Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы » Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 3-15-58
Есепші бөлімі:
+7(72770) 3-15-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
15
февраль
2022

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14235 болып тіркелді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.09.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Түсіндірме жазба

      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14-баптарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелді) талаптарына сәйкес әзірленді.

      2. Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін қолайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында ұлттық салт-дәстүрлерге және жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік, физикалық және зияткерлік дайындығын қалыптастыру.

      3. Бағдарламаның міндеттері: баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды және олардың әлеуметтенуін қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, тәрбиелеу, дамыту және оқыту мндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, мектепке дейінгі ұйым, мектеп пен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру.

4. Бағдарлама мазмұны:

      1) күтілетін оқыту нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге;

      2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларын қамтамасыз етуге;

      3) бастауыш білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді жасауға;

      4) қимылды, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік және дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын соның ішінде ерте жастағы балаларда қалыптастыруға;

      5) тәрбие мен оқытудың психологиялық-педагогикалық жағдай жасауға;

      6) тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу қызметіне дайындыққа;

      7) "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыруға;

      8) креативтілікті, коммуникабельдікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

      5. Әрбір білім беру саласындағы күтілетін нәтижелер жартыжылдықтар бойынша берілген.

      6. Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының жас кезеңдерін ескере отырып, келесі жас топтарында іске асырылады:

1) бөбек жасы – 0-3 жас:

      нәрестелік жас – туғаннан бастап;

      ерте жас – 1 жастан бастап (ерте жас тобы);

      кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ);

      2) мектепке дейінгі жас – 3-6 жас:

      орта жас – 3 жастан бастап (ортаңғы топ);

      ересек жас – 4 жастан бастап (ересек топ);

      мектепалды жас – 5 жастан бастап (мектепалды тобы, мектепалды сыныбы).

      7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын тәрбиеленушілердің игеру мерзімі - 5 жыл.

      8. Бағдарлама меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлеріне және мектепалды даярлық сыныптарына ұсынылады.

Мектепалды топ/сынып (5 жастан бастап)

1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы

      158."Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру, қауіпсіз мінез-құлық негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

      159. "Денсаулық" білім беру саласын ұйымдастыру және өткізу балалардың өмірін қорғауға, денсаулығын нығайтуға және негізгі қимыл түрлерін қалыптастыруға бағытталған.

      160. Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы денешынықтыруға қызығушылықты, қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру болып табылады.

      161. Міндеттері:

      дене сапаларын қалыптастыру;

      тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына жаттықтыру;

      қимылды және командадағы жарыс сипатындағы ойындарды, негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл тәжірибелерін байыту;

      шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін дене шынықтырудың түрлі нысандарында дамыту;

      балалардың дене қалыптарының дұрыс дамуына, қимылдарының үйлесімділігіне, жалпақ табандылықтың аладын-алуға медициналық- педагогикалық бақылау жүргізу;

      ұлттық қимылды ойындарды өткізуге жағдай жасау.

2-параграф. І жартыжылдық

      162. Дене шынықтыру.

      Бұрын үйретілген жаттығуларды қайталау, бекіту, қимыл біліктері мен дағдыларын жетілдіру.

      Жалпы дамытушы жаттығулар. "Қол кеуденің алдында" қалпынан қолды жанына қарай созу, "қолды желкеге қою" қалпынан қолды жоғары көтеру және жанына қарай созу; қол саусақтарын айқастыру "құлып", алға-жоғары көтеру (алақанды сыртқа қарай айналдыру); қолды бір мезгілде жоғары-артқа және кезектесіп көтеру.

      Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-біріне беру, қолды алға созып оңға, солға бұрылу, гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсынан жіңішке тақтайшаны ұстап, алға еңкейіп, иілу, гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреліп тұрып, қолын белінің тұсына сай рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру, алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу, айқасқан қолдарын артына көтеру, екі жанына созылған қолдарын жоғары көтеру, тізерлеп тұрып, алға еңкею, отыру. 5 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).

      Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (5–6 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (5–6 рет). Топтасып отырған күйі алға, артқа "әткеншек" жасап домалау (5–6 рет), 3 метрге дейін қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу. Қолдарын алға созып, 6–7 рет қатарынан жартылай отырып, тұру. Аяқты кезекпен алға және жан-жаққа қойып, отыру; ұсақ заттарды аяқтың саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру.

      Негізгі қимылдар:

      1) жүру. Сапта бір қатармен,аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеру, заттарды аттап өту, түрлі қарқында, тәрбиешінің белгісімен тоқтау, қозғалыс бағытын өзгерту, шашырап, заттар арасымен, адымдап алға қарай жүру, қадамды алмастыра жүру, жүру мен жүгіруді қайталап кезектестіру;

      2) жүгіру: шашырап; жұптасып, бір қатармен, заттарды аттап, бір сызыққа қойылған заттар арасымен "жыланша" ирелеңдеп, кедергілерден өту арқылы, табиғи жағдайларда кедергілерден өту арқылы, түрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 мин тоқтаусыз жүгіру;

      3) секіру: бір орында тұрып, алға қарай 3–4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру, тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап; түзу бағытта (арақашықтығы 6 м); қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м), орнынан биіктікке, арқаннан, сызықтан аттап секіру, оң және сол аяғын кезектестіріп секіру, биіктіктен секіру, 20 см дейінгі биіктіктікке секіру;

      4) лақтыру, қағып алу, домалату: қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып, қос қолмен қағып алу (4–5 рет), допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату, допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу, 2–2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты дәлдеп лақтыру, допты екі қолымен бір- біріне (арақашықтығы 1,5–2 м) басынан асыра лақтыру, допты екі қолымен заттар арасымен жүргізу (арақашықтығы 4 м), алға қарай жылжып, қос қолмен допты лақтырып, қайта қағып алу (арақашықтығы 4–5 м);

