдасуының қандық-туыстық, көршілік-аумақтық, макроэтникалық қағидалары). Қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясы;
- мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан. Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер. "Мемлекет", "билік", "басқару институты" ұғымдары. Мемлекеттің пайда болу теориялары (Аристотель, Платон, Конфуций, Ф. Аквинский, Н. Макиавелли, Дж. Локк, Т. Гоббс, Т. Джефферсон, Ф. Энгельс және тағы басқалар). Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін (монархия, республика, теократиялық мемлекеттер). Саяси режимдердің типтері (тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық). Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери - саяси оқиғалар. Антикалық дәуірдегі әлемдік империяларының қалыптасуы (Парсы империясы, Александр Македонский империясы, Рим империясы). Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары Батыс Рим империясының ыдырауы мен антикалық кезеңінен орта ғасырларға көшу процесінің бір факторы ретінде. Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары (Араб халифаты мен кресшілер мемлекеттерінің құрылуы мен ыдырауы). Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының әсері (Моңғол империясы, Алтын Орда, Әмір Темір империясы, Мәскеу мемлекеті, Құбылай мемлекеті, Ильханат). Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері (капиталистік дамудың жеделдетілуі, Еуропада либералдық әлеуметтік идеялардың таратылуы). Дүниежүзілік соғыстар және халықаралық қатынастар жүйесі: Версаль - Вашингтон, Ялта - Потсдам
жүйелері. Революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде. Буржуазиялық революциялар индустриалды қоғам қалыптасуының катализаторы ретінде (XVII ғасырдағы Ағылшын буржуазиялық революциясы, XVIII ғасырдағы Француз буржуазиялық революцияы, АҚШ- ғы тәуелсіздік үшін соғыс, Еуропадағы 1848 жылғы "ұлттар көктемі"). Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды тәсілі ретінде (1917 жылғы Қазан Социалистік революциясы, Қытайдағы 1946-1949 жылдардағы Азаматтық соғыс, 1959 жылғы Куба революциясы). Социалистік революциялар нәтижесіндегі қоғамдық құрылымының өзгеруі. Қазіргі заманның революциялары: себептері мен салдарлары (Шығыс Еуропадағы 1989-1990 жылдардағы "барқыт революциясы", Таяу Шығыстағы 2010-2011 жылдардағы "Араб көктемі", бұрынғы Кеңес Одағы елдеріндегі "түрлі-түсті революциялар"). Қоғам проблемаларын революциялық жолмен шешудің салдарлары;
- мәдениеттің дамуы. Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары. Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалуға бағытталған ЮНЕСКО- ның қызметі. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасының тізімі. Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы (Эрмитаж, Лувр, Британ мұражайы, Метрополитен, Жапония Ұлттық мұражайы, Египет мұражайы, Уффици галереясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы және тағы басқалар). Әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтау барысындағы мұражайлардың рөлі. Өнер – қоғам дамуының көрінісі. Тарихи процестер аясындағы өнердің бағыттары мен стильдері (абстракционизм, модернизм, постмодернизм, авангардизм, футуризм, кубизм, сюрреализм, экспрессионизм, гиперреализм, хайтек стилі және тағы басқалар). Өнердің бағыттары мен стильдерінің дамуына қоғамдық процестердің тигізетін әсері. Қазіргі кездегі өнердің даму тенденциялары. Бұқаралық мәдениет және оның қазіргі қоғамға тигізетін әсері (кино, радио, теледидар, интернет, спорт, музыка, қазіргі заманғы әдебиет, қазіргі заманғы бейнелеу өнері). Қазіргі қоғамның рухани- адамгершілік құндылықтары. Жалпыадамзаттық моральдық құндылықтардың қалыптасуы (діни және философиялық идеялар, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, фольклор, дәстүрлі музыка мен әдебиет, отбасылық құндылықтар). Тарихи оқиғалар аясындағы құндылықтардың өзгеруі (ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы, дүниежүзілік соғыстар, қырғи- қабақ соғыстың аяқталуы). Қоғамның адамгершілік құндылықтарды қайта бағалауына ықпал еткен ХХ ғасырдың тарихи оқиғалары. Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі (прагматизм, рационализм, шектен тыс дарашылдық, нигилизм, конформизм,
әлеуметтік апатия, тұтынушылық психология, діни фанатизм, неофашизм, бейресми жастар ұйымдары);
- 11-сыныпқа арналған "Дүниежүзі тарихы" пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
