2020-2021 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының талдауы
2020-21 оқу жылындағы оқу-тәрбие
жұмысының талдауы
Мектеп ұжымы ұзақ мерзімге бағытталған «Оқыту мен тәрбиені нәтижеге бағыттау, фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру арқылы оқушылардың бойында құзыретті тұлға қалыптастыру» тақырыбында даму жоспарымен жұмыс жасады. Мақсаты: төтенше жағдайға байланысты педагог кадрлердің қашықтықтан оқыту бойынша біліктілігін арттыру; қашықтықтан оқытуға байланысты мұғалімдер мен оқушылардың білім платформаларын қолдану білігін функционалды сауаттылықты арттыруға бағыттау; білім сапасын жетілдіруде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жүйелі әрекетті қамтамасыз ету; педагог кадрлардың біліктілігін арттыра отырып, іс-әрекетті зерттеу жұмысын жетілдіру; сабақтағы әдіс-тәсілдерді оқушының өз бетінше білім алуына бағыттау және теориялық білімін өмірде қолдана білуге бағыттау; «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында құзыретті тұлға қалыптастыру.
Даму стратегиясы: жүйелі өзгеріс. Мектептегі оқыту мен тәрбие беру жүйелері, әдістері, басқару құрылымы оқушының өз бетімен жұмыс жасауына, шешім қабылдауына үйренуіне, құзыретті тұлға ретінде қалыптасуына бағытталады. Даму аспектілері: білім – қоғамның, адамның алдында тұрған нақты мәселелерді шешуге бағытталған; өз мақсаттарын қою, құрастыру, және оған жету тәсіілдерін таңдау; басқаларға кедергі келтірмей «осында және қазір» өмір сүруге үйрету; инновациялық қажеттілікті, яғни үнемі өзгерістер жағдайында өмір сүруді қалыптастыру; білімді өзінің болашақ мамандығына ұқсас қызмет барысында алады. Даму тенденциясы: тұлға дербес өздігінен жұмыс істеу іскерлігін жүзеге асырады; оқушының білсенділігі мұғалімнің белсенділігінен артық болады.Осы оқу жылында дамудың IV кезеңінен төмендегідей нәтижелерге жетіп, кедергілер анықталды.
Мектеп 1984 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мектеп екі ғимараттан тұрады. Жаңа қосылған ғимарат екі қабатты, жалпы жобалық қуаттылығы – 924 орындық, жалпы алаңы – 6811.1 ш.м.. Мектеп аралас тілде оқытылады. Мектептің жоғарғы сыныптарға арналған ғимараты 3 қабатты, ондағы бөлмелерінің саны – 25, бастауыш сыныптарға арналған қосалқы ғимараты 300 оқушыға арналып салынған, сынып бөлмелерінің саны – 12. Соңғы жылдары сырттан қоныс аударып көшіп келу салдарынан халық саны артып, көбеюде. Мектепке арақашықтығы 3-5 км болатын Наурыз, Бастау, Радио центр, МТФ орталықтарынан оқушылар келіп оқиды.
Қызметкерлердің және оқушылардың сандық және сапалық құрамындағы өзгерістер: мектепте 144 мұғалім жұмыс жасайды. Кәсіби біліктілігі бойынша 1 шебер, 2 мұғалім зерттеуші, 22 мұғалім сарапшы, 50 мұғалім модератор. Жоғары білімділер-139, аяқталмаған жоғары білімділер -5. І деңгей – 4, ІІ деңгей – 2, III деңгей – 9, «Жас мамандар» -21. Биылғы оқу жылының желтоқсан айында 1 сарапшы, 10 модератор біліктілігін, мамыр айында 3 зерттеуші, 10 модератор біліктілігін қорғап, әріптестеріміз аттестацияланды. Оқу жылының соңындағы есеп бойынша мектепті 1-11 сыныптарда 2045, мектепалды даярлық тобында 85 оқушы, барлығы 2130 бала аяқтады.
Қазақ және орыс сыныптарындағы жалпы білім сапасына тоқталсақ, қазақ сыныптары бойынша:
Қазақ сыныптарындағы:
2-4 кл 5-9 кл. 10-11кл.
587 885 141 оқушы саны
109 139 15- оқу озаттары
267 424 78-оқу екпінділері
64 % 64 % 64 % - білім сапасы
100% 100% 100%- үлгерім
Жалпы сапа – 64%
Орыс сыныптарында:
2-4 кл 5-9 кл. 10-11кл.
80 102 20 - оқушы саны
20 20 5- оқу озаттары
32 43 10-оқу екпінділері
65 % 62% 75 % -білім сапасы
100% 100% 100%- үлгерім
Жалпы сапа – 64%
Оқу озаттары –308, ол барлық оқушының 15,12 пайызын, оқу екпінділерілер саны –854 , ол барлық оқушының 41,92 пайызын құрады. Сонда мектеп бойынша 1137 оқушы, яғни барлық оқушының 45,4 пайызы орташа оқитындар болып тұр. Барлық қазақ, орыс сыныптары бойынша білім сапасы – 64%, үлгерім – 100%. Мектеп пайызының көрсеткішінен төмен сыныптар: 2ә, 3ж, 5е, 7б, 7в, 8а, 8д,10а
Жалпы 2020 – 2021 оқу жылындағы білім сапасы -64%.
«Мектепке жол» акциясын өткізу бойынша жыл басында іс-шарасы құрылды. І тоқсанда акция барысында тұрмысы төмен отбасынан шыққан 35 оқушы, көпбалалы отбасынан 60 оқушы анықталды. Мектеп әкімшілігі, мұғалімдері және «Арзан», «Евразия» дүкендері демеушілік етіп, жетім, жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан 77 оқушыға киім-кешек, оқу-құралдары, ноутбук, 2 оқушыға телефон, азық түлік ретінде 301 000 тг көмек көрсетілді. ІІ тоқсанда акция өткізу барысында демеушілер тартылып, жетім, жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан 17 оқушыға киім-кешек, азық түлік ретінде 202 000 тг көмек көрсетілсе, ІІІ тоқсанда 56 оқушыға киім-кешек, азық түлік ретінде 275 000 тг көлемінде көмек берілді. ІV тоқсанда акцияның жалғасқан жұмысы нәтижесінде 32 оқушыға 114 000 тг азық-түлік қоржыны ретінде көмек берілді. Жалпы оқу жылында көмек сомасы 692 000 тг құрады.
Жалпыға бірдей білім беру қорының комиссиясы мәжілісінің шешімі мен жетім, жартылай жетім, күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан білім алушылардың және мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылардың тізімі бекітіліп, тұл жетім-12, көпбалалы отбасыннан шыққан оқушы-221, жағдайы төмен-192 оқушы анықталды. ЖБББ қорынан аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және жетім 136 оқушы ІІІ тоқсан аяғынан бастап ыстық тамақпен қамтылып келеді.Жазғы мектеп барысында маусым айының 19-ына дейін 38 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.
Басқару нысанында мектептегі пәндер бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілерін, ата-аналар және «Жас ұлан» оқушылар ұжымын жоспарлау мен өзгерістерді жүзеге асыруға қатыстыру жақсы нәтиже көрсетті. Әдістемелік бірлестіктер мектептің мақсатына негізделген шараларды жүзеге асырып, ата-аналар қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуді түсіністікпен қолдады және оқушылар пандемия кезінде өзін-өзі басқаруды меңгере отырып, білім сапасын көтеруге жауапты тұлға екенін сезінді.
Мемлекеттік білім стандартының орындалуы бойынша өзгерістер:
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында мектептегі 1-11 сыныптарда критериалды бағалау жүйесі енгізілген.
Мақсаты: критериалды бағалау жүйесін енгізуде 1-11 сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету.
Күтілетін нәтиже: мұғалім, ата-ана, білім алушы арасындағы өзара байланыс нәтижесінде оқыту мен сабақ беру сапасы жақсарады. Оқушы өзі ізденіп нәтижеге жетеді, өз еңбегін, өзгенің еңбегін бағалауға үйретеді.
Бұл орайда мұғалім критериалды бағалау жүйесіне қатысты үдерістерді, рәсімдерді саралау тапсырмаларын, айтылым, тыңдалым, белсенді оқу дағдыларын дамытуды іске асырады. Ал оқушының оқу жетістіктері ілгерілейді. Ата-ана балаларының бағалары жайлы айқын ақпарат алып, оқу үдерісіне қатысады және баласының жан-жақты дамуына ықпал етеді. .
2020 жылы тамыз айында әрбір әдістемелік бірлестіктерде онлайн форматта ЖББ-ның негізгі құжаттарымен танысып, өзгерістерді талдап, пікір алмасты. Нұсқау хатта, білім стандартын негізге алып отыру қажеттілігін толықтай түсіну жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмысқа мектептегі 10 әдістемелік бірлестіктің жетекшілері мен бірлестік мүшелері түгел қатысты. Әрбір бірлестікке бекітілген директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Аубакирова Қ.Б., Абдубаева А.М., Досчанова А.С., Аяпова Б.Д., Шамилова Л.К. Макенбаева Қ.А., Калмангарина А.К. бақылау жасады. 24 тамызда «Балауса» бастауыш әдістемелік бірлестігінде «Қашықтықтан білім беруді ұйымдастыруда дидактикалық мүмкіндіктер » тақырыбында бірлестік жетекшісі Бейсембаева А. Е. ұйымдастыруымен вебинар өтті. Вебинар әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибелермен бөлісу мақсатына негізделді. Вебинарда мұғалімдер жаңа оқу жылына байланысты болатын өзгерістер туралы біраз мәліметтер алды. Атап айтар болсақ: ұстаздарымыз Алдашова А.Е мен Жумабекова С.К. «2020-2021 жаңа оқу жылындағы оқу бағдарламасының талаптары мен ерекшеліктерімен», Нурпейсова А.С "Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты жоспарлауда қойылатын талаптар" туралы, сонымен қатар Уралбаева Ж.С " Кезекші сынып бөлмесі, атқаратын қызметі, жұмыс жоспары" туралы таныстырылым жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Вебинарда қозғалған мәселелерге кері байланыс жасалып, қорытындыланды. Қыркүйек айында "Қашықтықтан оқыту жағдайында критериалдық бағалау жүйесін ұйымдастыру" тақырыбында онлайн-вебинар өтті. Вебинар мақсаты: бағалау жүйесін сапалы ұйымдастыру, бағалау рәсімдерін іске асыруға әдістемелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету. Бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері Маханова А.К. " Критериалды бағалау-өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылау негізі" және ағылшын тілі мұғалімі Абдраимова Б.А." Білімленд платформасының тиімділігі және сандық платформалар" туралы тәжірибемен бөлісті.Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Абдубаева А.М. және мектеп үйлестірушісі Досчанова А.С. " Қашықтықтан оқытуда критериалдық бағалау жүйесінің ерекшеліктері" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кері байланыс алаңы ұйымдастырылды. 26.09.2020 ж. "Қашықтықтан оқытуда нәтижелі сабақ құрастыруда сандық ресурстардың тиімділігі" тақырыбында іс-тәжірибелік алаң ұйымдастырылды. Сабақтағы іс-тәжірибесімен математика пәні мұғалімі Байболова С.Ж және ағылшын тілі мұғалімі Абдраимова Б.бөлісті.Мектеп координаторы А.С.Досчанова "Сабақ барысында формативтік бағалауды жүзеге асыру" тақырыбында формативті бағалау жүйесін сапалы ұйымдастыру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бастауыш сынып мұғалімі Саттарова Ж.кезекші сыныптардағы сабақ барысында бағалау процесінің жүргізілуі туралы іс- тәжірибесімен бөлісті. Директордың оқу- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Абдубаева А.М. мұғалімдермен кері байланыс алаңын ұйымдастырып, әдістемелік көмек көрсетті. 28.09.2020 жылы «Жасыл желек» химия, биология, география пәндері бірлестігінің жетекшісі С.Б. Сарбекбаеваның ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту жағдайында қалыптастырушы бағалаудың ерекшелігі» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарда сабақ барысында оқу тапсырмаларын 10 балдық жүйеде бағалау,оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының көлемімен жұмыс жүргізу ережесімен таныстып, оқушылармен кері байланыс жүргізуде оқу жетістігі бойынша балл қою арқылы бағалау жұмыстары қамтылды. 12.10.2020 ж.мектеп координаторы Досчанова А.С. ұйымдастыруымен жас мамандарға БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында онлайн конференция өткізілді. БЖБ, ТЖБ өткізу туралы әдістемелік ұсынымдармен таныстырды.