      5) еңбектеу, өрмелеу. Биіктігі 40 см жіптің астынан қолды еденге тигізбей, бүйірімен еңбектеу, гимнастикалық орындық үстінде ішпен еңбектеу, көлбеу басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыдан ұстай отырып қайта түсу, гимнастикалық орындық астынан еңбектеу, доға астымен еңбектеу (биіктігі 50 см), доғаның астымен қолына допты ұстап еңбектеу (биіктігі 50 см), құрсаудың ішіне кіру(биіктігі 50 см), көлбеу басқышқа шығу, доғаның астымен төрт тағандап, допты басымен итеріп еңбектеу, кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан еңбектеу; қолды еденге, құрсаудың шетіне тигізбей оң және сол жақ бүйірімен топталып құрсаудың ішінен өту;

6) тепе-теңдікті сақтау. Заттардан аттап жүру, шектелген беткей үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру, орындық үстімен текшелерден аттап, қосалқы қадаммен арқан бойымен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге), әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан-қолға ауыстыра отырып орындық үстімен, кедір-бұдыр тақтай үстімен жүру;

      7) сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, сап түзеуден бір және екі, үш қатармен қайта тұру, бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу, қатарда – қолды алға, сап түзеп жүргенде және шеңбер жасағанда – қолды жан-жаққа созып тік тұру; оңға, солға бұрылу, тұрған орнында айналу.

      Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

      Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Бір қырымен тізе бүге отырып жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Түзу бағытта шоқырақтап жүру. Жұптасып, шеңбер бойымен қозғалу.

Спорттық жаттығулар:

      1) шанамен сырғанау. Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу;

      2) сырғанау. Өздігінен мұзды жолмен жүгіріп келіп сырғанау; сырғанау кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру;

      3) шаңғымен жүру. Оң және сол аяқтарымен сырғанай отырып, бірінің артынан бірі кезектескен адыммен алға жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Бір орнында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасау;

      4) велосипед, самокат тебу. Шеңбер бойымен және тура жолмен екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылу;

      5) жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимылдар жасау (жоғары және төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы денесімен деңгейлес созылған). Иек, көз деңгейіне дейін суға отыру, суға бетін батыру, суға үрлеу;

      6) судағы аэробика. Бұрылыстар жасай отырып, суда қимылдар жасау.

      Спорттық ойын элементтері:

      1) баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолмен допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүру;

      2) бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып қағып лақтыру;

      3) футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Доппен затты айналдыра жүру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу;

      4) хоккей. Берілген бағытта, қақпаға доптаяқпен шайбаны сырғанату, оны қақпаға енгізу.

      Дербес қимыл белсенділігі.

      Ойындарды дамытуға ықпал ететін, спорттық жабдықтармен және түрлі құралдармен қамтылған қозғалыстық ортаны жасау. Көпнұсқалық ойындар үшін кеңістікті ұйымдастыру. Құрдастарымен жарыстар ұйымдастыру, олардың ережелеріне бағыну дағдыларын қалыптастыру.

      Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Балалардың қарапайым су шараларын жүргізудің дербес дағдыларын бекіту. Ертеңгілік гимнастиканы таза ауада (10-12 минут) орындауға қызығушылықтарын ояту. Дене бітімін және аяқ өкшелерінің нығаюын қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      ертеңгілік гимнастиканың жаттығулар кешенін орындай алады, негізгі қимылдардың алуан түрлерін орындауда сандық және сапалық көрсеткіштерге ие;

      қозғалыс ойындарында ойын ережелерін сақтайды;

      бір қатарға қайта тұра алады, сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұра алады, бір орында бұрылады;

      спорттық ойын элементтерін және жаттығуларын меңгерген;

      гигиеналық шараларды дербес орындайды;

      шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді.

      163. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері.

      1) адамның дене құрылысы, оның маңызды мүшелері туралы білімдерін, жұқпалы аурулар туралы, аурулардың алдын алудың негізгі шаралары туралы түсініктерін қалыптастыру;

      2) негізгі азық-түлік тағамдары туралы білімдерін кеңейту. Үйде, көшеде, қоғамдық орындарда кейбір қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;

      3) өзінің және басқа балалардың ауырғанын сезінген жағдайда ересектерден көмек сұрауға үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      адамның дене құрылысы, маңызды мүшелері жайлы біледі;

      негізгі пайдалы азық-түліктерді атайды;

      аурулардың алдын алудың негізгі шаралары туралы түсінікке ие;

      үйде, көшеде, қоғамдық орындарда қауіпсіздіктің кейбір ережелерін біледі.

3-параграф. IІ жартыжылдық

164. Дене шынықтыру.

      Жалпы дамытушы жаттығулар. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басынан асыра қайта қою. Қолды алда шапалақтау және арқа артына қою. Қолдың білектерін айналдыру. Қолдың саусақтарын жазып, жұму.

      Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Шалқасынан жерде жатып, аяқты жоғары көтеру, велосипед тепкендей аяқты қимылдату. Тізерлеп отырған қалыптан оң және сол аяққа кезекпен салмақ түсіре отыру. Етпетінен жатып аяқты бүгу, қайта жазу (алдымен бір аяғын, содан соң екі аяғын бірге). Шалқасынан жату, етпетіне ауысу. Етпетімен жатып қолды жан-жаққа созу, иығын бүгу және аздап жоғары көтеру.

      Аяқтың басын таяққа, арқанға тірей отырып, өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6–8 см) табанның ортасын тірей отырып, бір қырындап жылжу. Табанды бүгу, түзулеу, айналдыру.