- өркениеттер: даму ерекшеліктері. Экономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық. Экономика және экономикалық жүйелердің типтері ("экономика" және "экономикалық жүйе" ұғымдары). Елдердің экономикалық дамуының ерекшеліктері. Дәстүрлі (аграрлық) экономика. Нарықтық экономика (либералды экономика). Жоспарлы (социалистік) экономика. Аралас экономика. Табиғи және географиялық факторлардың мемлекеттердің экономикалық дамуына тигізетін әсері. Табиғи және географиялық факторларға байланысты елдердің экономикалық мамандандырылуы (Парсы шығанағы елдері, Канада, Австралия, Түркия, Бразилия және тағы басқалар). Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары (Жапония, Израиль, Сингапур, Малайзия және тағы басқалар). Қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі. Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттердің біркелкі емес экономикалық даму мәселелері (бұрынғы отарлардың экономикалық дамуы, неоколониализм, шикізатқа бағытталған экономикалар). Мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлі;
- саяси-құқықтық процестер. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Құқықтық мемелекет ұғымы, принциптері мен қалыптасуының тарихи алғышарттары (мемлекеттік билікті бөлу принципі, заңның үстемдігі, құқықтар мен бостандықтардың кепілдігі). Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі (Адам мен азаматтың құқықтары туралы декларациясы, АҚШ-тың тәуелсіздік туралы декларациясы, АҚШ-та құлдықты жою туралы Заң, Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы). Азаматтық қоғамның түсінігі мен жалпы сипаттамасы (Үкіметтік емес ұйымдар, лоббизм, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар). Мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің қазіргі заманғы даму тенденциялары. Үкіметтік емес ұйымдар және олардың азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі. Әлемнің қазіргі саяси жүйесі. Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі. Халықаралық қатынастардағы Ялта-Потсдам жүйесінің ыдырау себептері. Әлемнің биполярлы жүйесінің ерешеліктері. Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесі. "Постбиполярлы жүйе", "көпвекторлы саясат",
"бірполярлы әлем" ұғымдары. Халықаралық қатынастардың қазіргі замандағы тенденциялары. Қазіргі кезеңдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі. Халықаралық қауіпсіздіктің қазіргі кездегі қауіп-қатерлері (сепаратизм, ланкестік, фундаментализм, экстремизм, босқындар мәселесі, ірі мемлекеттердің қарсыласуы). Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы мемлекеттердің бірлескен әрекеттері. Халықаралық және аймақтық ұйымдары: Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), НАТО, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК), Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы (ҰҚШҰ) және тағы басқалар;
- қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Жаңа замандағы және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы. Жаңа замандағы және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттары (либерализм, ұлтшылдық, социал- демократия, марксизм, экзистенциализм, прагматизм, позитивизм). ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер. Бостандық пен азаматтық құқықтар үшін күрес. М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы (сатьяграха, свараджа, свадеши). Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы (нәсілдік кемсітушілік, сегрегация, азаматтық құқықтар үшін күрес). Н. Манделла – апартеидке қарсы күресуші (апартеид, азаматтық құқықтар). ХХ ғасырдағы – ХХI ғасырдың басындағы көрнекті саясаткер- реформаторлар. Мемлекет тархындағы тұлғаның ролі. Мұстафа Кемал Ататүрік – Түрік Республикасының негізін қалаушысы (зайырлы мемлекет, этатизм). Франклин Делано Рузвельт және оның "жаңа бағыты". Ф. Рузвельттің бейбіт және соғыс кезіндегі ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктері. Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта өрлеуі (голлизм, Бесінші республика). Дэн Сяопин – көрнекті Қитай реформаторы ("қытайлық ерекшелігі бар социализм", "бір ел – екі жүйе"). Ли Куан Ю, Махатхир Мохаммад: "үшінші әлемнен бірінші әлемге" ("экономикалық ғажайып", "азиялық серпініс", жаңа индустриалды елдер). Н.Ә.Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі. "Қазақстан - 2030", "Қазақстан
- 2050" даму стратегиялары, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясы. Мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығы.