Жас мамандармен кері байланыс алаңы ұйымдастырылды. 17.10.2020 ж. мектеп координаторы Досчанова А.С. мұғалімдерге ТЖБ тапсырмаларын құрастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында онлайн конференция өткізілді. ТЖБ өткізу туралы әдістемелік ұсынымдарға, сонымен бірге ТЖБ талдау үлгісіне тоқталды. Мұғалімдермен кері байланыс алаңы ұйымдастырылды. 12.12.2020 жылы «Желілік қоғамдастық» аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру және сабақ үдерісіндегі бағалау жүйесінің жүргізілуі барысы туралы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Онда бастауыш сынып мұғалімі Маханова А.К. «Оценивание на уроке в новом формате-ключ к эффективному уроку» тақырыбында коучинг, Байниязова К.Ж. «Бағалауда белсенді әдістердің оқушы ынтасын көтерудегі ролі» тақырыбында шебер сынып көрсетті. Тренинг барысында директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Абдубаева А.М. кері байланыс жүргізіп, өткізілген коучинг пен шебер сыныптың маңыздылығы мен өзекті мәселелерін атап өтті. Кері байланыс барысында ұстаздарымыз өз ойларымен бөлісіп, құнды пікірлерін жеткізді. 08.01.2021 ж. оқу мен оқытудағы қолданылатын жаңа әдістерді меңгерту мақсатында мектеп тренері Есенаманова А.Қ. «Оқу мен оқытудағы жаңа әдістер» тақырыбында жас мамандар арасында іскерлік ойын өтті. Маман ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдірді, ҚМЖ құрастыруда әдістерді тиімді қолдану қабілеті дамыды, мұғалімдер мен оқушылардың қатынасын жақсарт уға бағытталған дағдылар, әдіс-тәсілдер, жұмыс түрлерін меңгерді және өзара тәжірибе алмасты. 15.01.2021 ж. Тұлға қалыптастыруда өз бетімен жұмыс жасау, әдістерін сабақта тиімді қолдану, әріптестер қоғамдастығында іс-тәжірибе бөлісу мақсатында мектеп тренері Утегенова С.М. «Критериалды бағалау-сапалы білім негізі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сабақ беру сапасын арттыруда бағалаудың тиімді әдістерін қолдану арқылы өзін және өзгелерді бағалайтын, сыни тұрғыда ойланатын, ойын еркін айтатын тұлғаны дамытты, әріптестер қоғамдастығын жақындастырды; нәтижені сапалы білімге бағыттады. 30.01.2021 ж. мұғалімдер арасында критериалды бағалауда іс-тәжірибе бөлісу мақсатында, тапсырмаларға бағалау критерийлерін , дескрипторларды құрастыру мақсатында, ТЖБ барысында спецификацияны қолдануды ұйымдастыру мақсатында математика пәні мұғалімі Байболова С.Ж. «Оценивание. Крмитерии успеха.» тақырыбында шебер-сынып өтті. Бағалау критерийлері мен дескрипторларларды құрастыру бойынша өз білімдерін жетілдірді, оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтады, оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізді. 04.02.2021 ж. мұғалімдердің критериалды бағалауға қатысты көзқарастарын анықтау мақсатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С . Досчанова мұғалімдерден сауалнама алды. Сауалнамаға 87 мұғалім қатысты. Сауалнама арқылы мұғалімдердің критериалды бағалауға қатысты көзқарастары анықталды. 12.02.2021 ж. Құзыретті тұлға қалыптастырудағы ата-ана мен мұғаліммен ынтымақ орнату, мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру мақсатында мектеп тренері Маханова А.К. ата-аналармен «Құзыретті тұлға қалыптастырудағы ата-ана мен мұғалімнің ролі» тренинг ұйымдастырды. Құзіретті тұлға қалыптыстыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалануды ұғынды, тиімділігіне көз жеткізді. Оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда ата-ананың міндетін, ұстаздық жауапкершілікті түсінді. Наурыз айында орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сейтимбетова З.М. аудандық вебинар «Желілік қоғамдастықтағы әрекеттесуден-мектептің әдістемелік жұмыс моделін жетілдіру» жобасы аясында «Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы күтілетін нәтижеге бағыттау» тақырыбында 3-базалық шебер сыныптар алаңына қатысып өз тәжірибесімен бөлісті. 15.03-19.03.2021 ж. аралығында 2,3,4 бастауыш сыныптары мен 5-11 сыныптардан ТЖБ жұмыстарының талдаулары мен модерация жұмыстары жинақталды. 25.02-02.03.2021 ж. аралығында пән әдістемелік бірлестіктерінде «Спецификацияға негізделген жиындық бағалау тапсырмаларын құрастыру» тақырыбында вебинарлар өткізілді. Вебинар барысында пән мұғалімдері өздері дайындаған жиындық бағалау тапсырмаларын ұсынды. Сарапшы-бақылаушылар, мектеп үйлестірушісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары тарапынан кері байланыс алаңы ұйымдастырылды және әдістемелік көмектер ұсынылды. 11.03-19.03.2021 ж. аралығында критериалды бағалау жүйесінің орындалу барысын қадағалау мақсатында мектеп әкімшілігі бірлескен түрде және жеке жалпы саны онлайн 68, офлайн 36 сабаққа қатысты. Қажетті ұсыныстар мұғалімдерге жеке ескертілді. 09.04.2021 ж. 4-9-11 сынып оқушыларының қашықтықтан білім беру мазмұнына көшудегі өзгерістермен онлайн-ата-ана жиналысында ата-аналармен таныстырылым жұмысы жүргізілді. Таныстырылымға 90 ата-ана және мектеп әкімшілігі түгел қатысты. 14.04.2021 ж. қашықтықтан жаңартылған мазмұнда білім беруде оқу және оқытудағы жаңаша тәсілдермен таныстыру мақсатында орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Омиргожаева К.К. «Оценование-важный фактор успешного обучения» тақырыбында ата-аналармен онлайн-жиналыс өтті. Вебинарға 88 ата-ана қатысты. 29-30.04.2021 ж. пән бірлестіктері арасында «БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын құрастыру жолдары» тақырыбында вебинарлар ұйымдастырылды. Вебинарға мектеп үйлестірушісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, кері байланыс алаңын ұйымдастырды. Сарапшы-бақылаушылар әр пән бірлестігінде БЖБ,ТЖБ тарсырмаларын құрастыру бойынша қосымша әдістемелік көмектер ұсынды. 05.05.2021ж. «Қашықтықтан оқыту жағдайында БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құру, платформалар арқылы өткізуді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн вебинар ұйымдастырылды. Вебинар мақсаты: әдістемелік ұсынымдардың ерекшеліктерімен таныстыру, тиімді платформалар арқылы жиындық бағалау жұмыстарын өткізуді ұйымдастыру. Вебинарда әдістемелік ұсынымдар ерекшеліктерімен таныстыру, қашықтықтан оқыту жағдайында БЖБ, ТЖБ жұмыстарының жүргізілу барысы мен құрылған тапсырмаларды саралау жұмыстарын бағалаудың тиімділігін қалыптастыру бойынша пікір алмасты. Сонымен бірге, БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын алуда Kundelik.kz, Google форма платформалары, Білімленд платформасы арқылы берудің тиімділігі жайлы тәжірибелерімен алмасты. Powtoon, Рadlet, Microsoft Office платформалары арқылы сабақты ұйымдастыру туралы бөлісті. Вебинарға 96 мұғалім және мектеп әкімшілігі қатысты. 17.05-24.05.2021 ж. аралығында 2,3,4 бастауыш сыныптары мен 5-11 сыныптардан ТЖБ жұмыстарының талдаулары мен модерация жұмыстары жинақталды. 03.04-25.05.2021 ж. аралығында критериалды бағалау жүйесінің орындалу барысын қадағалау мақсатында мектеп әкімшілігі бірлескен түрде және жеке жалпы саны онлайн 40, офлайн 25 сабаққа қатысты. Қажетті ұсыныстар мұғалімдерге жеке ескертілді.
11- сынып оқушыларының ҰБТ қорытындысына тоқталсақ: 06.05-12.06.2021ж аралығында 11 А, Ә, Б, В сынып түлектері Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылындағы Үшқоңыр ОМ кешенді түрде ҰБТ-ті тапсырды. ҰБТ-ға барлығы 55 оқушы қатысып, оның ішінде 9 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Олар: Жанабаева А., Имаматдинов Г., Махмутова Д., Түгелов Ж., Абдубай Н., Сарсенғали Е., Бөлекбай А., Шамилова М., Ульфанова Я. 2021 жылдың 06 мамыр және 12 маусым күндері 11 А,Ә,Б,В сыныптары Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылындағы Үшқоңыр орта мектебінде өткізілген Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден сынақ тапсырды. Барлығы қатысқаны – 55 оқушы. 9 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер: Жанабаева Аружан Ермековна-89, Имаматдинов Габит Азаматович-98, Махмутова Дильназ Маратқызы-98, Тугелов Жарас Талғатұлы-127, Абдубай Нұрай Ерікқызы-90, Сарсенғали Ержан Нұрланұлы-103, Бөлекбай Аружан Ынтымаққызы-73, Шамилова Мадина Муратовна-90, Ульфанова Ясмина Зиядыловна-105 ұпай жинады. Шығармашылық таңдаған оқушылар -13. Олар: Еркін Сәулет, Смандияр Данияр, Исабек Азамат, Қанатбаев Исламбек, Қасимова Аяулым, Акбергенов Умрбек, Куралбаева Шынар, Керимбаева Шынар, Нусупбалиева Дильнур, Нурдаулет Амина, Сапарова Сакыпжамал, Қыдырбаев Жанас, Зейналова Аида. 06.05-12.06 2021 күнгі ҰБТ – дан 100 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар–4: Тугелов Жарас-121 балл, Кабылова А-108, Ульфанова Ясмина-105, Сарсенгали Ержан-103. 50 бал мен 100 балл арасында нәтиже көрсеткен оқушылар-26. ҰБТ–дан шекті балдан төмен нәтиже көрсеткен оқушылар-50 балдан төмен -10 оқушы. Шекті балдан төмен нәтиже көрсеткен оқушылардың пән мұғалімдері: Математикалық сауаттылық-Убаниязова Р, Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы, Абдубаева Ш.А. Байкелова Л. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде оқу сауаттылығынан орта ұпай – 16,4 оның ішінде төменгі көрсеткішті көрсеткен оқушы жоқ. Математикалық сауаттылықтан орта ұпай – 7,2, қатысқан оқушы 42 оның ішінде 8 оқушы 5 ұпайдан төмен ұпай жинады. Баймен Л-3, Болатхан Ж-2, Орунбаев Н-4,Мырзахан Р-4, Баймуратова -3, чоканова Н-4, Айтуғанова Ұ-4, Адилбаев Асылбек-3 ұпайды көрсетті. Қазақстан тарихынан – 16,4 орта ұпай. Төмен ұпай алған- 12: Айтуғанова Ұлманай -4, Юлдаш Жансая -2, Утегенова Гулжанат -2, Кыдырбаев Жанас -3, Керимбаев Бауыржан -3, Абдулла Құндыз -4, Смандияр Данияр -2, Орунбаев Нурлан -4, Каримова Асел -2, Жангали Айбол -3, Еркін Саулет-2, Ержұма Ақниет -4 ұпай жинады.
І таңдау пәндері бойынша: Математика пәнінен орта ұпай – 17,7 қатысқаны 14 оқушы, төмен ұпай жинаған Каримова Асел-8, Ержұма Ақниет-4, Қанат Ерасыл-6, Орунбаев Н-4; Физикадан – орта ұпай 14,5 қатысқаны 14 оқушы, төменгі ұпайды алған оқушы Қыдырқұл Фарида -4, Орунбаев Нурлан -9 ұпай; Географиядан – 20,6 ұпай, таңдаған 4 оқушы, төмен ұпай алған оқушы жоқ; Ағылшын тілі: 18,9 ұпай, 13 оқушы, төмен ұпай алған оқушылар: Утегенова Г-6, Жалғауова Әйгерім -8 төмен балл жинады; Қазақ тілі пәнінен орта ұпай – 22 қатысқаны 2 оқушы, оның ішінде төмен балл жинаған оқушы оқушы жоқ.
ІІ таңдау пәндері бойынша: Қазақ әдебиет пәнінен орта ұпай – 21,5 қатысқаны 2 оқушы, оның ішінде төмен балл жинаған оқушы жоқ. Дүние жүзі тарихынан – 13,7 ұпай, 17 оқушы таңдады, төменгі ұпайды алған оқушылар Баймуратова Айсұлу -8, Утегенова Гулжанат -6, Айтуғанова Ұ-9,Адилбаев Асылбек-10, Ерсін Ақжол-10 , Нысанбаева Жансая -11, Жалғауова Әйгерім -10 балл алды. Биология – 22,5 ұпай, 8 оқушы таңдады, төмен балл жинаған оқушы жоқ. Химия- орта ұпай 25,5. Таңдаған оқушы- 7, төмен ұпай жинаған оқушылар: Болатхан Жансая -8, Абдулла Құндыз-11 ұпай жинады. Барлығы 11 сыныптар бойынша орта ұпай – 58,2.