      6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді), екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (7–10 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (7–10 рет), топтасып отырған күйі алға, артқа "әткеншек" жасап домалау (7–10 рет), (5 метрге дейін) қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу.

Негізгі қимылдар.

      Бұрын үйретілген жаттығуларды қайталау, қимыл дағдыларын бекіту және жаттықтыру.

      1) жүру. Белгі бойынша бір қатармен бір-бірлеп, екінші жаққа бұрылу арқылы жүру, тізені жоғары көтере отырып секіргіштен аттау арқылы, доптан аттап бір жанымен, кегльдер арасымен жүре отырып, 40 см қашықтықта қойылған жіптерден оң және сол аяқты алмастыра отырып, аттап жүру;

      2) жүгіру. Заттарды аттап өтіп бір-бірден бір қатарда, тізені жоғары көтере отырып, бағытсыз ирелеңдеп, 2 мин. дейін заттардың арасымен үздіксіз жүгіру, жылдамдыққа, кегльдер арасымен жүре отырып, жүрумен алмастыра отырып 100–120 м қашықтыққа; белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (ұзындығы 20 м) жүгіру; қырлы бөренелерден аттау арқылы орташа қарқынмен бір-бірлеп бір қатарда жүгіру; үш қатарға қайта сап түзеу арқылы (жолай кегльді алу); баяулатып, сап түзеу арқылы жылдамдыққа ирелеңдеп жүгіру; қиылысқан жерлермен баяу жүгіру;

      3) секіру. Ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ыршып-ыршып, бір аяқтан екінші аяққа алға айналдыра отырып және қос аяқтап ыршып секіруді алмастырып алға, артқа секіру; бір орында және 6–8 м қашықтыққа алға қарай жылжу арқылы секіру; арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос аяқтап; екпінмен биіктікке; екпінмен ұзындыққа; бір орыннан ұзындыққа; қос аяқтап, аяқтың оң бүйірімен (3 рет), одан соң 180 градусқа бұрылып, сол бүйірімен секіруді жалғастыру;

      4) лақтыру, қағып алу, домалату. 4 м арақашықтықтан қапшықты тік нысанаға иықтан асырып, оң және сол қолмен лақтыру; допты бір қолмен еденнен ыршытып, қос қолмен қағып алу, бір қолымен жоғары лақтырып, бір қолымен қағып алу;

      5) еңбектеу, өрмелеу. Құрсауларды айналдырып, олардың ішінен өту; орындықтан еңбектеп өтуді жүрумен алмастыру. 3–4 доғаның астынан еңбектеп өту; гимнастикалық қабырғаның басына дейін сатыдан аттамай бір және бірнеше тәсілмен өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсу, арқаға қапшық қойып төрт тағандап еңбектеу, қырынан қойылған сатының тақтайшалары арасынан еңбектеп өту;

      6) тепе-теңдікті сақтау. Арқан, жіптің бойымен басына қапшықты қойып, бір жақ жанымен қырындап адымдап жүру; гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам қашықтықта қойылған толтырылған доптардан аттап жүру, бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу, көтеріңкі заттың үстімен жүру, көлденең және көлбеу бөрене бойымен жүру және жүгіру, "Қарлығаш" жаттығуын орындау;

      7) сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Сап түзеу және сапқа қайта тұрудың бұрын игерілген әдістерін қайталау және жетілдіру. Жүру барысында жұптасып және қайтадан бір қатарға тұру; педагогтың тапсырмаларын орындай отырып, жүру және жүгіру кезінде сапта тұрып бір қатардан үш қатар құру, қимыл процесінде жұптасу және қайтадан бір қатарға тұру, саптағы бір қатардан үш, төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.

      Музыкалық-ырғақты қимылдар.

      Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Түзу бағытта шоқырақтап жүру. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу. Жұптасып үйлесумен және айырылу арқылы сапқа қайта тұру. Басты екі жаққа еңкейту, "серіппелі" отырып-тұру арқылы қосалқы қадам басу, қолдың қимылдары бірге жасалады.

Спорттық жаттығулар:

      1) шанамен сырғанау. Шанамен төмен сырғанау кезінде тежеу. Бір-бірін сырғанату. Шанамен төбешікке көтерілу;

      2) сырғанау. Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау;

      3) шаңғымен жүру. Тікелей, шырша адымдармен төбешікке шығу. Еңкейіп төмен түсу. Шаңғыны өздігімен алу, орнына қою, кию, шешу, қолтығының астында алып жүру;

      4) велосипед, самокат тебу. Оң және сол аяқпен итеріліп, самокат тебу;

      5) жүзу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасынан екі аяқтап күшпен алға ұмтылу жаттығуын жасау. Шалқасынан және кеудесімен сырғанау, суға дем шығару. Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілмен жүзу;

      6) судағы аэробика. Бұрылыстар, секірулер жасай отырып судағы қимылдар, ернеуде тұрып, басқа да жалпы дамытушы жаттығуларды жасау.

      Спорттық ойын элементтері:

      1) "Городки". Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып, таяқты бір қырындап лақтыру. 3–4 пішінді білу. Қалашықты (2–3 м) және (5–6 м) аралықтан таяқ лақтырып құлату;

      2) баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты лақтыру. Ойынды командамен ойнауға үйрену;

      3) бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып, қағып лақтыру. Тәрбиешімен жұптасып ойнау;

      4) футбол. Жұптасып тұрып, допты аяқпен бір-біріне домалату, аяқпен қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу;

5) хоккей. Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне сырғанату.

      Дербес қимыл белсенділігі.

      Балалардың қимылды ойындарды дербес ұйымдастыруына жағдай жасау, игерген қимыл дағдыларын серуенде жетілдіру. Серуен өткізілетін орынды дұрыс жабдықтау.