- білім мен ғылымның дамуы. Білім алу жалпы адамзаттық құндылық ретінде. Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері (пиктография, иероглифтер, сына жазу, руникалық жазу, кітап бастыру және тағы басқалары). Мектептегі білім беру: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін (гимнасия, палестра, академия, спарталық мектеп, схоластика, жеті "еркін өнер", мектебтер, медреселер, жексенбілік мектептер, қолөнер мектептері
және тағы басқалар). Мектептегі білім берудің заманауи модельдері. Жоғары білім беру жүйесі: тарих пен қазіргі кезең (Кордова, Прага, Оксфорд, Кембридж, Сорбонна университеттері және тағы басқалары). Ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлі. Жоғарғы білім берудің заманауи модельдері. Ғылыми-техникалық прогресс. Ғылыми- техникалық прогрестің тарихи кезеңдері. "Өнеркәсіп төңкерісі", "ғылыми- техникалық революция" ұғымдары. Қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау. Ғылыми- техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Қазіргі кездегі ғылыми технологиялар. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар. Қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсері. Қазіргі ғылымның перспективалық салалары (робототехника, космонавтика, гендік инженерия).
- тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
- Бағдарламада оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік санын көрсетеді. Мысалы,
- кодында "10" – сынып, "2.1." – бөлім мен бөлімше, "2" – оқу мақсатының реттік саны.
- бөлім:
- кодында "10" – сынып, "2.1." – бөлім мен бөлімше, "2" – оқу мақсатының реттік саны.
- Бағдарламада оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік санын көрсетеді. Мысалы,
10- сынып Өркениет: даму ерекшеліктері | 11- сынып Өркениет: даму ерекшеліктері | |||||
Білім алушылар: | ||||||
10.1.1.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "өркениет", "өркениет типі" терминдерін қолдану | 11.1.1.1 мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономика" және "экономикалық жүйе" ұғымдарын қолдану | |||||
10.1.1.2 "Өркениет" әдістерін түсіндіру | түсінігін | зерттеудің | негізгі | 11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу | ||
10.1.2.1 өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін түсіндіру | 11.1.1.3 мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін анықтау | |||||
10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау | 11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру | |||||
10.1.2.3 өркениеттің индустриалды түрінің ерекшеліктерін түсіндіру | 11.1.1.5 елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау | |||||
10.1.2.4 өркениеттің постиндустриалды дамуының ерекшеліктерін түсіндіру | 11.1.1.6 мемлекеттердің мысалында жоспарлы (социалистік) экономикаға тән белгілерін анықтау | |||||
10.1.2.5 ақпараттық технологиялардың қазіргі өркениеттің дамуына әсерін анықтау | 11.1.1.7 экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу | |||||
10.1.3.1 ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау | 11.1.2.1 мемлекеттер мен аймақтардың шаруашылық мамандануының қалыптасуындағы табиғи-географиялық фактордың рөлін негіздеу | |||||
10.1.3.2 ежелгі өркениеттердің дамуына діни наным- сенімдердің әсерін анықтау | 11.1.2.2 экономиканың географиялық шектеуші | дамуындағы факторларға | табиғи- төтеп | |||
берудің амалдарын зерттеу | |
10.1.3.3 мемлекет пен қоғамның дамуы туралы ежелгі философиялық ілімдерді зерттеу | 11.1.2.3 қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи- географиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау |
10.1.3.4 локальді өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау | 11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау |
10.1.3.5 аймақтардың өркениеттік ерекшеліктер трансформациясының себептерін анықтау | 11.1.3.2 өлшемшарттар негізінде мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу |
10.1.3.6 әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау | 1.1.3.3 мемлекеттердің кедейшілік мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетін зерттеп, оның тиімділігін анықтау |
10.1.3.7 әлемдік діндердің философиялық негіздерін түсіндіру | 11.1.3.4 мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау |
10.1.3.8 әлемдік діндер ілімдеріндегі жалпы адамгершілік құндылықтарды анықтау | 11.1.3.5 дамушы елдердің әлеуметтік- экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудің ықтимал жолдарын болжау |
10.1.3.9 қазіргі кездегі өркениет жағдайында әлемдік діндердің даму тенденцияларын анықтау | |
10.1.3.10 қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау | |
10.1.4.1 себеп-салдарлық байланысты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау | |
10.1.4.2 әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау | |
10.1.4.3 өркениеттерді жақындастыру факторы ретінде дипломатияның маңызын анықтау | |
10.1.4.4 қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау | |
10.1.4.5 ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін түсіндіру | |
10.1.4.6 отаршыл экспансия мен қазіргі замандағы жаһандық мәселелердің себеп-салдарлық байланысын анықтау | |
10.1.4.7 қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау | |
10.1.4.8 өркениеттердің жетістіктерін зерттей отырып, мәдениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалын сипаттау | |