Бірінші гранд тест 11 сыныптары бойынша:
№ | Пән аттары | Орта ұпай |
1 | Қазақстан тарихы | 7,6 |
2 | Математикалық сауаттылық | 7,2 |
3 | Оқу сауаттылығы | 16,4 |
4 | Биология | 22,5 |
5 | Математика | 17,7 |
6 | Физика | 14,5 |
7 | Ағылшын тілі | 18,9 |
8 | Дүниежүзі тарихы | 13,7 |
9 | География | 20,6 |
10 | Қазақ тілі | 22 |
11 | Қазақ әдебиеті | 21,5 |
12 | Химия | 25,5 |
Мониторинг:
Ескертулер мен ұсыныстар:
Мектеп бітіруші 11-сынып оқушыларының мемлекеттік грант бойынша тапсырған тест қорытындысындағы төмен көрсеткіштер білім сапасының өз деңгейінде берілмегенін көрсететіндіктен, төмендегі пән мұғалімдеріне «Ескерту» берілді: математикадан, математика сауаттылығы – Убаниязова Р, Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы пәні - Абдубаева Ш.А. мен Байкелова Л., ағылшын тілі пәні - Абдраймова Б. Келесі оқу жылында атқарылатын жұмыс жоспарында оқушыларды қорытынды аттестация мен мемлекеттік грант үшін ҰБТ тапсыруға дайындық кезінде DarynOnline, «ҰБТ Академиясы» онлайн курстары туралы ата-аналарға тиісті кеңестер беріліп, мамандықты дұрыс таңдау үшін сұхбаттар жүргізу және балаларының қорытынды аттестация дайындықтарын бақылауға алып, уақытты тиімді өткізуін ескерту. Пән мұғалімдері білім платформалары мен сабақтағы әдістерді тиімді қолдана отырып, дайындық жұмыстарын күшейтуі, көрсеткіш жоғары болған пән мұғалімдерімен өзара тәжірибе бөлісу үшін шебер сыныптар ұйымдастыру ескертілді.
Дарынды және талантты балалармен жұмыс нәтижелері.
Жалпы ереже
- Оқушылардың ғылыми қоғамы (одан әрі ОҒҚ) — өзінің интеллектісін дамытуға, ғылыми-зерттеу әрекет дағдыларын игеруге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруте талпынған оқушы жастардың еркімен құрылған шығармашылық бірлестігі.
- ОҒҚ білім беру ұйымдарының жанынан құрылады, атауы, эмблемасы, девизі, дәстүрі бар.
- ОҒҚ өзіне ғылыми үйірмелерді, түрлі ғылым саласына бағытталған клубтар мен қоғамдарды, жеке секциядарды ала алады. Оқушылардың ғылыми қоғамының қызметі Қазақстан Республикасы заң актілерімен, «Қазақстан Республикасы Білім туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық актілерімен сәйкес жүзеге асырылады.
- ОҒҚ мақсаттары мен міндеттері төмендегіше: оқушыларда ғылыми ізденуішлікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту, ғылыми зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға қалыптастыру; білім ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеуде олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына қарқынды ықпал ету; оқушыларға кәсібін таңдауда кәсіби бағдар беру.
Қыркүйек айында «Дарынды ұстаз-дарынды бала» ғылыми жобасы бойынша «Жалын» клубында дарынды оқушылармен жұмыс жасау үшін мына төмендегі мұғалімдер бекітілді.
- Абдраимов Ертай
- Абдраймова Бану
- Абилахова Кульзира
- Аяпова Жамила
- Аметов Сүйеубай
- Даулешияр Бақытәлі
- Дюсембаева Гулназ
- Қонысбаева Роза
- Отыншиева Майра
- Тулегенова Зухра
- Уралбаева Жанылсын
- Қалманов Жарқын
Аудандық оқушылар арасындағы ғылыми жоба жарысында өз ғылыми жобаларын қорғап, дарындылық танытқан оқушылар Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебінен қатысып, өз жұмыстарының нәтижесін көрсетті.
№ | Оқушының аты-жөні | Сыныбы | Орны | Жетекшісі |
1 | Алмас Окей | 10 | 1 орын | Физика пәнінің мұғалімі Даулешияр Б. |
2 | Тулегенова Мерей | 11 | 1 орын | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Якубова А.П. |
3 | Жолдасбаева Ұлмекен | 9 | 1 орын | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байзахова Р.К. |
4 | Базарбаева Айгерим | 10 | 1 орын | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакенова Л.Т. |
5 | Имаматдинов Ғабит | 11 | 1 орын | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мукашева А.К. |
6 | Түгелова Жадыра | 10 | 1 орын | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утегенова Салима Мукатовна |
Аудандық ғылыми жоба жарысына қатысқан төмендегі оқушылар облыстық кезеңіне жолдама алып, мынадай орындарға ие болды.
№ | Оқушының аты-жөні | Сыныбы | Орны | Жетекшісі |
1 | Алмас Окей | 10 | 2 орын | Физика пәнінің мұғалімі Даулешияр Б. |
2 | Тулегенова Мерей | 11 | Алғыс хат | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Якубова А.П. |
3 | Жолдасбаева Ұлмекен | 9 | Алғыс хат | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байзахова Р.К. |
4 | Базарбаева Айгерим | 10 | 2 орын | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакенова Л.Т. |
5 | Имаматдинов Ғабит | 11 | Алғыс хат | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мукашева А.К. |
6 | Түгелова Жадыра | 10 | 2 орын | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утегенова Салима Мукатовна |
Сонымен қатар мектебімізде «Мені таңқалдыр» атты дарынды оқушылар арасындағы онлайн фестиваль ұйымдастырылды. Мақсаты: талантты, дарынды балаларды қолдау және мадақтау; оқушының ғылыми-шығармашылық шеберлігін арттыру, білім беру процесіне жаңа идеялар мен технологияларды енгізу және платформалардың ресурстары арқылы ғылыми жаңалықтарымен бөлісу. Білім биігінен көрініп жүрген оқушылардың жетістігін ұсыну. Байқаудың негізгі міндеттері: дарынды оқушылардың инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру; инновациялық идеялар мен технологиялардың деректер базасын кеңейту; ғылыми-шығармашылық іс-шара ұйымдастыру, дарынды оқушыны ынталандыратын шаралардың жаңа үлгісін және байланыстарын құру. Байқау ІІІ кезеңнен тұрады. І кезең. Әрбір оқушының шығармашылық өмірбаяны (жеткен жетістіктері, өнері мен шығармашылығы) Microsoft Word мәтіндік бағдарламасына терілген күйде қабылданады. Оқушының суреті болуы және мәтін ІІІ жақта жазылуы керек. (Міндетті түрде жетекші тексеруінен өтіп, қатесіз жіберілуі тиіс!).І кезеңнен үздік деп табылған оқушылар ІІ кезеңге өтеді. ІІ кезең. «Мені таңқалдыр» бөлімінде инновациялық-креативті идеялар ұсынады және идеялар жетістігі дауыс беру нәтижесінде анықталатын болады. ІІІ кезең. «Ерекше платформа» бөлімінде оқушылар қазіргі таңда қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша ғылыми-шығармашылық жобамен жұмыс жасауға қатысты платформалардың тиімділігін көрсетеді. «Дарынды ұстаз-дарынды оқушы» жобасы бойынша ұйымдастырылған «Мені таңқалдыр» байқауына 10 ғылыми жетекші оқушыларымен қатысып, 4 оқушы жеңімпаз атанды. 1 орын Тарих пәні бойынша 11 сынып оқушысы Жолдасов Расулбек, Ғылыми жетекшісі: Тарих пәні мұғалімі Отыншиева Майра, 2 орын 6 сынып оқушысы Көркем еңбек пәні бойынша Мейірғали, Ғылыми жетекшісі: Жарқын ағай, 3 орын 1 сынып оқушысы Аташ Рамазан, Бастауыш STEM технологиясы бойынша Ғылыми жетекшісі Уралбаева Жаңылсын, 3 орын 7 сынып оқушысы биология пәні бойынша Имаматдинова Жасмин Ғылыми жетекшісі Дюсенбаева Гүлназ. Ғылыми-шығармашылық идеясы мықты жұмыстар арнайы дипломмен, жетекшісі алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, мектепшілік келесі оқу жылына оқушылардың ғылыми жұмысын арттыру мақсатында зерттеу жоба жұмыстары бойынша кіші ғылыми жұмыстар қорғалды. Онда мектеп бойынша 38 оқушы қатысып, бастауыш сыныптар бойынша 8 ғылыми жұмыс, негізгі сыныптар бойынша 7 жұмыс сараптамадан өтіп, аудандық кезеңге дайын тұр. Бұл жұмыстар оқушылардың зертеу жобасын жасауға деген ынталандыру жмыстары мен оқушының пәнге қызығушылығын одан әрі арттыра түсті. Олардың шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруде. Міндеттері:оқу процесін тиімді ұйымдастыру;өзін- өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру; жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту; жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілетін анықтау болды. Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар болды
Олар: 1. Шығармашылық: ойлау; қабілет.
2. Мотивация:күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс; пәнге қызықтыру.
3. Оқушылардың әлеуметтік үйренуі: сөйлесуде; тәртібінде.
2021-22 оқу жылында «Дарынды ұстаз-дарынды оқушы» жобасы тағы да жалғастырылады. Дарынды оқушылардың қабілетін ашып, қажетті салаға бағыттау мен ол қасиетті дамыту дарынды ұстаздардың ықпалымен жүзеге асады. Оқушылардың сайыстарға қатысу деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға өсіп отырғанымен кейбір пәндер шеттеп қалды. Атап айтқанда ағылшын тілі, орыс тілі, информатика, математика пәндері бойынша мектепішілік пәндік олимпиадаға қатысып орын алғанымен, аудан көлемінде нәтижесін көрсете алмады. Сонымен қатар «Жас Қыран» тобындағы барлық оқушылармен пән мұғалімдерінің бірдей жұмыс жасамау нәтижесінде төменгі нәтижелер көрсетуде. Аталған кемшіліктер бойынша бірлестік мұғалімдеріне ескертулер беріліп, келесі оқу жылына мектепішілік жарыстар мен сайыстардың жұмысын жандандыру және дарынды оқушылардың сапасын арттыру мақсаты қойылды.
Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының тақырыбы: «мұғалімдердің кәсіби біліктілігін заманауи талаптарға сай арттыра отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағыттау. Мақсаты: «оқыту мен оқу үдерісінде онлайн білім платформаларын насихаттау арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру». Әдістемелік жұмыстар жүйесін қорытындылайтын болсақ, төмендегідей нәтижелер көрсетті.
Мектептің даму жоспарына сәйкес басымдықтарды анықтау үшін мұғалімдерден төмендегідей сұрақтар бойынша сауалнама алынып, қорытындысы сарапталды.
1.Қай сыныпта жұмыс жасайсыз? - 5-9сын - 56,6%
2. Еңбек өтіліңіз? – 20 жылдан жоғары – 30.3%
3. БЖБ,ТЖБ құрастыру – Өзім құрастыра аламын - 62,8%
4.Сабаққа саралау тапсырмаларын құрастыру - Саралау тапсырмасын құрастыру, қолдану бойынша білгім келеді - 40%
5.Балдық жүйеде формативті бағалау – Жақсы қолд жүрмін-62,8%
6.ҚМЖ құрастыруда қиындықтарыңыз бар ма? - Жоқ-62,8%
7.ҚО үшін қандай плат қолданасыз? - Bilimland.kz- 87,6%
8.Сіз үшін әд.сүйемелдеуді кімнің тарапынан алған тиімді? – мектеп тренерлерінен - 49,7%
9. Сіз үшін қажетті тақырыптық вебинар - Саралау тапсырмалары - 51,7%
Осы басымдықтарды ескере отырып, мектептің даму жоспары құрастырылды. 2020-21 оқу жылында МДЖ мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда жұмыстар атқарылды.
Қашықтықтан оқытуға байланысты биылғы оқу жылын тамыз айының басында қызу жұмыстармен бастап кеттік, себебі еліміздегі төтенше жағдайға орай өткен оқу жылының ІІІ, IV тоқсанында кездескен кедергілерді жою керек болды. 2020-21 оқу жылындағы қашықтықтан оқыту жүйесін дұрыс ұйымдастыру үшін ариптестеріміз мынадай әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыра білді:
- 10 оқыту топтары ұйымдастырылды. Оқыту платформаларымен жұмыс жасаудың жолдарын үйрететін ВКС өткізді. Бейнесабақ топтамасының байқауына қатысты. WhatsApp желісіндегі чатта өзара тәжірибе алмасты.
- Кәсіби қоғамдастықтың жұмыс жоспары бойынша «Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың мотивациясын көтеру» тақырыбында коучинг, «Диалогтық оқыту арқылы сабақта ұлттық құндылықтарды насихаттау» тақырыбында шебер сынып өткізілді. Жаңадан келген мұғалімдер мен жас мамандарға оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістерін күнделікті тәжірибесінде қолдануға көмек көрсететін мектеп тренерінің“Тәжірибедегі рефлексия” курсы жүргізілуде. Оның құрамында 17 мұғалім бар. 100 сағаттық сабақ аптасына 1 рет өткізіледі.
- Касимова А. Жетекшілік ететін «Жас мамандар» тобына тәлімгерлер тағайындалып отырыс өткізілді және аудандық, облыстық вебинарларға қатыстырылуда.
- 10 ӘБ жұмыс жоспарларына сәйкес отырыс өткізіп, чатта, вебинарда, визуалды мұғалімдер бөлмесінде өзара тәжірибе алмасады. Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижесін алғашқы болып «Атамұра» ӘБ онкүндіктерінде дәлелдей білді.