      Қыс мезгілінде мұзды жолдармен сырғанауға, шаңғымен жүруге, хоккей ойындарына, шанамен сырғанауға, көктем, жаз мезгілдерінде велосипед тебуге, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарына жағдай жасау.

      Айына 1 рет сауық-кеш, денешынықтыру мерекелері жылына – 2 рет, қыста және жазда ұйымдастырылады.

      Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

      1) қарапайым су процедураларын жүргізудің дербес дағдыларын бекіту. Жергілікті процедуралардың температурасын біртіндеп төмендету;

      2) қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну. Балалардың денсаулықтарын ескере отырып, шынықтыру шараларына біртіндеп үйрету;

      3) ертеңгілік гимнастиканы (10-12 минут) орындауға қызығушылықтарын ояту, дене бітімін және аяқ өкшелерінің нығаюын қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      негізгі қимылдарды орындау техникасын меңгерген;

      балалар тобымен қозғалыс ойындарын ұйымдастыру дағдыларын игерген;

      спорттық ойындардың элементтерін орындайды, спорттық жаттығуларды орындау техникасын біледі;

      шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді;

      таңертеңгі гимнастиканы орындауға қызығушылық танытады;

      дене бітімін дұрыс қалыптастыру мен аяқ табанын нығайтуға арналған жаттығуларды орындайды;

      негізгі қимылдарды орындауда шығармашылық танытады.

      165. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері:

      1) өзіңді таны. Сезім мүшелері. Олардың қызметі. Өз дене мүшелеріне күтім жасау;

      2) тамақтану. Дәрумендер туралы білім. Су және оның ағзаға қажеттілігі. Азық-түліктер, оларды қолдану тәсілдері;

3) аурудың алдын алу. Табиғи факторлардың көмегімен шынықтыру. Ұйқы мен демалысты дұрыс ауыстыру – денсаулық кепілі. Зиянды және пайдалы әдеттер. Әртүрлі азық-түліктерді дайындаудың қарапайым тәсілдері және оларды қолдану. Өзінің және жолдасының сыртқы келбетіне қарап, денсаулық жағдайын анықтай білу, ересектерден көмек сұрау;

      4) өзіңе және өзгелерге көмектес. Шамалы жарақаттанғанда көмек көрсету ережесін білу. Дене шынықтыру жаттығулары арқылы босаңсу кезінде тыныштандыру кешені жайлы білу;

      5) табиғатты қорғау. Ағаштың түрлері туралы білу. Өсімдіктің түрлерін анықтай білу;

      6) әлеуметтік әлем. Үйде өзін қауіпсіз ұстаудың қарапайым ережелері. Төтенше қызметтердің телефондарын білу. Балабақшаның ойындық және спорттық орындарында құралдарды қажетіне қарай қолдана білу.

      Қоғамдық орындарда қарапайым мәдениеттілік және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгеру. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс қолдана білу (жедел сатылар, лифттер, әткеншектер).

      Күтілетін нәтижелер:

      маңызды мүшелердің қызметін біледі, азық-түліктердің атауларын және оларды қолдану тәсілдерін біледі;

      жұқпалы аурулар мен олардың белгілері туралы ұғымдарға ие;

      үйде, көшеде, қоғамдық орындарда қауіпсіздік мінез-құлық ережелерін біледі және атайды;

      өзінде және өзгелерде алғашқы ауру белгілерін байқаған жағдайда ересектерден көмек сұрай алады.

4-параграф. "Қатынас" білім беру саласы

      166. "Қатынас" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу негіздері, орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

      167. Мақсаты ересектермен және балалармен еркін қарым - қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, орыс тілін білу, оқу мен жазудың бастапқы дағдыларын меңгеруге дайындау, көркем әдебиетке қызығушылыққа баулу; балалардың шығармашылық белсенділігі мен бастамашылдығын дамыту.

      168. Міндеттері:

      коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдау және есту қабілеті, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға дайындау;

қазақ халқының және басқа халықтардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін құметтеуге тәрбиелеу;

      әрекеттердің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеуді дамыту;

      ойынды, биді қолдана отырып, көркем бейнені құруда шығармашылық дербестікті дамыту.

5-параграф. І жартыжылдық

      169. Сөйлеуді дамыту.

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:

      1) дыбыстарды дұрыс, анық айтуды бекіту, айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз г – ғ, л – р, ж – з, с – з, ж – ш, н – ң, х – һ дыбыстарын естуі бойынша ажыратуға және анық айтуға үйрету;

      2) дыбыстардың нақты артикуляциясын, интонациялық мәнерлігін қалыптастыру;

      3) берілген дыбысқа сөз таңдауға, сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыра білуге үйрету.

      Сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.

      Сөздік қор:

      1) балалардың сөздік қорын зат есімдермен, етістіктермен, сын есімдермен,сан есімдермен, үстеулермен, жұрнақтар және жалғаулармен байыту;

      2) алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну,оларды сөйлеуде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру;

      3) жалпылауыш сөздерді және зат есімдерді дұрыс қолдану біліктерін дамыту;

      4) қоршаған орта жайлы білімдерін, ұғымдарды қалыптастыру барысында сөздік қорды байыту және дамыту.

      Тілдің грамматикалық құрылымы:

      1) түбірлес сөздерді жасау және қолдану біліктерін, етістіктерді жалғаулармен қолдану, тілдік этикетті, жай және күрделі сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;

      2) интонациясына байланысты сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлеуде қолдана білуді жетілдіру.

      Байланыстырып сөйлеу:

      1) тыңдау және тілді түсіну дағдыларын қалыптастыру, диалог түрінде сөйлеуге үйрету. Негізгі ойды дұрыс жеткізуге, монологтық ойларын байланыстырып құра білуге, әнгімені бірізді және нақты айтуға, шағын сипаттау және хабарлау әңгімелерді құрастыруға үйрету;

      2) мазмұндылығын ескере отырып, балалардың диалогтік сөйлеуін дамытуға ықпал ететін тілдік ортаны құру.