10.1.4.9 жаһанданудың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтай отырып, оның қоғамның рухани дамуына әсерін бағалау |
- бөлім:
10- cынып Этникалық және әлеуметтік процестер | 11-сынып Саяси-құқықтық процестер |
Білім алушылар: |
10.2.1.1 антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау | 11.2.1.1 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "құқықтық мемелекет" ұғымын қолдану |
10.2.1.2 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "этнос", "этногенез", "ұлт" ұғымдарын қолдану | 11.2.1.2 құқықтық мемлекеттің қалыптасуының алғышарттарын зерттеу |
10.2.1.3 этногенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау | 11.2.1.3 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау |
10.2.1.4 Л.Н. Гумилевтің этностардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми көзқарастарының ерекшеліктерін зерттеу | 11.2.1.4 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асу ерекшеліктерін салыстыру |
10.2.1.5 әлем картасын пайдалана отырып әртүрлі тарихи кезеңдердегі этникалық процестерді түсіндіру | 11.2.1.5 қазіргі кездегі адам құқықтарының Жалпы Декларациясының маңызын негіздеу |
10.2.1.6 қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету себептерін анықтау | 11.2.1.6 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесі дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "азаматтық қоғам" ұғымын қолдану |
10.2.1.7 жаһандану жағдайындағы этникалық және мәдени лікті сақтаудың маңыздылығын негіздеу | 11.2.1.7 құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының байланысын анықтау |
10.2.2.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "ұлтшылдық", "шовинизм", "нәсілдік кемсітушілік" терминдерін қолдану | 11.2.1.8 азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлін анықтау |
10.2.2.2 ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау | 11.2.1.9 мемлекеттердегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау |
10.2.2.3 тарихи оқиғаларды талдау негізінде қазіргі кездегі ұлтаралық қатынастардың сипатын бағалау | 11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау |
10.2.2.4 ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау | 11.2.2.2 әлемнің биполярлы жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау |
10.2.2.5 қазіргі кездегі интеграциялық процестердің тиімділігін бағалау | 11.2.2.3 қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін "постбиполярлық жүйе", "көпвекторлы саясат", "бір полярлы әлем" ұғымдарын қолдану |
10.2.2.6 ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу | 11.2.2.4 тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау |
10.2.3.1 тарихи процестерді түсіндіру үшін "социогенез", "формациялық әдіс", "өркениеттік әдіс" ұғымдарын қолдану | 11.2.3.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "сепаратизм", "терроризм", "фундаментализм", "экстремизм", "миграция", "босқындар" терминдерін қолдану |
10.2.3.2 социгенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау | 11.2.3.2 сепаратизм, экстремизм және халықаралық лаңкестіктің таралу себептері мен салдарларын анықтау |
10.2.3.3 қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру | 11.2.3.3 халықаралық қауіпсіздік жүйесінің дамуының ықтимал нұсқаларын болжау |
10.2.3.4 қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу | 11.2.3.4 бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін талдау |
11.2.3.5 болжау | қауіпсіз | әлем | дамуының | ықтимал | жолдарын |
- бөлім:
10- cынып Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан | 11-сынып Қоғамдық-саяси ойдың дамуы |
Білім алушылар: | |
10.3.1.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "мемлекет", "билік", "басқару институты" терминдерін қолдану | 11.3.1.1 қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін "либерализм", "ұлтшылдық", "социал -демократия", "марксизм", "экзистенциализм", "прагматизм", "позитивизм" түсініктерін қолдану |
10.3.1.2 мемлекеттік құрылыстың ерекшеліктерін түсіндіру үшін мемлекеттің пайда болу теорияларын салыстыру | 11.3.1.2 қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын бағалау |
10.3.1.3 тарих контекстінде мемлекеттік құрылыс формасының өзгеруінің заңдылықтарын анықтау және талдау | 11.3.1.3 XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттеу |
10.3.1.4 мемлекеттердің тарихи түрлеріне тән белгілерін анықтай отырып, салыстыру | 11.3.2.1 Үндістанның қоғамдық-саяси даму идеологиясы ретінде "гандизм" ұғымын түсіндіру |
10.3.1.5 деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру | 11.3.2.2 Үндістанның ұлттық тәуелсіздікке жетудегі бейбіт жолмен қарсыласу идеяларының маңыздылығын анықтау |
10.3.1.6 тоталитарлық саяси режимнен қазіргі замандағы демократияға ауысудың ерекшеліктерін талдау | 11.3.2.3 қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау |
10.3.2.1 деректерді қолдана отырып грек- парсы соғыстарының мысалында ерте империялардың пайда болу процесін түсіндіру | 11.3.2.4 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымдарын қолдану |
10.3.2.2 антикалық дәуірде империялардың пайда болуының себептері мен салдарларын талдау | 11.3.2.5 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау |
10.3.2.3 эллинизмді таратудағы А.Македонскийдің жорықтарының рөлін бағалау | 11.3.2.6Оңтүстік Африка Республикасындағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "апартеид" ұғымын қолдану |
10.3.2.4 халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау | 11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау |
10.3.2.5 тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өтудің заңдылығын тұжырымдау | 11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "этатизм", "зайырлы мемлекет" ұғымдарын қолдану |
10.3.2.6 дәйекті қорытындылар жасау арқылы араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының себептерін анықтау | 11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі туралы қорытындылар жасау |
10.3.2.7 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының салдарларын салыстыру | 11.3.3.4 бейбіт және соғыс кезеңіндегі Ф. Рузвельттің ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтау |
10.3.2.8 моңғол шапқыншылығының | 11.3.3.5 Франциядағы әлеуметтік-саяси процестерді түсіндіру |
Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдау | үшін "голлизм" ұғымын қолдану |
10.3.2.9 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып моңғол шапқыншылығының салдарларын бағалау | 11.3.3.6 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу |
10.3.2.10 Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату | 11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін "қытайлық ерекшелігі бар социализм" ұғымын қолдану |
10.3.2.11 Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералды қоғамдық идеялардың таралуындағы маңыздылығын бағалау | 11.3.3.8 Қытай Халық Республикасы мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің себептерін талдау |
10.3.2.12 тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру | 11.3.3.9 тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы "экономикалық ғажайып" факторларын тұжырымдау |
10.3.2.13 Версаль-Вашингтон және Ялта- Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау | 11.3.3.10 Сингапур және Малайзия мысалында мемлекет модернизациясының ерекшеліктерін салыстыру |
10.3.2.14 дүниежүзілік соғыстар кезеңінде халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын талдау | 11.3.3.11 қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін бағалау |
10.3.3.1 аграрлы қоғамнан индустриалды қоғамға өту заңдылықтарын тұжырымдау | 11.3.3.12 "Қазақстан - 2030", "Қазақстан - 2050" стратегияларының мысалында мемлекет дамуының ұзақ мерзімді жоспарының тиімділігін дәлелдеу |
10.3.3.2 буржуазиялық революциялардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру | 11.3.3.13 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын ұсынудың өзектілігін негіздеу |
10.3.3.3 революциялардың жағымды және жағымсыз салдарларын бағалау | |
10.3.3.4 социалисттік революцияның мәнін түсіну үшін әлеуметтік теңдік идеясының даму кезеңдерін зерттеу | |
10.3.3.5 капитализмнен социализмге өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын анықтау | |
10.3.3.6 социалистік революциялардың нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерін түсіндіру | |
10.3.3.7 Шығыс Еуропадағы "барқыт" революцияларының мазмұны мен нәтижелерін талдау | |
10.3.3.8 "араб көктемі" және "түрлі-түсті революциялардың" ішкі және сыртқы факторларын анықтау | |
10.3.3.9 қоғамдық мәселелерді шешудің революциялық тәсілінің салдары жайлы қорытынды жасау |
- бөлім:
10- cынып | 11-сынып |
Мәдениеттің дамуы | Білім мен ғылымның дамуы |
Білім алушылар: | |
10.4.1.1 ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу жолдарын түсіндіру | 11.4.1.1 тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу |
10.4.1.2 ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіштерінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау | 11.4.1.2 адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау |
10.4.1.3 әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшеліктерін анықтау | 11.4.1.3 адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттау |
10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру | 11.4.1.4 мемлекеттердің әлеуметтік- экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдау |
10.4.2.1 қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін "абстракционизм", "модернизм", "постмодер- низм", "авангардизм", "футуризм", "кубизм", "сюрреализм", "экспрессионизм", "гиперреа- лизм", "хайтек" терминдерін қолдану | 11.4.1.5 мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру |
10.4.2.2 өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау | 11.4.1.6 жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу |
10.4.2.3 әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау | 11.4.1.7 ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін талдау |
10.4.2.4 өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау | |
10.4.2.5 бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау | 11.4.1.8 тарихи даму контекстінде жоғары білім беру жүйесінің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды анықтау |
10.4.3.1 деректерді талдау негізінде адамзаттың рухани-адагершілік құндылықтардың қалыптасу қайнар көздерін анықтау | 11.4.1.9 заманауи жоғарғы білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау |
10.4.3.2 дәйекті қорытындылар жасай отырып, қоғамның тарихи даму контекстіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мысалдарын зерттеу | 11.4.2.1 мемлекеттердің әлеуметтік- экономикалық дамуын талдау үшін "өнеркәсіп революциясы", "ғылыми- техникалық революция" ұғымдарын қолдану |
10.4.3.3 қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау | 11.4.2.2 әртүрлі мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының ерекшеліктерінің анықтап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылық- тарын анықтау |
10.4.3.4 қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарының маңызын түсіндіру | 11.4.2.3 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау |
10.4.3.5 жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау | 11.4.2.4 әлеуметтік-экономикалық |
процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін "ғылыми-техникалық прогресс" ұғымын қолдану | |
10.4.3.6 болашақтағы адамның моральдық бейнесін анықтай отырып, адамзаттың рухани-адамгершілік дамуының ықтимал жолдарын болжау | 11.4.2.5 қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми- техникалық прогресстің әсерін зерттеу |
11.4.2.6 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешудегі ғылыми- техникалық прогрестің дамуының ықтимал жолдарын болжау | |
11.4.3.1 қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу | |
11.4.3.2 адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжау | |
11.4.3.3 робототехника және космонавтиканың мемлекеттердің бәсекеге қабілетті дәрежесіне әсерін зерттеу | |
11.4.3.4 ғылымның заманауи тенденцияларының дамуын түсіндіру үшін "гендік инженерия", "нанотехнология", "энергияның балама көздері" ұғымдарын қолдану | |
11.4.3.5 жаңа ғылыми бағытттар жетістіктерінің әлеуметтік- экономикалық дамуға әсерін талдау | |
11.4.3.6 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлерінің дамуынның маңызын түсіндіру |
- Осы оқу бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану- математикалық бағыттағы
10-11-сыныптарына арналған
"Дүниежүзі тарихы"
оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-
сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар
- 10-сынып:
Бөлім | Бөлімше | Тақырып | Оқыту мақсаттары |
1-тоқсан | |||
Өркениет: даму ерекшеліктері | Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері | "Өркениет" түсінігі |
|
Өркениеттердің жіктелуі | Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: көшпелі және отырықшы- егіншілік |
| |
Өркениеттің индустриалдық даму кезеңі |
| ||
Өркениеттің постиндустриалды даму кезеңі |
| ||
Әлем өркениеттерінің тарихы | Ежелгі әлем өркениеті | 10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау;
| |
Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері | 10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау; 10.1.3.2 ежелгі өркениеттердің дамуына діни наным- сенімдердің әсерін анықтау;
| ||
Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы |
қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар | ||
мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау | |||
Өркениеттердің өзара әрекеттесуі | Өркениеттер әрекеттестігінің сауда- экономикалық аясы |
| |
Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық аясы |
| ||
Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы |
| ||
Мәдениеттер диалогі |
| ||
2-тоқсан | |||
Этникалық және әлеуметтік процестер | Антропогенез және этногенез | Адамның шығу тегі теориялары | 10.2.1.1 антропогенездің теорияларын жүйелеу және тұжырымдау |
Этностардың пайда болуытуралы теориялар |
| ||
Әлемнің этникалық картасы: өткен заманда және қазіргі уақытта |
| ||
Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар | Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама- қайшылықтары |
| |
Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік |
қазіргі кездегі интеграциялық процестердің | ||
тәсілдері | тиімділігін бағалау; 10.2.2.6 ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу | ||
Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары | Социогенез туралы теориялардың алуан түрлілігі |
| |
Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары |
| ||
3 - тоқсан | |||
Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан | Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер | Мемлекет түсінігі. Мемлекеттің пайда болу теориялары |
|
Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін |
| ||
Саяси режимдердің типтері |
| ||
Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери - саяси оқиғалар | Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы |
| |
Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде |
| ||
Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары |
| ||
Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының ықпалы |
| ||
Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері |
| ||
ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері |
| ||
Революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде | Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы |
| |
Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі ретінде |
| ||
Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары |
| ||
4 - тоқсан | |||
Мәдениеттің дамуы | Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары | Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі |
|
Әлемнің ең ірі | 10.4.1.3 әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, | ||
мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы | ерекшелік- терін анықтау; 10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру; | ||
Өнер – қоғам дамуының бейнесі | Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері |
| |
Зманауи өнердің даму тенденциялары |
| ||
Қазіргі қоғамның рухани- адамгершілік құндылықтары | Жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы | 10.4.3.1 деректерді талдау негізінде адамзаттың рухани-моральдық құндылықтарының қалыптасу қайнар көздерін анықтау | |
Тарихи оқиғалар контекстіндегі құндылықтардың өзгеруі |
| ||
Жаһандану жағдайындағы рухани- адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі |
|
- 11-сынып:
Бөлім | Бөлімше | Тақырып | Оқу Білім алушылар тиісті: | мақсаттары. |
1-тоқсан | ||||
Экономика және |
| |||
Экономикалық | экономикалық | |||
Өркениет: | жүйелердің | жүйелердің типтері | ||
даму | тарихи типтері: | |||
ерекшеліктері | өзгеріс пен сабақтастық | |||
Дәстүрлі (аграрлық) | 11.1.1.3 мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін анықтау; | |||
экономика | 11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы | |||
білімдерін пайдалана отырып, экономикалық | ||||
дамудың ерекшеліктерін түсіндіру | |||
Нарықтық экономика |
| ||
Жоспарлы (социалистік) экономика | 11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру; 11.1.1.6 мемлекеттердің мысалында жоспарлы (социалистік) экономикаға тән белгілерін анықтау | ||
Экономиканың аралас түрі | 11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру; 11.1.1.7 экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу | ||
Мемлекеттің экономикалық дамуына табиғи- географиялық фактордың әсері | Табиғи- географиялық факторларға қарай мемлекеттердің шаруашылық мамандандырылуы | 11.1.2.1 мемлекеттер мен аймақтардың шаруашылық мамандануының қалыптасуындағы табиғи- географиялық фактордың рөлін негіздеу | |
Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи- географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары |
| ||
Қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі | Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі |
| |
Жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілікке және экономикалық артта қалушылыққа төтеп беру жолдары | 1.1.3.3 мемлекеттердің кедейшілік мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетін зерттеп, оның тиімділігін анықтау;
| ||
2-тоқсан | |||
Саяси- құқықтық процестер | Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам | Құқықтық мемлекет түсінігі |
|
Құқықтық мемлекет принциптерінің | 11.2.1.3 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау; | ||
жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі |
| ||
Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы |
| ||
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдар |
| ||
Әлемнің қазіргі саяси жүйесі | Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі |
| |
Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесі |
| ||
Қазіргі кездегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі | Халықаралық қауіпсіздікке төнген қазіргі кездегі қауіп- қатерлер |
| |
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда мемлекеттердің бірлескен әрекеттері | 11.2.2.4 тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау;
| ||
3 - тоқсан | |||
Қоғамдық- саяси ойдың дамуы | Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы | Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттары |
|
11.3.1.3 XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттеу | |||
ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер | М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы |
| |
Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы |
| ||
Н. Манделла – апартеидке қарсы күресуші | 11.3.2.3 қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
| ||
ХХ ғасырдағы – ХХI ғасырдың. басындағы көрнекті саясаткер- реформаторлар | Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы |
| |
Франклин Делано Рузвельт және оның "жаңа бағыты" |
| ||
Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы | 11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
| ||
Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы | 11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау; 11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
|
Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммад: "үшінші әлемнен бірінші әлемге" | 11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау; 11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау
| ||
Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі | 11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;
| ||
4 тоқсан | |||
Білім мен ғылымның дамуы | Білім алу бүкіл адамзаттық құндылық ретінде | Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері |
|
Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін |
| ||
Жоғары білім беру жүйесі: өткені мен бүгіні |
| ||
Ғылыми- техникалық прогресс | Ғылыми- техникалық прогресстің тарихи кезеңдері |
| |
11.4.2.3 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау; | |||
Ғылыми- техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемалары |
| ||
Қазіргі заманғы ғылыми технологиялар | Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар |
| |
Қазіргі ғылымның перспективті салалары |
|