Жүргізілген жұмыс нәтижелеріне тоқталсақ:
- мектепішілік 19 вебинар өткізіліп, Фейсбук желісіне таратылды;
- бейнесабақтар байқауы өткізіліп, оған 10 мұғалім жұмысы қатыстырылды және бағалау критерийлерімен сарапталып, марапатталды;
- ҚО аясында әдістемелік көмек ретінде 10 топ 10 күндік мерзімде онлайн курс өткізді;
- Аудандық вебинарда 19 әріптесіміз өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, желілік қоғамдастық бойынша кәсіби байланыс орнатты: Маханова А.К. бастауыш сынып мұғалімі, Байболова С.Ж. физика және мат.пән.мұғ, Жумабаева Г. бастауыш сынып мұғалімі, Сариева Ф. қаз.т. мен әдебиет пән.мұғ., Абдраимова Б. ағылшын тілі пән.мұғ. т.б.
- қазақ тілі мен әдебиеті пәнініңмұғалімі Касимова А. “Жас мамандар шеруі” және “Жас мамандар челенджі” байқауына қатысты;
- география пәнінің мұғалімі Сарбекбаева С.Б. аудандық бейнесабақтар байқауына, ал Маханова А.К. облыстық «Қашықтықтан оқытуда бейнесабақтар қоржыны» байқауына қатысып, ІІІ орын алды;
- облыстық вебинарда өз тәжірибесімен бөліскені үшін Маханова А.К. Алғыс хатпен марапатталды;
- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакенова Л.Т. облыстық “Б.Құранбек атындағы олимпиада” байқауына қатыстырылды; “ULY DALA USTAZY” халықаралық ғылыми-педагогикалық журналының “Үздік автор-2020” конкурсының “Үздік зерттеуші” номинациясының жүлдегері атанды; І Республикалық «Кемеңгер ұстаз»олимпиадасының ІІ Дәрежелі Дипломымен матапатталды; «Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы және заманауи білім»атты Республикалық конференцияға қатысып, Дипломмен марапатталды;
- бастауыш сынып мұғалімі Садаева С.А. облыстық байқауда өзінің ҚМЖ үлгісін ұсынып, марапатқа ие болды;
- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Утегенова С.М. “Ұлы дала мәдениеті”, Жакенова Л.Т. мен Дәулешияр Б. “Ғылыми мақала” жазып, облыстық конференцияға қатыстырылды;
- Маханова А.К “Менің жүрегімдегі мектебім” облыстық челенджге өз бейнематериалын ұсынды.
- Республикалық “Үздік БЖБ және ТЖБ” байқауына 5 мұғалім қатыстырылып, өздері құрастырған БЖБ мен ТЖБ жұмыстарын ұсынды;
- өзінің білііктілігін көтере жүріп бастауыш сынып мұғалімі Қобланова Б. Өрлеу “Үздік заманауи бейнесабақ” байқауына қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
- қазақ тілі мен әдебиеті пән.мұғ. Жакенова Л.Т. және Калымбетова К.К. Республикалық конференцияда сабақ берудегі өз тәжірибесімен бөлісті.
- Kundelik.kz білім платформасында визуальды мұғалімдер бөлмесі ұйымдастырылды. Онда ӘБ құжаттары, нормативтер, мұғалімдердің сабақ бойынша КТП, ҚМЖ, БЖБ,ТЖБ жинақталған. Онлайн түрде кәсіби қоғамдастық жұмысы осы онлайн бөлмеде де жүзеге асырылады
2020-21 оқу жылының мектептің даму жоспарында бұл жұмыстар арнайы жобалармен жалғастырылды. Оқу-әдістамалік жұмыста «Дарынды ұстаз – дарынды бала» жобасы, тәрбие жұмысында “Мен ...... !” тұлғаның мотивациялық құндылығы аясындағы жоба ұйымдастырылып, тармақтары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Енді осы жобаларға тоқталсам:
«Дарынды ұстаз – дарынды бала» жобасы - “STEM–оқушыларды оқытудың біріктірілген тәсілі” пән мұғалімдерінің бірлескен жұмыс жобасы. Жобаның мақсаты: инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде оқушыларды функционалдық сауаттылығын дамыту. Күтілетін нәтиже: оқушылардың функционалдық сауаттылықтары, олардың өмірлік және кәсіби перспектикалары, өз күштеріне деген сенімділіктері артады; STEM білім берудің үздік педагогтері анықталады, тәжірибесі таратылады; модельдеу, инженерлік графика, дизайн жасау, сандық зертхана жұмыстары дамиды. Жобаға физика, химия, биология, математика, информатика, технология, бастауыш сынып пән мұғалімдері қатыстырылды. Жобаның жүзеге асырылуы пән бойынша және желілік қоғамдастық жұмысында жүзеге асырылды. Жобадағы жұмыстар жинақталып, 03.02.2021ж “Халықаралық зерттеу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы тиімді әдістер” тақырыбында тірек мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік алаң өткізілді. Әдістемелік алаңда “ҚО аясында химия пәні бойынша оқушының жаратылыстану сауаттылығын дамытудағы тиімді платформалар” тақырыбында химия пәнінің мұғалімі Есенаманова А.Қ., “Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытудағы зерттеу, модельдеу жұмыстарының тиімділігі” тақырыбында биология пәнінің мұғалімі Дюсембаева Г.Д., “Интерактивные методы обучения младших школьников” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Маханова А.К., “Қазақ әдебиеті сабағында шығарма тілін лингвистикалық талдауда PISA мәтіндерінің ерекшеліктері” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мукашева Ә.Қ. таныстырылым жасады. 01-05.03.2021ж аралығында “Ғылыми-жаратылыстану ұғымдарын дамытудағы STEM технологиялар” тақырыбында кіріктірілген сабақтар шеруі ұйымдастырылып, “Статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау” биология пәнімен кіріктірілген математика сабағы 8 “А” сыныбында, “Табиғи ресурстарды өңдеу технологиясы, орталықтары және дайын өнім түрлері” химия пәнімен кіріктірілген география сабағы 8 “В” сыныбында, “Интерьерге арналған сәнді бұйымдар жасау” физикамен кіріктірілген көркем еңбек сабағы 8 “В” сыныбында, “Мәліметті енгізу мен шығаруды ұйымдастыру” математикамен кіріктірілген информатика сабағы 6 “Ә”сыныбында, “Сапалық және сандық есептер шығару. Прак. жұм.№15” математикамен кіріктірілген физика сабағы 7 “Г” сыныбында өтті. Жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтардың мазмұнындағы тақырыптар басқа пәндермен байланысты қажет етеді, сондықтан күнделікті сабақ кезінде де пән мұғалімдері арасында теориялық көмек алу мақсатында бірлескен жұмыс жүзеге асырылады. STEM технологиясы бойынша пән мұғалімдері сыныптан тыс үйірме және таңдау сабақтарында оқушылармен теориялық және практикалық жұмыстар жүргізеді. «Химиялық модельдеу» және «Генетика және өмір» таңдау пәндерінде оқушылар заттардың құрылысымен теориялық танысып, оны визуалды түрде көз алдына елестету арқылы түрлі құралдарды пайдаланып, моделін жасауға тырысады. «Қолөнер» үйірмесінде көркем еңбек пән мұғалімдері жаратылыстану пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушыларға бұйымдар дизайнын жасауға бағыт береді. 2020-21 оқу жылында облыстық «Экологиялық күнтізбе» онлайн шеру жүргізілуде. Ай сайын мектеп оқушылары әр номинация бойынша өз жобасын ұсынуда. Жобаның тиімділігі – оқушының зерттеушілік қабілетін дамытып, ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын арттырады. STEM технологиясын «Робототехника» үйірме сабағында тиімді қолданып жүрген физика пәнінің мұғалімі Дәулешияр Б. Жаратылыстану пән мұғалімдерімен және үйірме оқушыларымен бірлесе отырып, “Заманауи бөлме” безендірілуде. Мысалы, ақылды перде, автоматты қоқыс қабылдағыш, автоматты залалсыздандырғыш машина және биомеханикалық протез жасады. Бұл жұмыстары облыс және Республика көлемінде таратылып, 10-сынып оқушысы облыстық Дарын конференциясында жүлделі ІІ орынды иеленді.
Оқушылардың танымдық, дарындылық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда мектептің тәрбие жұмысы саласында да қатар жүргізуді қажет етеді. Оқу мен тәрбие арасындағы бірлескен жұмыс нәтижесі баланың құзыретті тұлға ретінде дамуына қол жеткізеді. Осыған орай тәрбие саласы бойынша “Мен ...... !” жобасы ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты: «Оқушыларды зерттеушілік-шығармашылық әрекетке, өмірде тұлғаның өзін-өзі танытуы мен өзін-өзі дамыту тәсілі, іс-әрекетін жақсарту үшін белсенділік танытуға тарту», ұраны: «Менің қолымнан бәрі келеді!». Жобаның бағыттары: «Менің үнім», «Менің ісім», «Менің ақыл-ойым». Жобаға 4,5,9,10 сынып оқушылары қамтылды. «Менің үнім» бағыты бойынша оқушылар Қарғалы өзенінің, табиғатының, территориясының тазалығын сақтау мақсатында экологиялық акциялар ұйымдастырды, онлайн шерулерде өздерінің табиғатқа жанашырлығын танытып, пікірлер мен эсселер жазды. Оған дәлел төменде слайдтарда көрсетіледі. «Менің ісім» бағыты бойынша мысалы, 1-наурызда қарт ұстаздарымыздың үйлеріне барып көмек көрсетті және үйден оқытылатын оқушылармен логикалық ойындар, спорттық ойындар ұйымдастырып, оқу мен тәрбие бойынша көмек көрсетілді. Сонымен бірге үлгерімі жоғары оқушылар үлгерімі төмен оқушылармен жұптық көмек көрсету акциялық жұмыстар ұйымдастырды. «Менің ақыл-ойым» бағыты бойынша жаратылыстану ғылымдары тақырыбымен байланысты модельдеу жұмыстары жүргізілді. Ол зерттеу жұмыстарына ұласуда. Биылғы оқу жылында сыныптар сараланып алынып, алынған нәтижелерге байланысты келесі оқу жылында толық сыныптар қамту жоспарланып отыр. Бұл атқарылып жатқан жұмыстар оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, теориялық білімін өмірде қолдануға мүмкіндіктер ашады. Оқушылар тарапынан қызығушылық танытуда.
Оқу және жаратылыстану сауаттылығы пән мұғалімдерінің арасындағы бірлескен шығармашылық жұмыстар қорытындысы бойынша нәтижелер мен кедергілер анықталды. Нәтижелер: мұғалім мен оқушы арасында шығармашылық қарым-қатынас орнады; шығармашылық жұмыс арқылы баланың дарындылық қабілеті дамыды; дарынды балалар мен дарынды мұғалімдер арасында бірлескен жұмыс жүзеге асты; іздену барысында әртүрлі білім платформаларын онлайн меңгерді. Кедергілер: әлі де мұғалімдердің шығармашылық жұмысқа уақытты тиімді қолдана алмауы; зертханалық жұмыстар барысында ресурстардың қолжетімсіздігі. Анықталған кедергілерді ескере отырып, келесі оқу жылына даму мақсаттар да анықталынып, 2021-22 оқу жылының жұмыс жоспарына өзгертулер енгізуге қадамдар жасалуда: оқушының фукционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында әлі де STEM технологиясын енгізу арқылы дарынды және талантты оқушылардың мұғалімдермен бірлескен жұмысын дамыту; GlobalLab оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың бірлескен жұмысын дамытатын қауіпсіз онлайн ортасына айналған зерттеу проектісіне қосылу; Дарынды мұғалім мен дарынды балалар үшін қолайлы орта қалыптастыру. Осы даму мақсаттарының ішіндегі GlobalLab оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың бірлескен жұмысын дамытатын қауіпсіз онлайн ортасына айналған зерттеу проектісі туралы облыстық вебинарда танысып, шығармашылықпен жұмыс жасайтын пән мұғалімдері қызығушылық танытып отыр. Бұл проект орыс және ағылшын тілінде жүргізіледі екен. Сонымен бірге ата-аналар да қамтылады. Оқушы өзінің зерттеу жұмысын әлемдік деңгейде ұсынып, бөлісе алады және басқа оқушылардың жұмыстарына пікір білдіре алады.
03.02.2021ж жобаның мақсатын жүзеге асыруда әрі «Алау» желілік қоғамдастық аясында “Халықаралық зерттеу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы тиімді әдістер” тақырыбында тірек мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік алаң өткізілді. Мақсаты: ҚО кезіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға негізделген педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату. Күтілетін нәтижелер: ЖҚ аясында тірек мектептер арасында өзара тәжірибе алмасу жүзеге асады; мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал жасайды; ҚО кезіндегі инновациялық тиімді әдіс-тәсілдер онлайн көрсетіледі. Әдістемелік алаңда тәжірибе бөліскен шығармашыл мұғалімдеріміз: “ҚО аясында химия пәні бойынша оқушының жаратылыстану сауаттылығын дамытудағы тиімді платформалар” таныстырылымымен Химия пәнінің мұғалімі Есенаманова А.Қ., “Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытудағы зерттеу, модельдеу жұмыстарының тиімділігі” таныстырылымымен биология пәнінің мұғалімі Дюсембаева Г.Д., “Қазақ әдебиеті сабағында шығарма тілін лингвистикалық талдауда PISA мәтіндерінің ерекшеліктері” таныстырылымымен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мукашова А.Қ., “Математическая грамотность как основа формирования функциональной грамотности учащихся” таныстырылымымен математика пәнінің мұғалімі: Байболова С.Ж., “Интерактивные методы обучения младших школьников” таныстырылымымен бастауыш сынып мұғалімі Маханова А.К. Соңында “Ашық микрофон” әдісі бойынша кері байланыс алынды. “Алау” ЖҚ серіктес мектептерімен каникул кездерінде әрбір әдістемелік бірлестік тәжірибелік алаң ұйымдастырып, бірлескен жұмыстар жүргізілді. Әдістемелік бірлестік жетекшілері мен пән мұғалімдері өздерінің кәсіби жұмыс нәтижелері мен кедергілерін ортаға салып, өзара байланыс орнатты және онлайн көмек алды. Мысалы, 31.03.2021ж ҚБ,БЖБ,ТЖБ үшін қиын тапсырмаларды құрастыру аясында кәсіби іс-тәжірибе алмасу және желілік байланыс орнату мақсатында «Жасыл желек» ӘБ пән мұғалімдері «Химия, биология және география пәндері бойынша қиын тапсырмаларды құрастыру» тақырыбында тәжірибелік алаң өткізді. Каникул кезінде пән бірлестіктері арасында «ТЖБ, БЖБ тапсырмаларын құрастыру» тақырыбында өтетін іс-тәжірибе алаңын ұйымдастыру жүргізілді.