      Шығармашылықпен сөйлеу қызметі.

      Шығармашылық әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару; сипаттау және хабарлау әңгімелерін шығару, байланысқан бірізді сюжетті құрастыру, сөйлегенде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.

Күтілетін нәтижелер:

      ана тіліндегі барлық дыбыстарды айта алады;

      дыбыстарды анық айтуды, интонацияны игерген;

      сөздерге дыбыстық талдау жасайды;

      алуан түрлі заттарды жалпылайды және сипаттайды;

      қоршаған орта туралы түсінігі бар;

      сурет бойынша сұрақтарға жауап береді;

      негізгі ойды дұрыс жеткізе алады;

      әңгімелерді бірізді айтып береді;

      әңгіменің жалғасы мен соңын құрастырады;

      сюжеттік суреттер бойынша әңгіме құрастырады;

      айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз дыбыстарды анық айтады.

      170. Көркем әдебиет:

      1) оқу, әңгімелеу. Шығармалардың эмоционалды-бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге баулу. Әдеби жанр түрлерін түсіндіру: ертегі, әңгіме, өлең. Балаларды шығарма кейіпкерлерімен таныстыру. Әдеби шығармалардағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы, қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру, қазақ халқының, ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті туралы ауыз әдебиеті шығармалары негізінде түсінік беру;

      2) мәнерлеп оқу. Балаларды дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға, балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу;

      3) мазмұндау. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды мазмұндауға үйрету;

      4) шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің әңгімесінің жалғасы мен соңын ойлап таба білуге, бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша құрастыруға, әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету;

5) балаларды театр мәдениетіне баулу.

      Келесі дағдыларды қалыптастыру:

      1) балалардың театр ойындарына оң көзқарастарын;

      2) таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналау;

      3) кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолдану;

      4) өзін - өзі көрсете білуде жеке шығармашылық қабілеттерін таныту.

      Балаларды:

      1) таныс сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға;

      2) жаңа ойын әрекеттеріне заттармен/ойыншықтармен таныс әрекеттерді жеткізуге;

      3) театрландырылған әрекеттің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ, клоун және тағы басқа) меңгеруге үйрету.

      Адамгершілік нормалары туралы түсінік.

      Келесі дағдыларды қалыптастыру:

      1) ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдени мінез-құлық дағдыларын;

      2) өз ойын айта білу, басқалардың пікірін тыңдай білу, ұл балаларға (мықты, батыл, еңбекқор және тағы басқа) және қыздарға тән мінез-құлық ерекшеліктерін (биязы, әдемі және тағы басқа) талқылау;

      3) әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалау.

      Күтілетін нәтижелер:

      баяндау сипатын сезініп, шығармалардың мазмұнын эмоционалды қабылдай алады;

      әдеби жанрларды ажыратады;

      өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды;

      мазмұнның жүйесін сақтай отырып, шағын шығармаларды айтып бере алады;

      әңгіменің соңын ойдан шығарады;

      кітаптарға қызығушылық танытады.

      таныс сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналай алады;

      кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолданады;

      ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын меңгерген;

      өз ойын айта алады, басқалардың пікірін тыңдайды;

әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалайды.

      171. Сауат ашу негіздері:

      1) "Сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.

      2) балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету. Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету;

      3) дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету;

      4) қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру және қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету. Сызбаларды (штрихтарды), жиектерді салуға үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      қалам мен қарындашты дұрыс ұстай алады;

      қатаң және ұяң дауыссыздарды ажыратады;

      үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды;

      сөздегі буындардың санын анықтайды және екпінді буынды естиді;

      штрихтар салу, заттық суреттердің үстінен басу дағдыларын игерген.

      172. Орыс тілі.

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:

      1) дыбыстарды дұрыс айтуды дамыту үшін ойын жаттығуларын қолдану;

      2) дауыс және артикуляциялық аппаратты, сөйлегенде тыныс алуды, анық дикцияны дамыту.

      Сөздік қор:

      1) ертегілерді, әңгімелерді оқу, мультфильм қарау кезінде кейіпкерлердің әрекеттерін талқылау арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту. Қоршаған ортадағы заттардың топтарын, жыл мезгілдерінің белгілерін және табиғаттың жеке құбылыстарын, заттарды көлемі мен түсі бойынша атай білуге үйрету;

      2) 10-ға дейін тура және кері санауға үйрету.

Тілдің грамматикалық құрылымы:

      1) балаларды зат есімнің жекеше және көпше түрлерін қолдана білуге, сөзді дыбыстап айту кезінде екпінді дұрыс қоюға үйрету;

      2) 4-5 сөзден тұратын сөйлем құрастыруға үйрету;

      3) күнделікті өмірде таныс сөздерді түсіну және қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

      Байланыстырып сөйлеу:

      1) орыс тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерін түсінуге және сөйлеу тілінде қолдануға, оларды дұрыс екпінмен анық айтуға үйрету;

      2) қарапайым сұрақтар қоюға және оларға жауап беруге дағдыландыру;

      3) өзі, ата-анасы туралы әңгімелеуге, мекен-жайын айтуға үйрету;

      4) өлеңдер, әндер, мақал-мәтелдер жаттау.