ІІІ тоқсаннан бастап «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру» жөніндегі №548 бұйрық негізінде арнайы жұмыс жоспары құрастырылып, жүзеге асырылды. Мектептің қызметінде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін болатындай штаттық режимде 1-4 сыныптармен қатар 9,11- сыныптарды оқыту ұйымдастырылды. 9,11-сыныптарының білім алушыларын құрамдастырылған форматта оқытылды, бұл ретте пәндердің 70% - ы штаттық режимде, пәндердің 30% - ы қашықтықтан режимде жүргізілуі қадағаланды. Штаттық форматта білім шығындарының орнын толтыру үшін математика және тарих пәндерін 5 оқушыға дейін жеке консультациялар өткізу ұйымдастырылды. 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестацияға дайындығын арттыру мақсатында математика және тарих пәндерін 5 баладан топтастырып оқытылды. «Мен тәжірибеммен бөлісемін» тәжірибелік алаң бойынша рефлексивті есеп беру рубрикаторы бойынша аудандық іс-шараға мұғалімдер қатыстырылды. «Мен тәжірибеммен бөлісемін» тәжірибелік алаңға қатысқан мұғалімдер: Есенаманова А.Қ. –химия пәнінің мұғалімі, Қыстаубаева А.С.-география пәнінің мұғалімі, Байзақова Р.Т.- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Мухатова Ф.С.-ағылшы тілі пәнінің мұғалімі, Абулханова Р.Т.-биология пәнінің мұғалімі. 26.05-20.06.2021ж аралығында «Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру» аясында мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды. Әдістемелік бірлестіктерде оқу пәндері бойынша білім алушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстары мен күрделі тақырыптарды анықтау бойынша отырыс өткізілді, оқытудың қол жеткізілмеген мақсаттарын ескере отырып, пән мұғалімдерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде қысқа мерзімді жоспарлар құрастырылды. Әдістемелік бірлестікте «Сапалы білім берудің тиімді жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел, мектептегі колледж және жоғарғы оқу орнынан келіп, практика өтіп жүрген студенттер тарапынан еріктілер қозғалысын ұйымдастыру, тәжірибелік алаң, семинар, вебинар ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мектеп әкімшіліг тарапынан қосымша білім беру тікелей бақылауға алынды.
Нәтижелер:
- оқу процесiне деген қазiргi заман талаптарына сай жүзеге асырылуы, сабақта оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту бiртұтастығы орындалады;
- мектептің басқару жүйесінде ынтымақтастық атмосфера орнайды;
- оқушы-мұғалім, мұғалім-оқушы арасында тиімді диалог, шынайы қарым-қатынас орнайды;
- баланың мінез-құлығында өмірде тәрбиелік маңызы зор қасиеттер дамиды;
- оқыту мен тәрбиелеуде педагог мамандардың кәсіби дамуы жүзеге асады;
- білім беруге және білім алуға деген қызығушылық артады;
- ата-ананың мектепке, бала тәрбиесіне деген көзқарасы өзгереді;
- мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға деген қызығушылығы артады.
Кедергілер:
- ӘБ және мұғалімдердің өз проблемасын анықтай алмауы;
- зерттеу тақырыптарының нәтижені анықтауға тиімсіз кең көлемде алынуы;
- онлайн сабақты жүргізуде әлі де кәсіби шеберліктің аздығы;
- пән олимпиадаларына оқушыларды дайындауда жүйелі әрі нәтижелі жұмыстың әлі де өз деңгейінде көрініс таппауы;
- жас мамандардың кәсіби дамуға немқұрайлы қарауы.
Алдыға қоятын мақсаттар:
- оқушының фукционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында әлі де STEM технологиясын енгізу арқылы дарынды және талантты оқушылардың мұғалімдермен бірлескен жұмысын дамыту;
- мектепте ұйымдастырылған қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің және кітапханашылардың бірлескен «Үш тіл бойынша онлайн-кітапхана» жобасын дамыту;
-GlobalLab оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың бірлескен жұмысын дамытатын қауіпсіз онлайн ортасына айналған зерттеу проектісіне қосылу;
- дарынды мұғалім мен дарынды балалар үшін қолайлы орта қалыптастыру.
Әдістемелік бірлестіктердің сандық және сапалық құрамы:
№ | ӘБ атауы | Жалпы мұғалім саны | Жоғары білімді | Біліктілігі | ӘБ өзекті мәселесі | Мақсаты | Осы жылы курстан өткен мұғалім саны | Аттестациядан өткен мұғалім саны | Жалпы білім сапасы |
1 | «Балауса» бастауыш сынып пән мұғалімдерінің ӘБ | 23 | 23 | Шебер-1 Зерттеуші – 7, модератор – 23 | «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда интербелсенді әдістердің тиімділігі» | Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда интербелсенді әдістерді тиімді ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыру | 6 | 9 | 76% |
2 | «Атамұра» қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ӘБ | 15 | 15 | 4жоғары санатты, 1мұғалім бірінші санатты, 1мұғалім екінші санатты, санатсыз 1 | «Мәңгілік ел» идеясы аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы құзіретті тұлғаны қалыптастыру» | Педагог кадрлардың біліктілігін арттыра отырып, жаңартылған білім беру жүйесіне енгізту; сабақтағы әдіс-тәсілдерді оқушының өз бетінше білім алуына бағыттау; құзыретті тұлға қалыптастыру | 10 | 1 | 69% |
«Искорка» орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ӘБ | 15 | 15 | жоғары санаттағы – 4, бірінші санаттағы – 2, екінші санаттағы – 3, санатсыз – 6. Зерттеуші – 1, сарапшы – 2, модератор – 5 | «Орыс тілі сабағында функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары» | Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында әртүрлі әдістерді қолдану барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру; алған білімдерін мектептен тыс кез келген жерде, өмір қажеттіліктеріне сай қолдана білуіне жетелеу; орыс тілінде еркін сөйлеу машықтарын қалыптастыру; оқушылардың өз ойын тиянақты, дәлелді түрде жеткізуіне ықпал ету. | 2 | 72% | ||
4 | «British Kids» ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ӘБ | 14 | 12 | Екінші санатты-1, санатсыз-6. Сарапшы – 3, модератор – 4 жас маман-2 | «Оқушылардың құзыреттілігін диалогтық оқыту арқылы дамытуға және тыңдалым , айтылым, оқылым дағдыларын қалыптастыру» | Сабақта диалогтық оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушының құзыреттілігін арттыру | 71% | ||
5 | «Айгөлек» мектепалды даярлық мұғалімдерінің ӘБ | 5 | 5 | Модератор-1 | 1 | ||||
6 | «Жасыл желек» химия, биология, география пән мұғалімдерінің ӘБ | 9 | 9 | Жоғары санаттағы – 5, бірінші санаттағы – 1, санатсыз – 2 Сарапшы-3, модератор-4 | Сыни тұрғыдан ойлау тапсырмалары арқылы тұлғаның шығармашылық қабілетін арттыру | Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда күнделікті сабақ барысында сын тұрғысынан ойландыратын түрлі тапсырмаларды ұйымдастыру | 2 | 8 | 69% |
7 | «МИФ» математика, физика, информатика пән мұғалімдерінің ӘБ | 18 | 18 | Жоғары санатты мұғалім-1, бірінші санатты мұғалім-1, екінші санатты мұғалім-5, санатсыз мүғалімдер-11 Педагог-зерттеуші-1, сарапшы-1, модератор-8. | «Сабақта АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы оқушының логикалық есептерді шешу тездігін дамыту» | Оқушыларға стандартқа сәйкес білімді беріп,оқушылардың математикалық-функционалдық сауаттылығын және жаратылыстану ғылымдарындағы құзырлылығының қалыптасу дәрежесінің жоғары болуына ықпал жасау, құзыретті тұлға қалыптастыру | 4 | 2 | 61% |
8 | «Шежіре» тарих пәні мұғалімдерінің ӘБ | 8 | 8 | Педагог-модератор – 3, санатсыз мұғалімдер – 3, екінші санатты – 1, жоғары санатты – 1 | «Тарих сабақтарында жаңартылған оқу бағдарламасының бағыттарын тиімді пайдалана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту» | Қазақстан тарихы және дүниежүзі, құқық негіздері, дінтану пәндері бойынша пән мұғалімдерінің оқу үдерісінде инновациялық технологияның әдіс -тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы, ойлау дағдыларын дамыта отырып, оқушылардың алған білімдерін тиімді пайдалана алуын қалыптастыру | 2 | 69% | |
9 | «Руханият» өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ӘБ | 8 | 8 | педагог-модератор – 3, 5 мұғалім санатсыз | «Қазіргі заман талабына сай ар-ұждан дауысын ести алатын кемел адамды тәрбиелеу» | Рухани-адамгершілікті тұлғаны ұлттық құндылықтармен ұштастыра дамыту | - | - | - |
10 | «Старт» дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ӘБ | 15 | 15 | 1-екінші санатты, 6-санасыз сарапшы – 2, модератор - 7 | «Оқушыларды жан-жақты дамуын және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін сабақта жаңа тәсілдерді қолдана отырып қалыптастыру | Жан-жақты білімді және дені сау ұрпақ тәрбиелеу, қазіргі заман талабына сай бәсекелестікке қабілетті тұлға қалыптастыру | 4 | 3 | - |
11 | «Шеберлер» көркем еңбек пән мұғалімдерінің ӘБ | 6 | 6 | жоғары санаттағы – 3, екінші санаттағы – 2, санатсыз – 1, модератор-2 | «Заманауи талаптарға сай оқушының бойындағы шығармашылық қабілетін дамыта отырып, құзыретті тұлға қалыптастыруға бола ма?» | «Оқушыны сыни тұрғыдан ойландыру арқылы өз бетінше шығармашылығын дамытуға бағыттау, дарынды және талантты тұлға қалыптастыру» | 3 | - | - |
Мектептің 2017-2021 жыл аралығындағы 4 жылдық даму жоспарының қорытындысы бойынша сауалнама алынды.
- Мектептегі оқу мен оқыту жүйесінде даму бар ма?
Айқын көрінеді Даму баяу жүрді Байқалмады
- МДЖ жүзеге асуында бірлескен жұмыстың ықпалы болды ма?
Ұжым болып қатыстық ӘБ толық қатысты Байқалмады
- Ата-аналардың даму барысында үлесі болды ма?
Белсенділік танытты Орташа Үлес қоспады
- Оқушылардың білім сапасына кандай әсері болды?
Артты Орташа Әсері болмады
- Осы жылдар аралығында МДЖ іс-шараларынан өзіңіздің кәсіби дамуыңызда әдістемелік көмек алдыңыз ба?
Әрине Өз күшіммен дамыдым Жоқ
- Кәсіби даму барысында мектеп психологтары тарапынан қандай көмек басым болды?
Өзім үшін Ата-аналар үшін Оқушылар үшін
- Мектептегі оқу мен тәрбие жұмысын қалай бағалар едіңіз?
Оқу жүйесі басымырақ Тәрбие жүйесі басымырақ Оқу мен тәрбие қатар жүргізілді
- Осы даму кезеңінде кітапхана жұмысында өзгеріс байқалды ма?
Өзімнің кәсіби дамуыма көп көмегі тиді
Оқушылардың байланысы жоғарылады
Дамуды байқамадым
- Мектеп тренерлерінің МДЖ жүзеге асуына ықпалын қалай бағалар едіңіз?
Көшбасшы бола білді Кәсіби дамуыма үлес қосты Тікелей көмек алмадым
- «Жас ұлан» оқушылар ұйымының жұмысы оқушылардың өзін-өзі басқаруына ықпалын тигізе алды ма?
Даму барысында ерекше көзге түсті
Оқушылар көшбасшылығын көре алдым
Сыныбымда байқалмады
- МДЖ тақырырыбы әрі қарай жалғасын тапсын ба, әлде өзгертуді қажет етеді ме? Осы 4 жыл жеткілікті болды ма?