Күтілетін нәтижелер:

      орыс тіліндегі ызың (ж, з, с, щ) және үнді (р, л) дыбыстарды дұрыс айтады;

      күнделікті өмірде таныс орыс тіліндегі сөздерді түсінеді және қолданады;

      сөздерді айтқан кезде екпінді дұрыс қоя біледі;

      қоршаған ортадағы заттарды, жыл мезгілдерінің белгілері мен табиғаттың жеке құбылыстарын атайды;

      10-ға дейін тура және кері санай біледі;

      орыс тілінде сұрақ қояды және жауап береді;

      өзі, ата-анасы туралы әңгімелеп береді, мекен-жайын атайды;

      орыс тілінде өлеңдер, мақал-мәтелдер айтады;

      суреттер, экскурсиядағы бақылаулар бойынша шағын әңгімелер құрастырады.

6-параграф. II жартыжылдық

      173. Сөйлеуді дамыту.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:

      1) дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын дамыту және жетілдіру, дауыссыз г – ғ, л – р, ж – з, с – з, ж – ш, н – ң, х – һ дыбыстарды есту бойынша ажыратуға жаттықтыру;

      2) дыбыстардың сөздегі орнын, сөздегі буындардың санын,сөйлемдегі сөздердің санын анықтау дағдыларын қалыптастыру;

      3) сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыра білуді, берілген дыбысқа сөздерді таңдау, сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын дамыту. Сөздерді түрлендіруге сыни көзқарасын және қызығушылықты, дұрыс сөйлей білуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.

      Сөздік қор:

      1) жалпылаушы сөздерді қолдана білуді жаттықтыру, түрлі логикалық топтарға жататын заттарды атай білуге үйрету;

      2) сөйлемде көп мағыналы, синоним, антоним сөздерін қолдануға, белгілі бір затқа белгілерін таңдауға, затпен әрекет етуді және берілген әрекетке заттарды таңдай білуге жаттықтыру;

      3) қажетті сөздерді дұрыс түсінуді және қолдануды қалыптастыру, оларды сөйлегенде белсенді қолдануға үйрету;

4) сөзге қызығушылығы мен зейінін дамыту.

      Тілдің грамматикалық құрылымы;

      1) грамматикалық дұрыс сөйлеуді жетілдіру. Етістіктерді дұрыс қолдана білуге, сөздерге көптік, септік, жіктік жалғауларын дұрыс жалғай білуді бекіту. Балаларды зат есім, сын есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасауға жаттықтыру;

      2) сөздердегі дұрыс емес дауыс екпініндегі, дауыссыздардың ауысуындағы қателерді байқауды дамыту;

      3) сөздерді түрлі әдістермен құрай білу біліктерін бекіту; түбірлес сөздерді жасауды және қолдануды жаттықтыру, жай, күрделі сөйлемдерді, дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажырата білу, оларды сөйлеуде қолдану;

      4) көпше түрдегі зат есімдерді атау, ілік септіктерінде, етістіктерді бұйрық райда, сын есім мен үстеулерді салыстырмалы шақта, септелмейтін зат есімдерді дұрыс қолдануға үйрету.

      Байланыстырып сөйлеу.

Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттау, баяндау әңгімелері түрінде жеткізе білуге үйрету. Сөйлеу мәдениетіне үйретуді жалғастыру, таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету.

      Диалогты сөйлеудіқалыптастыру:

      1) өзіне арналған сөздерді тыңдап, түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін жаттықтыру;

      2) балаларды бір-бірімен еркін тілдік қарым-қатынасқа баулу;

      3) диалогты сөйлеу тілін дамытуға негіз болатын түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану;

      4) өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.

      Шығармашылық тілдік әрекет:

1) тәрбиешінің ұсынған тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен соңын ойлап табуға үйрету, ұсынылған тақырыптар негізінде бір-бірімен байланысқан мазмұн бойынша сипаттау және баяндау әңгімелерін құрастыруға, сөйлемдерінде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету;

      2) бақылағандары және суреттер бойынша әңгімелер құрастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      дыбыстарды дұрыс ажыратады және атайды;

      дыбыстарды буынға қосады, сөз тіркесі мен сөйлемді құрастырады;

      жай және жайылма сөйлемдермен ойын жеткізе алады;

      суреттерге сүйеніп ертегі, ертегілерді айтады;

      алуан түрлі оқиғаларды құрастырады және әңгімелеп бере алады, ертегілер ойлап шығарады;

      түрлі сөз таптарын, салыстыруларды қолданады;

құрдастарымен және ересектермен тілдік қарым-қатынаста еркін сұхбаттасады, өз сезімдері мен ойларын тілдік және тілдік емес құралдар арқылы жеткізеді;

      ізеттілік, сыпайылық ережелерін меңгерген.

      174. Көркем әдебиет:

      1) оқу, әңгімелеу. Мазмұнына, мәнерлеу құралдарына байланысты әдеби шығармаларды қабылдауға үйрету;

      2) мәнерлеп оқу. Саздылықты, ырғақтылықты сезінуге, өз дауысын басқара білуге, шығарманың мазмұнына өз көзқарасын білдіруге үйрету;

      3) мазмұндау. Шығарма мазмұнының мағынасына байланысты интонациямен мазмұндауға үйрету. Кейіпкерлерге және олардың іс- әркеттеріне өз ойын айта білу;

      4) бақылағандары және суреттер бойынша әңгімелер құрастыра білуге, шығармалардың мазмұны мен көркем туындылар түрінің арасындағы өзара байланысты көре білуге үйрету. Дербес әрекетте көркем тілдік дағдыларды қолдана білуді бекіту;

5) шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған тақырыбына сюжеттік және сипаттау әңгімелерін құрау кезінде меңгерген көркем - тілдік дағдыларын қолдана білуді бекіту.

      Келесі дағдыларды қалыптастыру:

      1) балалардың театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын;

      2) таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналау;

      3) театрландырылған өнердің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ, аңдар театры және бағы басқа) меңгеру;

      4) кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолдану;

      5) өзін көрсете білуде жеке шығармашылық қабілеттерін таныту.

      Балаларға келесіні меңгерту:

      1) театрландырылған әрекеттің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ, клоун және тағы басқа);

      2) драматизация ойындарының және режиссерлік театрландырылған әрекеттің алуан түрлерін (қуыршақ-марионеткалар, "жанды қолды" қуыршақтар, ұзын бойлы қуыршақтар).

      Адамгершілік нормалары туралы түсінік.

Келесі дағдыларды қалыптастыру:

      1) ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық;

      2) өз ойын айта білу, басқалардың пікірін тыңдай білу;

      3) адамның теріс қылықтарын көре білу;

      4) әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалау.

      Балалардың театр ойындары тәжірибелерін байыту.

      Күтілетін нәтижелер:

      әдеби жанрларды атайды;

      көркем мәтінді тыңдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады;

      мәтіннің мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды;

      шағын сахналық қойылымдарды ұжыммен көрсетуге қатысады;

      кітаптарға қызығушылық танытады, бірнеше белгілі әдеби шығармаларды, сондай-ақ қазақстан жазушыларының шығармаларын, халық ауыз әдебиеті үлгілерін атайды;

      таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналай алады;

      мәнерлілік құралдарын меңгерген;

жеке шығармашылық қабілеттерін танытады;

      режиссерлік әрекетке қызығушылық танытады;

      ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын меңгерген;

      өз ойын айта алады, басқалардың пікірін тыңдай біледі;

      әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалай алады.

      175. Сауат ашу негіздері:

      1) дыбыстық құрылымы әртүрлі үш және төрт дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру;

      2) сөйлем туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз);

      3) дыбыстардың белгілерін ажырату (дауысты-жуан/жіңішке; дауыссыз-қатаң, ұяң, үнді), оларды дұрыс атау;

      4) сөйлем құруға, сөздердің ретін көрсете отырып, жай сөйлемдерді сөздердің ретін көрсете отырып, жіктеуге жаттықтыру;

      5) сөздегі буындардың ретін анықтау; буындардан сөз құру (ауызша), жай сөздердегі дыбыстардың ретін көрсету;

      6) қолды жазуға дайындау. Жазу дәптерінің бетінде бағдарлай білуге, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету. Штрихтарды, жиектерді салуға және әріптердің элементтерін үстінен басуға үйрету.

      7) айналасындағыларға тілектестік қарым-қатынасты қалыптастыру, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін дамыту;

      Күтілетін нәтижелер:

      қалам мен қарындашты дұрыс ұстай алады;

жазу дәптерінің бетінде бағдарлай біледі, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажыратады;

      дыбыстардың белгілерін ажыратады (дауысты-жуан/жіңішке; дауыссыз-қатаң, ұяң, үнді);

      сөздердегі буындардың санын ажыратады және екпінді буынды естиді;

      үш-төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасайды;

      берілген сөздерден жай сөйлемдер құрастырады;

      штрихтар салады, заттық суреттерді және әріптердің элементтерін үстінен басу дағдыларын игерген;

      қарым-қатынас мәдениетінің дағдыларын игерген.

      176. Орыс тілі.

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:

      1) ойындардың және жаттығулардың көмегімен орыс тілінде үйренген дыбыстарды айтуға үнемі жаттықтыру;

      2) дауыс және артикуляциялық аппаратты, сөйлегенде тыныс алуды, анық дикцияны дамытуды жалғастыру.

      Сөздік қор:

      1) сөздік қорды кеңейту және байыту, қоршаған ортадағы заттардың топтарын, жыл мезгілдерінің белгілері мен табиғаттың жеке құбылыстарын атай білуге жаттықтыру;

      2) заттардың кейбір қасиеттері мен түстерін атауды бекіту;

      3) 10-ға дейін тура және кері санай білуге жаттықтыру;

7-параграф. "Таным" білім беру саласы

      177 "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны математика негіздері, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

      178. Мақсаты коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.

      179. Міндеттері:

      таным процестерін: зейінді, есті, қабылдауды, шығармашылық қабілеттерін, қиялды дамыту;

      ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін жаттықтыру (талдау, біріктіру, салыстыру, жалпылау,топтастыру, құрастыру, модельдеу,себеп-салдарлық байланыстарды анықтау), қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

      табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты, тірі табиғат нысандарына жанашырлық сезімді, қоршаған ортаға қарым-қатынасы бойынша өз әрекетінің кейбір қарапайым нәтижесін көре білуге жаттықтыру,

      сыни ойлау дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды дамыту: командада жұмыс істей білу дағдылары, өздерінің пікірлерін айту, басқа адамдардың пікірлеріне құрмет білдіру;

      экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру.

8-параграф. І жартыжылдық

180. Математика негіздері.

      Жиын.

      Сандар түрлі жиындардың көрсеткіштері екендігі және жиын түрлі элементтерден құрылатындығы жайлы түсінігін дамыту. "Бір" деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін таныстыру.

      Сан, санау.

      Математикалық терминдерді қолдана білуді, 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекілік негізінде 2, 3, 4, 5, 6 санының пайда болуымен таныстыру. 7 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету. 7-ден 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекі негізінде 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен таныстыру. 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.

      Шама.

      Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілей білуге, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.

      Заттарды түрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйрету. Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшейді және осы өлшемдер бойынша бірнеше заттарды салыстырады.

Сөйлеуде мына сөздерді қолдана білуді қалыптастыру: "үлкен – кіші", "үлкенірек – кішірек", "өлшемдері бірдей", "ұзынырақ – қысқарақ", "ұзындығы бойынша бірдей", "жоғарырақ – төменірек", "биіктігі бойынша бірдей", "тар-кең" "ені бойынша бірдей"; қалың, жұқа, "қалыңдығы бойынша бірдей"; жеңіл, ауыр, "салмағы бойынша бірдей"; "пішіні бойынша бірдей және әртүрлі"; түсі бойынша бірдей және әртүрлі.