Тақырып бйынша мақсатқа жеттік Әлі де нәтижеге жетпедік Өзгертуді қажет етеді
Әдістемелік бірлестіктердің кәсіби дамуының рейтингісі
ӘБ атауы | пәні | Байқауға қатысуы 1 | Іс-тәжірибе тарату 2 | Бағдарлама құрастыру 3 | Пәндік олимпиадаға қатысу (пән мұғалімі ретінде) 4 | Зерттеу жұмыстарына қатысуы 5 | БАҚ 6 | Оқушы жетістіктері 7 | Мұғалімдер жетістіктері, марапаттаулар 8 | |||||||||||||
мектеп | ауд | обл | мектеп | ауд | обл | ауд | обл | LS | Іс-әрекет | обл | респ | Пән олим | Дарын | Онл олим | мектеп | ауд | обл | |||||
«Балауса» | Бастауыш сынып | 1 | 4 | 6 | 5 | 2 | 1 | 5 | 2 | 26 | 2 | 40 | 7 | |||||||||
«Атамұра» | Қаз тілі мен әдебиеті | 5 | 9 | 3 | 2 | 2 | 4 | 6 | 6 | 2 | 5 | 15 | 2 | 6 | 3 | |||||||
«Искорка» | Орыс тілі мен әдебиеті | 1 | 1 | 6 | 6 | 13 | 2 | 7 | 8 | 5 | 20 | |||||||||||
«British Kids» | Ағылшын тілі мен әдебиеті | 1 | 4 | 3 | 1 | 1 | 2 | 3 | 20 | 1 | 2 | 1 | ||||||||||
«Жасыл желек» | Химия, биология, география | 2 | 2 | 1 | 16 | 14 | 3 | 2 | 1 | 3 | 1 | 5 | 4 | 21 | 1 | 4 | 1 | |||||
«МИФ» | Математика, физика, информатика | 1 | 2 | |||||||||||||||||||
«Шежіре» | Тарих, құқық | 1 | 3 | 3 | 2 | 2 | 5 | 2 | 3 | |||||||||||||
«Старт» | Дене шынықтыру | 2 | 1 | 11 | 4 | 3 | 1 | 6 | 3 | 6 | 3 | 2 | ||||||||||
«Руханият» | Өзін-өзі тану | 1 | 1 | 2 | 1 | |||||||||||||||||
«Шеберлер» | Қолөнер | 2 | 1 | 1 | 3 | 5 | 2 | 1 | ||||||||||||||
«Айгөлек» | Мектепалды даярлық | 2 | 1 | 2 | ||||||||||||||||||
2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылды. Тәрбие жұмысы отбасы, мектеп, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізілді.
Оқу жылының басында 80 сынып комплектісі жасақталып, ол сыныптарға сынып жетекшілер бекітілді. Сынып жетекшілердің әдістеме бірлестігінің жоспары мектептің жылдық жоспарымен сәйкестендіріліп, жоспар бойынша тәрбие жұмыстары жүргізіліп отырды.
Сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсету жұмыстары бойынша
І тоқсанда «5-сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Қашықтықтан оқыту жағдайларында мұғалімдерге психологиялық көмек беру сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек, психологиялық ұсыныстар жасалды. 27 қазанда сынып жетекшілерінің онлайн-әдістемелік отырысын өткізді. Вебинарда ҚО кезінде оқушылардың интернет қауіпсіздігін ұйымдастыру, кибербуллингтің алдын алу, оқушылардың қысқы демалыс уақытын өткізуі секілді мәселелер талқыланды. ІІ тоқсанда сынып жетекшілерінің онлайн-әдістемелік отырысын өткізді. Вебинарда ҚО кезінде оқушылардың интернет қауіпсіздігін ұйымдастыру, кибербуллингтің алдын алу, оқушылардың қысқы демалыс уақытын өткізуі секілді мәселелер талқыланды. Ақпан айында "ҚО кезіндегі ата-аналар тарапынан балалардың интернетте қауіпсіз жұмыс тәртібін ұйымдастыру жолдары" тақырыбында әдістемелік алаң өткізілді. Тірек мектеп ретінде ұйымдастырылған іс-шараға Қарғалы №4, Жайсан, Үңгіртас, Қ.Әбсәметов атындағы орта мектептері қатысты. ISNE тренингтің мақсаты - ҚО кезінде оқушылардың интернет желісімен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздіктерін бақылау жолдарымен бөлісу. Тренингте оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы тәртібін ұйымдастыру, "Google Family Link" қосымшасы арқылы ата-аналардың балаларды бақылауы, әлеуметтік желілердегі сауатсыздықтың алдын алу жолдары туралы сөз қозғалды. Тренинг соңында кері байланыс алаңы орнатылды. ІV тоқсанда сынып жетекшілерінің онлайн-әдістемелік отырысын өткізілді. Вебинарда жазғы демалыс кезінде оқушылардың суға шомылу қауіпсіздігін ұйымдастыру, кибербуллингтің алдын алу секілді мәселелер талқыланды.
2020-2021 оқу жылында сынып жетекшілердің әдістеме бірлестігінің жоспары мектептің жылдық жоспарымен жүргізіп отырды. 1-4-сыныптарда І,ІІ тоқсан кезекші сыныпта оқығандықтан сынып сағаттары жоспарға сәйкес, 5-11-сыныптарда онлайн қосымшалар арқылы өткізілді. Ал ІІІ, ІV тоқсанда кезекші сыныптар қатарына 5, 9, 11-сыныптар қосылды. Сынып жетекшілер тәрбиенің 8 бағыты бойынша жұмыс атқарды. Сынып сағаттарының жылдық жоспары және циклограммасы бекітілген. Сынып жетекшісі жоспарының құрылымы мен формасы жас ерекшелігіне сай жоспарланған. Осы бағыттар бойынша сынып сағаттарының жоспарлары және жинақ қапшықтары жинақталған. Сынып сағатын ұйымдастыру мен өткізуде түрлі тәсілдер қолданылды.Сынып жетекшілер өз сыныбында күн сайын сабақта жоқ оқушыларды белгілеп, оқушылардың мектеп формасын бақылап, апта сайын оқушылардың күнделіктерін тексеріп отырды. Тоқсан сайын түрлі бағамдар бойынша сынып жетекшілердің арасында рейтингі жасалынды. Жыл бойынша сынып жетекшілер рейтингісі жасалды. Қыркүйек айында аудандық «Жыл сынып жетекшісі» байқауы ұйымдастырылып, оған біздің мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакенова Л.Т. қатысты. Облысқа жолдама алып, байқауға қатысып, «Алғыс хат» иеленді. Сонымен қатар, 1 тоқсанда тәрбие бағыттары бойынша аудандық «Атамекен» газетіне 6 мақала жарияланып, тәрбиенің маңызды тұстарына, іс-шараларға тоқталып өтті. Тәрбиенің 8 бағыты бойынша мектепте түрлі онлайн іс-шаралар жасалып, «Фейсбук», «Инстаграм» парақшаларына жүктелді.
«Қазақстандық патриотизм» бағыты бойынша І тоқсанда қашықтықтан оқыту процесінде «Конституция күні» 5 видео түсіріліп, «Менің Отаным Қазақстан» сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қыркүйек айында «Бала құқығы-адам кұқығы» атты тәрбие сағаттары берілсе, «Жасөспірімдер арасында құқықыбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ювеналды полиция аға майоры Л. Ғазизовамен, Ауған соғысының ардагері Ыбытаев Серік қажымен кездесулер болды. Мектепте «Ата Заңым-азат елдің арқа сүйері» атты құқықтық насихат айлығы ұйымдастырылып, ата-аналар мен оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолдары көрсетілді. Мектеп фейсбугына 8 публикация жасалды. Мектептегі үйірмелер, спорттық секциялар өз жұмыстарын жүзеге асырды. Үйірмеге 1-9 сыныптардан 1936, секцияларға 1214 оқушы 1-9 сыныптардан қатысты.
ІІ тоқсанда "Жас Ұлан" оқушылар ұйымымен "Құқықтық тәрбие және құқықтық жігерлік" тақырыбында вебинар өткізілді.
9 қарашада мектептің әлеуметтік парақшасына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқушыларды адалдық алаңына шақыру мақсатында ұйымдастырылған "Сатылмайтын еңбек бейнесі" тақырыбындағы суреттер топтамасы жарияланды.
20 қарашада "Полицияның жас достары" оқушылар ұйымымен "Адам неге заң бұзады?" онлайн-сұхбат өткізілді. Жамбыл аудандық ІІБ ЮП капитаны Токтарбекова Назым Тоқтарбекқызы сұхбаттың қонағы болып, оқушылардың толғантып жүрген сұрақтарына жауап берді .
1-желтоқсан дәстүрлі Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы», Ертеңіміздің кепілі – Елбасы», «Елбасының ерлігін елі білсін!» тақырыбында сынып сағатары өткізілді. Мектеп фейсбугына 17 публикация жасалды.
Аудандық 1 желтоқсан Тұңғыш Президент Күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты қашықтықтан өткізілген бейнероликтер байқауынан мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымы ІІІ орынды иеленді.
9-сынып жетекшілері Абилахова Г.Ә., Байзахова Р.К. ұйымдастыруымен 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік жолында жанған жұлдыз" тақырыбында 9-сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізілді. 1986 жылы 16-желтоқсанда алаңға шығып, қазақ халқының егемендігі үшін үлесін қосқан - Кеңесова Айсұлу Кеңесқызы және Мурундукова Гульбарқыт Кайролдинова кездесудің қонағы болды.
14 желтоқсанда көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік — тұғырым" тақырыбындағы сурет көрмесі ұйымдастырылып, үздік шыққан суреттер әлеуметтік желіге жарияланды.
"Жетісу — адалдық алаңы" қоғамдастығының ұйымдастыруымен өткізілген аудандық "Менің болашағым- сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" атты оқушылар арасындағы сурет байқауынан 3 жүлделі орындардың екеуіне иеленді. Мектебіміздің 8"А" сынып оқушысы Мақсұтхан Жарас пен 5 "А" сынып оқушысы Зейнулла Самурат жүлделі орындармен қоса, 2 планшетке қол жеткізді. Шығармашылық жетекшісі – Калманов Жарқын. Оқушылардың марапаттары аудан әлеуметтік парақшасына жарияланды.
ІІІ тоқсанның ақпан айында "Адал ұрпақ" ұйымы мүшелерімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және педагог ұйымдастырушы Жанхужаева Меруерт "Қарғалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қондыбаева Асель Шарипбековнаның қатысуымен "Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел" тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
19 қаңтарда 5 "В" сынып оқушыларын "Қылмыс пен жаза" сынып сағатында жетекшісі Байкелова Л.Д. құқықбұзушылық түрлерімен таныстырып өтті.
Қаңтар айында тарих пәнінің мұғалімі Смағұлов Серік "Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі" тақырыбында 9-сынып оқушыларымен онлайн-танымдық сабақ ұйымдастырды.
Ақпан айында "Ауғанның отты жалыны" тақырыбында ауған соғысы ардагері Мұсаев Халмұрат Рахмединұлымен кездесу өткізілді. Кездесуде оқушылар ауған соғысы ардагеріне сұрақтарын қойды.
Наурыз айында 9-11-сынып оқушылары арасында «Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар барысында оқушылар бұл мәселелердің маңыздылығын ұғына отырып, алдын алу үшін өздері қалай көмектесе алатындықтары туралы сөз қозғады.
9-сынып оқушылары арасында "Заңды білу — заман талабы" тақырыбында дебат ұйымдастырылып, оқушылар өз құқықтарын білуі бойынша білімдерімен сынасты.
Қазақстан Республикасының егемендігінің 30 жылдығына орай 16 бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.
ІV тоқсанда бастауыш сынып оқушыларына Жеңіс күніне орай танымдық сабақтар өткізілді. Ұрпақ үшін қиылған жандар мен Жеңіс туының желбіреуі майдангерлеріміздің еңбегі мен батырлығы екені оқушыларға дәріптелді.
7 "А"-сыныбында Жеңіс күніне орай "Соғыстың соңғы көктемі" тақырыбында сыныптан тыс сағаты өткізілді. Оқушылар соғыс ардагерлеріне алғыстарын білдіру мақсатында бейнежолдау жолдады.
Отан қорғаушылар күніне орай 16 бейнеролик түсірілсе, Жеңіс күніне орай 13 бейнеролик дайындалып, мектеп әлеуметтік желілеріне жүктелді.
«Рухани-танымдық тәрбие» бағыты бойынша І тоқсанда «Қарттар күні» мерекесіне 2 видео, «Үйсіз жануарларға көмек» мейірімділік таныту мақсатында 4 видео түсірілді.
ІІ тоқсанда Республикалық «Асар» челленджіне оқушылар өз үлестерін қосып, қауқарсыз азаматтарға көмек көрсетіп, бейнероликтерін жариялады.
ІІІ тоқсанда ақпан айында "Мейірім" волонтерлық оқушылар тобы 1-наурыз - Алғыс айту күніне орай "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясына атсалысуда.
1-наурыз алғыс айту күніне орай 5-7 орыс сынып оқушыларымен ардагер-ұстаз, еңбек ері, оқыту үздігі В.И.Никитинмен онлайн-кездесу өткізді.
Наурыз айында оқушылардың "Мейіріміділік пен бауырмалдылық" тақырыбындағы Алғыс айту күніне орай дайындаған суреттер көрмесі. Шығармашылық жетекшісі: бейнелеу өнері пәні мұғалімі — Калманов Ж.С.
Кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Бәріне рахмет, барына рахмет» тақырыбында мектеп кітапханасында зейнеткер-ұстаз Керімбекова Бағдагүл Керімбекқызымен кездесу өткізілді.
8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 12 құттықтау бейнеролик дайындалса, 22-наурыз –Ұлыстың ұлы күніне орай 15 бейнеролик дайындалып, меткептің әлеуметтік желілеріне жарияланды.
ІV тоқсанда7 сыныптар арасында "Мораль дегеніміз не?" тақырыбында онлайн сұхбат өткізілді. Оқушылар адами қасиеттер және жеке бас құқықтары туралы кеңінен мәліметтер алып, өз пікірлерімен бөлісті.
"Мейірім" волонтерлық тобы оқушылары педагог-ұйымдастырушы Жанхужаева М.Б. жетекшілігімен Тыл ардагерлері, ҚР Білім беру ісінің үздігі Тұрсынбек Ешенқұлов және жұбайы Күлғайша ханымды Отан қорғаушылар және Жеңіс КҮНІ мерекелері қарсаңында құттықтап, қариялардың алғысын алып қайтты.
Ұлттық тәрбие бағыты бойынша, І тоқсанда Тілдер күні мерекесі 6 видео, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ағылшын және қазақ тілі пән әдістемелік бірлестіктері түрлі шаралар ұйымдастырып, әлеуметтік желілерге жариялап отырды.
ІІ тоқсанда мектеп ұстаздары Қарғалы √3 орта мектебінен қазақтың ұлы ақыны —Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған челленджді қабылдап, Құдыс Әбсәметов атындағы орта мектебіне жолдады.
ІІІ тоқсанда 6 "Б" сыныбында "Жүз жасаған Жамбыл" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдете түсті.
Мектептің бастауыш сынып оқушылары арасында "Жүз жасаған Жамбыл ақын"атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылып, оқушылар орындармен марапатталды.
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай 5-7-сынып оқушыларына педогог ұйымдастырушы Жанхужаева Меруерт Бабакуловна және қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Жанат Суйинбаевна онлайн саяхат ұйымдастырып, оқушыларды қызықты мәліметтермен таныстырды.
Ақпан айында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері Жанхужаева М.Б., Ахметова Ж.С. оқушылармен М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Мұқағали — өшпес мұра» онлайн конференция ұйымдастырды. Оқушылар ақиық ақын шығармашылығы мен өмірі туралы қызықты мәліметтер білді.
ІV тоқсанда 31-мамыр "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне" орай тарих мұғалімі Жырғабаева А.Ш. 9-сынып оқушыларымен "Тарихымыздың - ұрпақ ұмытпайтын тағылымы" атты тарихи тарихи онлайн кеш өткізді. Оқушыларға халық ағартушыларының ерен еңбегі мен құрбан болуы туралы мәліметтер берілді.
Отбасы тәрбиесі бағыты бойынша І тоқсанда «Отбасы бақыт мекені» вебинар, "Семейные ценности» 2 видео, «Отбасы туралы» тақырыптарында 8 видеожазбалар түсіріп, ашық-тәрбие сағаттарын онлайн режимінде өткізді.
ІV тоқсанда мектеп оқушылары өз отбасылары туралы "Бақытты отбасы" тақырыбындағы 16 бейнеролигін ұсынып, балалар мерекесімен құттықтады.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша І тоқсанда «Экологиялык күнтізбе» 5 видео, «Табиғаттың тазалығы денсаулық кепілі» тақырыптарында 3 видеожазбалар түсірілді.
ІІІ тоқсанда 11 "А" сынып оқушысы Отеулиева Феруза облыстық "Экологиялық күнтізбе" қашықтық зияткерлік сайысында "Экологиялық этика" номинациясы бойынша 2 орынды иеленді.
Қаңтар айында 8 "В" сынып оқушысы Батырбекова Гүлсезімнің "Туған ғаламшарымызды сақта" тақырыбындағы авторлық жобасын дайындап, байқауға ұсынды.
Наурыз айында тарих пәнінің мұғалімі Смағұл С. мектеп мұғалімдерімен "Табиғатты қорғау құқығы" тақырыбында онлайн лекторий өткізді.
7"Г" сынып оқушысы Бекмуратова Арайлым 21-наурыз Халықаралық орман күніне орай "Қоршаған ортаны қорғау" экологиялық акциясына белсенділік танытып қатысуы.
ІV тоқсанда АӘД пәні мұғалімі Иниятов Л.С. "Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік" атты бейнеролигі арқылы жол ережесін жаттап, бұзбай жүруге шақырады.
7 "Г" сыныбында «Ерлік кездейсоқ болмайды» тақырыбында Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.
Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы аясында "Шеберлер" көркем еңбек пәні мұғалімдері оқушылар арасында "Менің сүйікті табиғат бұрышы" сурет көрмесін ұйымдастырды.
28 сәуір- Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай кәсіподақ ұжымы "Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара" отырып, мектеп ауласына көгалдандыру жұмысын жүргізді. Кәсіподақ мүшелері 16 түп арша ағаштарын отырғызды. Осы әрекет арқылы мектеп оқушыларын еңбекке, қоршаған ортаны қорғауға үйрете отырып экологиялық тәрбие берілді.
"Мектептегі театр" мектепішілік театр үйірмесі оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Утегенова С.М. жетекшілігімен қойған "Ләйлә қыздың зары" тақырыбындағы қойылымы.
"Шеберлер" көркем еңбек пәні бірлестігінің жалпыреспубликалық экологиялық апталыққа орай оқушылар арасында ұйымдастырған "Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі" тақырыбындағы виртуалды көрмесі.
7 "А" сыныбында «Чернобыль апатының тарихы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар экологиялық қасіреттің тарихы туралы біліп, оның салдарымен танысты. Өздері ізденген мәліметтермен бөлісті.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағыты бойынша І тоқсанда «Жолда жүру ережесі», «Ұланбасшы -2020» байқауы өткізіліп, алғыс хат иеленді. «Мамандық таңдау» 3 видеожазба түсірілсе, «Жас Ұлан» атты онлайн вебинар өткізіліп, маңызды ақпараттар берілді.
ІІ тоқсанда 6-сынып оқушылары арасында "Қауіпсіз жол бағыты" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Онлайн сабақ барысында оқушылар жол жүру ережелерімен танысты.
9 қарашада 11-сынып оқушылары Қазақстан университеттеріне онлайн саяхат жасады. Оқушылар оқу орындары туралы көп мәліметтер алып, тарихымен танысты.
ІІІ тоқсанда «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жалпыреспубликалық акциясы қарсаңында мектеп оқушыларының оқырмандық қызығушылығын арттыру мақсатында наурыз айынан бастап, 6 бейнерлик дайындалып жарияланды.
Мектепішілік орыс сынытары оқушылары арасында құрылған «Интеллект» дебат клубы «Грядущий мир», «Мир подростков», «НЛО» тақырыптарында онлайн дебат ұйымдастырды. Оқушылар дебат жұмысының жүргізілуімен танысты.
ІV тоқсанда оқушылармен "Оқуға құштар мектеп" акциясы аясында "Кітап - білімнің көзі" тақырыбындағы іс-шара өткізілді.
7"В"-сыныбында "Қауіпсіз интернет" акциясы қарсаңында "Ғаламтордың зияны" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар интернет желісінің мүмкіндіктерін аша отырып, зияны туралы білді.
8"Г" сынып оқушысы Қайырбек Мұхит ҚР 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген "ҮЗДІК ЖАС АҚЫН-2021" атты республикалық байқауының жеңімпазы атанып, төсбелгісімен марапатталды.
Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағыты бойынша «Ұстаздар күніне арналған» мерекелік концерт онлайн режимінде көрсетіліп, әрбір сынып жетекші ұстаздар туралы түрлі 14 видеожазба түсіріп әлеуметтік желіге жүктеді.
Қазан айында «Сазгер Әсет Бейсеуов әлемі» тақырыбында 8 видеожазба көрсетілсе, «Шебер колдар» 2 видео, «Алтын күз» мерекесі қашықтықтан оқушылардың күзгі көрме жасау, мәнерлеп өлең оқу кештерімен жалғасты.
«Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында сыныптар бойынша 15 бейнеролик түсіріліп, мектеп парақшасына жарияланды.
Мектептің «Жас журналисттері» 1-мамыр Бейбітшілік күніне орай бейнежолдауарқылы құттықтады. Халықаралық ынтымақтастық күніне орай 18 бейнеролик дайындалып, мектептің әлеуметтік желілеріне жүктелді.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша І тоқсанда «Денсаулық» фестивалі ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шараларға 8 видеожазба түсірілсе, «Педикулездин алдын алу жолдары» тақырыбында онлайн вебинар ұйымдастырылды.
ІІ тоқсанда «Денсаулық» фестивалі ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шараларға 5 видеожазба түсірілді.
10 қарашада дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен бокс жаттықтырушысы, спорт шебері Пірназаров Жұмабек Абайұлымен кездесу өткізілді.
"Денсаулық фестивалі-2020" аясында 7-сыныптар арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Пазл ойыны" тақырыбында онлайн-викторина өткізілді.
17 қарашада дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Карате Киокушинкай спорт түрінен 2 дан қара белбеу иегері жаттықтырушы Сарбасов Хайдар Өмірбекұлымен кездесу ұйымдастырды.
ІІІ тоқсанда «Денсаулық» фестивалі ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шараларға 6 видеожазба түсірілді.
8 "В" сынып оқушысы Айдар Әли Алматы қаласының қысқы футбол чемпиондығында "Үздік қорғаушы" атағына ие болды.
Ақпан айында дене шынықтыру пәні мұғалімдері "Қысқы спорт түрлері, денсаулыққа пайдасы" туралы ескертіп, спортпен айналысуға арналған бейнеролик дайындап, әлеуметтік желіге жариялады.
Наурыз айында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Окей А. және Сайдиев Х. ұйымдастыруымен 9-11-сынып оқушылары арасында "Тәуелсіздікке — 30 жыл" айдарымен волейбол спорт түрінен жарыс өткізілді.
ІV тоқсанда 8-сынып оқушылары арасында емхана дәрігері Жанар Нұрғазықызы "Зиянды әдет, жаһандық індет және реподуктивті денсаулық" тақырыбында баяндама жасап, оқушылармен сұхбаттасты.
1-маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Әсет Бейсеуов орта мектеп КММ-нде оқушылармен ашық алаңда сыныпаралық бормен салынған суреттер байқауы және спорттық эстафета сайысы болды. Оқушылар уақытын көңілді өткізді.
Үйірме жұмысы. Оқушыларға жан-жақты білім беру, интеллектуалдық мүмкіндіктерін, жеке бас ерекшіліктерін дамытуда үйірме жұмыстарының маңызы зор. Мектебімізде 81 бюджеттік, 9 ақысыз үйірме; 14 бюджеттік, 15 ақысыз спорттық секциялар жұмыс істейді. Баланы еңбекке баулуда, оның дарындылығын, қабілетін өрістете отыра адамгершілік, эстетикалық іскерлікке машықтандыруда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың атқаратын рөлі зор. Оқушының көркемдікті сезіні білуі, еңбек эстетикасын, сұлықты түсіне білуде сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстармен тікелей байланысты. Мектептегі үйірмелер спорттық секциялар осы жұмыстарды жүзеге асыру мүмкінділігі болып табылады. Осы үйірмеге 1-9 сыныптардан 1616, секцияларға 1510 оқушы 5-9 сыныптардан қатысады.
Ата-аналармен жұмыс бойынша жыл бойына ата-аналармен 14 жиналыс өткізілді. Оның 4 жалпыреспубликалық жиналыс болса, 10 Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Онлайн форматта өткізілген жиналыста мектептің 82-сынып комплектісінің ата-аналары қамтылды. Ата-аналар назарына 2020-2021 оқу жылындағы оқушылардың сабақтағы үлгерімі мониторинг түрінде ұсынылды. Жазғы демалыс кезіндегі бала қауіпсіздігі туралы айтылып, электронды жадынамалар таратылды.
Ата-аналармен байланысты нығайту мақсатында және оқу жылының басында қашықтықтан оқыту үрдісіне бейімдеу мақсатында 2 вебинар ұйымдастырылды. 7-11- сыныптар ата-аналары арасында ювеналды полиция аға майоры А.Б.Газизовамен «Бала құқығын қорғау» тақырыбында кездесу өткізілді.
«Жас Ұлан» ұйымы жұмысы І тоқсанда «Ашық жүрек» жобасы бойынша мектепішілік волонтерлық топ құрылып, құрамы сайланды және «Адал ұрпақ» клубы жоспарға сай өз жұмысын бастады. «Отбасы» күніне орай Зум арқылы Жас Ұлан оқушыларына «Отбасы- бақыт мекені» атты онлайн вебинар және «Көшбасшылық қасиеттер арқылы оқушылардың өзін-өзі басқару құзіреттілігін жетілдіру» тақырыбында онлайн-тренинг ұйымдастырылды. 1-қазан Қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбымен ардагер ұстаз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қария Т.Ешенқұловпен карантиндік ережелерді сақтап, кездесу ұйымдастырды.