      Беттестіру және тұстастыру, жұппен салыстыру әдістерін қолдана отырып, заттарды салыстыруға үйрету, заттар тобынан 2-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін затты бөліп алу.

      Геометриялық пішіндер.

      Дөңгелек және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшамен таныстыру. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.

      Геометриялық пішіндерді модельдеуге, заттарды тең және тең емес бөліктерге бөлуге, бүтін мен бөлікті салыстыруға, 8-10 бөліктерден пішіндерді жинастыруға, ауызша сипаттау бойынша пішіндерді құрастыруға үйрету.

      Кеңістікте бағдарлау.

Кеңістік ұғымдарын бекіту: заттың кеңістікте орналасуы (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа, сол бағытта.

      Уақытты бағдарлау.

      Уақыт ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру. Апта күндерін, айларды, жыл мезгілдерін атау кезінде оларды ретімен дұрыс айта білуге, циферблат бойынша уақытты анықтауды үйрету.

      Салмақты өлшеу.

      Заттардың салмағын өлшеміне қарай алдымен қарама-қарсы көрсеткішпен тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп анықтауға үйрету.

      Логикалық байланыстар мен заңдылықтарды қалыптастыру.

      Заттар тобынан 1-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін "артық" затты бөліп алу, пазлдарды жинау, логикалық ойын тапсырмаларын орындау және т. б.

      Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және сынық сызықтарды дәптердің тор көзіне сызуға үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

      10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі;

      заттарды түрлі белгілері (түсі, пішіні, өлшемі,материалы, қолданылуы) бойынша салыстыра алады;

      жазық және көлемді геометриялық пішіндерді біледі және атайды;

      қағаз бетінде бағдарлай біледі, апта күндерін, жыл мезгілдері бойынша айларды ретімен атайды;

      пазлдарды жинайды, логикалық ойын тапсырмаларын орындайды;

      заттардың салмағын алақанына салып өлшеп, олардың тең және тең еместігін анықтай алады.

      181. Құрастыру.

      Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру. Құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету.

      Келесі дағдыларды қалыптастыру:

      1) болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде нысан жасау;

      2) шамасы бойынша әртүрлі құрылыстардың нұсқаларын жасай білу;

      3) ұжымдық құрылыстар салу;

      4) түрлі үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан заттар құрастыру.

      Үлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің, қырлы бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі күрделі құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін үйрету.

      Қағаздан құрастыру.

      Қағазды ортасынан, төртке бөліп бүктеуге, түрлі бағытта, тегістеп бүктей білуге үйрету. 14 бірдей бөлікке қиғаштай бөлінген (бұрыштарының басын дәл қосу) ұсақ заттарды дайындауда шаршы қағазын бүктеу біліктерін қалыптастыру.

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.

      Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыру. Табиғи материалдардан ұсақ заттар дайындай білуге үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін атайды және ажыратады;

      шамасы бойынша әртүрлі құрастырулар жасай біледі;

      ұсақ заттар дайындауда шаршы қағазды бүктей біледі;

      құрастырудың бірнеше және қарапайым жинақтау тәсілдерін біледі, түрлі нәтиже алу үшін бір тәсілді ғана қолданады;

      түрлі материалдардан заттарды құрастырады, олардың атауларын біледі.

      182. Жаратылыстану.

      Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу. Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту, "өлі табиғат" ұғымы (тас, су, жел, күннің көзі, жаңбыр).

      Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Күзде табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

      Өсімдіктер әлемі:

1) балаларды бөлме өсімдіктерінің жаңа түрлерімен таныстыру: атауы, сыртқы түрі, құрылысы, күтім жасау тәсілдері. Өсімдіктерді (фикус, шырайгүл, барқытшөп) сипаттық белгілері бойынша атау және тани білу дағдыларын қалыптастыру;

      2) балалардың көкөністер мен жемістер, ағаштар туралы түсініктерін бекіту. Балаларды орман жидектері мен саңырауқұлақтарын тануға үйрету;

      3) бидай өсіру туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету.

      Жануарлар әлемі:

      1) Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдеріне тән белгілерді атай алу және ажырату дағдыларын қалыптастыру;

      2) жабайы жануарлардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Жылдың түрлі мезгілінде жануарлардың сыртқы келбеті мен өмір сүру салтының ерекшеліктерін атап көрсету және сипаттауға үйрету;

      3) жыл құстары мен қыстайтын құстар туралы білімдерін бекіту, оларды ажырата білуге және атын атауға үйрету;

      4) табиғат бұрышын мекендеушілер туралы (қалтауыз) білімдерін жетілдіру;

      5) табиғатты бақылау күнтізбесін жүргізе білуді қалыптастыру. Себеп-салдар байланыстарды орната білуді жетілдіру.

      Табиғатты қорғау:

      табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу;

өсімдіктердің өсуі мен дамуы туралы түсініктерін қалыптастыру;

      табиғат аясында болғанда экологиялық мәдениет ережелерінің бастапқы дағдыларына тәрбиелеу.

      Күтілетін нәтижелер:

      табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың бастапқы дағдыларын игерген;

      таныс материалдармен дербес эксперимент жасай алады;

      суреттерден орман жидектері мен саңырауқұлақтарын таниды және атайды;

      нанға, адамдардың еңбегіне құрметпен қарайды;

      Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін атайды және ажыратады;

      тірі нысандардың өсіп, өнуі үшін су, жарық, ауа, қорек және айналасындағылардың қамқорлығы қажет екенін анықтайды.

      қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат нысандарына қамқорлық танытады.