Қыркүйекте Тіл мерекесіне арналған он күндіктің ашылу салтанаты онлайн түрде ұйымдастырылды. Тіл мерекесіне орай әзірленген бейне роликтер мектеп фейсбук парақшасында жарияланды.
«Жас Ұлан» ұйымның көшбасшылық сайлау рәсімі де қашықтықтан ұйымдастырылып сайлау онлайн түрде болып өтті. Мектеп президентіне үміткерлікке 2 оқушы өз кандидаттығын ұсынып, сайлауалды жұмыстарын жүргізді.Нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 9 «а» сынып оқушысы Ахкажиева Құрбанай мектеп президенті болып сайланды.
Қыркүйектің 26-ы өзін-өзі басқару ұйымының алғашқы кеңесі шақырылып, жұмыс жоспары талданып, бекітілді. Бұл іс-шара оқушылардың мемлекетіміздің саяси өміріне араласуына, оған өзіндік үлес қосуға,азаматтық ұстанымға, болашаққа сеніммен адымдауға, бірлесіп жұмыс істеуге, мемлекет заңын құрметтеп,жүзеге асыруға мол мүмкіншілік берді.
«Жас Ұлан» ұйымы шақырған кеңесі нәтижесінде «Ашық жүрек» жобасы бойынша мектепішілік валантерлық топ құрылып,құрамы сайланды және «Адал ұрпақ» клубы жоспарға сай өз жұмысын бастады.
«Отбасы» күніне орай Зуум арқылы Жас Ұлан оқушыларына «Отбасы- бақыт мекені» атты онлайн вебинар және «Көшбасшылық қасиеттер арқылы оқушылардың өзін-өзі басқару құзіреттілігін жетілдіру» тақырыбында онлайн-тренинг ұйымдастырылды.
1-қазан Қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбымен ардагер ұстаз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қария Т.Ешенқұов және жары К.Баймағанбетовамен карантиндік ережелерді сақтап,кездесу ұйымдастырды. Мақсат жас ұрпақтың санасында үлкенді құрметтеу, олармен жақсы қарым-қатынас жасауды насихаттау болды.
Әсет Бейсеуовтың 82 жылдығына арнап белгілі қоғам қайраткерлерінен сұхбат алып, бейне ролик фейзбук парақшасында жарияланды.
Қараша айында «Мейірімді жүрек» валантерлық тобы мен педагог ұйымдастырушы Жанхужаева М.Б мен бірге үйде оқитын ерекше күтімді талап ететін оқушының халінен хабар алып,тәттілермен сыйлады және бірнеше ойындар ойнап,ән айтып көңіл-күйін көтерді.
Аймақтық «Сөзге шебер,тілге жүйрік» Бала би шешендік өнер сайысына онлайн түрде қатынасып,жүлделі 1-орынды иемденіп,ауданға жолдама алды.
Онлайн форматта өткен «Үздік Ұланбасшы» сайысына мектеп ұланбасшысы Ахкажиева Құрбанай өз партфолиосын ұсынып,сайыс қатынасушысы атанды.
«Полицияның жас достары» тобы аудандық ИИБ полиция капитаны Н.Т. Тоқтарбековамен қашықтықтан «Адам неге заңды бұзады» тақырыбында сұхбат өткізді және өздерін қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап алды.
Тұңғыш президент күні қарсаңында бастауыш сынып оқушыларын «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны карантиндік режимді сақтап мектеп спорт залында өткізілді.Ұйымға 65 оқушы қабылданды .Оқушыларға көк түсті галстук және «Жас Қыран» төсбелгісі табысталды.
Аудандық Тұңғыш президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты қашықтықтан өткізілген бейне роликтер байқауына қатынасып, жүлделі екінші орыны иемденді.
Желтоқсан айында 6-сынып оқушыларына қашықтықтан «Қауіпсіз жол бағыты» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды.Осы орайда оқушыларға презентация және бейне роликтер көрсетілді. Жас ұрпақты түрлі жол апаттарынан сақтандыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара болатын.
Егемендік күні қарсаңында «Жас Ұлан» ұйымына 5-сынып оқушыларын қашықтықтан қабылдау рәсімі болып өтті.Онда оқушылар ант тапсырды және Жас Ұлан әнін бірге шырқады.Қашықтықтан ұйымдасқан іс-шараға ата-аналар және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Макенбаева Қ.А қатысты.Шара соңында оқушыларға өз жылы лебізін білдірді және сәттілік тіледі.
16-желтоқсан күніне орай Отан бағыты мүшелері онлайн құттықтау жолдады және оны Жас Ұлан ұйымының фейзбук парақшасында жариялады.
Жас Ұлан тобы мүшелері Жаңа жылдық мерекеге орай құттықтау сөздерін бейнебаян арқылы жолдады.
1-Наурыз күні «Алғыс айту»күніне орай видео роликтер әзірленіп,әлеуметтік желіде жарияланды. 8- наурыз халықаралық әйел қыздар мерекесіне байланысты құттықтау ұйымдастырылып,1- этаж фоеде ұстаздарды мекрекелік көңіл –күймен күтіп алып,құттықтау қағаздарын үлестірді.
Қыздармен жұмыс. Қыз баланың физиологиялық, психологиялық даму кезеңдерін басшылыққа ала отырып, әртүрлі тәрбие жұмыстары жүргізілді. «Қызғалдақ» қыздар ұйымы құрылып, мақсаты: Ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл қасиеттерін терең түсіне білетін, қазақ қыздарына тән қасиеттерді, ары таза, сымбатты да сұлу, сыпайы, биязы, өнерлі, болашаға жарқын қыздар тәрбиелеу болды. Қыздар ұйымында 25 қыз жұмыс жасайды.
Қарғалы ауылдық ауруханасының гинекологы және мектеп медбикесі Баглаева Т. енді жетіліп келе жатқан 7-8 сынып қыздарына және 10-11 сынып қыздарына жеке-жеке «Репрдуктивті денсаулық» атты баяндама оқыды.
Қараша айында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында мектепшілік онлайн жиналыс өтті. Жиналысқа 9 – 11 сынып қыздары қатысты. Аурухананың акушер-гинеколог Чакчабаева З.А. өз онлайн дәрісінде ерте жүктілік 15-17 жас арасында өте қауіпті екені жайлы айтып өтті.Қыздарға жеке бас гигиенасы жайлы толық мағлұмат айтылып өтілді. Оқушылар тарапынан түсінбеген сұрақтарын қойылып,сол сұрақтарға жауаптар алынды.
«Қызғалдақ» тобымен ІІІ тоқсанда екі рет жиналыс жүргізілді. Жиналысқа 9-11 сыныпдан 96 қыз қатысты, 7-8 сынып арасында 96 қыз қатысты. Қыздардың болмайтын заттарға байланысты өз өмірлеріне зиян келтіруіне байланысты педагог-психологтармен бірігіп, «Өмір, қымбатсың маған!» атты психологиялық кеңестер берілді. ІV тоқсанда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «Қызғалдақ» ұйымымен «Репродуктивті денсаулық және жеке гигиена» тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырды. Мектеп психологтарымен бірігіп, «Маған өмір керек, мен өмірге керекпін» атты суицидке қарсы қыздар арасында диспут өткізілді.
Ұлдармен жұмыс. І тоқсанда «Сарбаз» үйірмесінің жетекшісі Иниятов Л.С. онлайн режимде «Ақылды бала мен ақылды қыз» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды. Ер балаларды адамгершілікке, имандылыққа, қазақтың ер мінезді, мінез-құлықтарына тәрбиеледі. Мәдениеті дамыған тәуелсіз қазақ елі туралы жан-жақты мәліметтермен деректер көтерілді. Іс-шара соңында оқушылар тәуелсіз Қазақстан Республикасы өркениетке қадам басқан, Евразияның кіндігі екендігіне көз жеткізіп, өз отанының азаматтар болғанын мақтаныш сезімімен білдірді.
Жалпы «Құқықтық білім беру» бағдарламасын орындау барысында мектепте 9-11 сынып ұлдарымен жиналыс өткізілді. Бұл жиналысқа Жамбыл АІІБ ЮПТ-ның полиция қызметкері Набиев Ф.Н. кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен бұзақылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға лекция оқыды. Онда заң баптарын талқылап түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мектеп психологтары «Менің құқықтық алаңым» атты профилактикалық онлайн тренинг өткізді. Презентация арқылы оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері жайлы және «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» туралы видеоролик көрсетті. Адам баласының жақсы болу тегінде емес, тәрбиесінде емес, ақылында, өнер білімінде демекші осы жиналыстан алған құқықтық білімдерін өмірде дұрыс қолдану керектігі айтылды.
Қазан айында педагог –психологтар тарапынан 8 – 10-сыныптар арасында оқушылардың эмоциялық деңгейін анықтау мақсатына Басса Даркийдың сауалнамасы жүргізілді. Қараша айында 6-10 сынып ұл балаларының арасында «Темекі мен арақтан, аман болшы, балалар» тақырыбында баяндама оқылды. Оқушыларға темекінің, арақтың адам денсаулығына зияны туралы айтылды.
«Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық акция қарсаңында 5-11 сынып оқушыларынан бопсалау фактілерінің бар-жоқ екендігін анықтау мақсатында жасырын сауалнама жүргізілді.5-8 сынып ұлдары «Біз есірткісіз, темекісіз, ішімдіксіз өмірді таңдаймыз» атты сурет байқауына қатысты.
Кітапхана жұмысы бойынша мектеп кітапханасында еліміздегі пандемиялык жағдайға байланысты онлайн түрде оқырмандарды еліміздегі, әлемдегі елеулі оқиғалармен, жаңалықтармен, өзгерістермен дер кезінде таныстыру, ата заңымыз Конституцияны, еліміздің рәміздерін, құқықтық мемлекетімізді, халқымыздың тарихы, тілі, дәстүрлері туралы әдебиеттерді насихаттау үшін түрлі тақырыптарда кітап көрмелері, папкалар жасалып , библиографиялық шолулар жасалды.
2020-2021 оқу жылында мектебімізге 11 сынып оқушыларына және 1-10 сыныптарға қосымша оқулықтар келіп түсті.
2020-2021 оқу жылында 3,6,8 сыныптарға Атамұра баспасынан 4699 дана оқулықтармен бірге әдістемелермен қамтамасыз етілді. Алматы кітап баспасынан 2514 кітап, Арман ПВ баспасынан 1422 дана оқулық алынды. Мектеп баспасынан 1318 оқулық, дәптер, әдістемелер келді.
Барлығы 2020-2021 оқу жылында- 8813 кітап қосымша берілді. 2020-2021 оқу жылында мектебіміздің кітап қоры – 86370, оқырман саны- 1750, оқырмандар келу саны - 10040, кітап беру саны - 38875 құрады.
Кітапханаға оқушылар келіп, кажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстар мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Окырмандар саны- 1580. Кітапхана қызметінің маңызды бір саласы- әр кезде жарық көрген жақсы шығармалардыкөпшілік арасында насихаттау. Кейінгі кезде қазақ халқының әр кезеңдегі қилы тарихына байланысты жазылып, көпшілік ортасына жол тартқан шығармаларды Онлайн тәрбие сағаттарын, түрлі кештер,кітап көрмелерін ұйымдастыру арқылы насихатталады.
Мектеп кітапханасының және оқырмандарының жұмысы тәрбие бағыттары тармағында қамтылды.
Мектептің психологиялық қызметі мектеп оқушыларының оқуы мен тәлім-тәрбие процесінде психологиялық тұрғыдан үздіксіз зерттеу жүргізу, даму ерекшеліктерін зерттеу мақсатында жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.
Балаларға қатысты зорлық – зомбылық және қатыгездік көрсетудің алдын-алу жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспары бойынша жұмыс жоспарлы атқарылды. Сауалнамалар, онлайн тренингтер жүргізу барысында зорлық-зомбылыққа ұшыраған оқушылар анықталмады.
Ақпан айында 5 - 11 сынып оқушыларынан «Отбасы тұрмыстық, зорлық зомбылық» тақырыбында сауалнама жүргізілді.
Наурыз айында 1-ші сыныпқа келген оқушылармен тренинг - ойындар жүргізе отырып, танысты. Сабақта, сабақтан тыс іс-шаралар үстінде оқушыларға бақылау жүргізілді.
3 - тармағы бойынша 1 сынып ата –аналарымен онлайн түрде «Баланың басты тірегі - Отбасы» тренинг жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді. Зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» , «Буллинг», «Кибербуллинг»,«Отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған Нұржанның хаты», «Сынық құмыра», «Менің арманым» бейнероликтері көрсетілді. Ата-аналар тернингтен алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс жасады. Ойға түйер мәліметтердің көп болғандығын, қателіктерін түзетуге тырысатындығын, алғыстарын айтып, жақсы көңіл- күйде болды.
1-4 сынып ата-аналарына баланың ішкі жан дүниесін сезіну, қолдау мақсатында кеңестер берілді. Оқушылардың бойындағы үрейді болдырмау алдын алу, зорлық – зомбылықтың, қиын жағдайға душар болудың алдын алу және түсініктерін кеңейту мақсатында «Көңіл – күйімізді суреттейміз» жаттығуы, «Оқушы болған қалай екен?» видеоролик (1- сынып), 5-сынып оқушыларының мазасыздық деңгейін төмендету жаттығулары (слайд, видеоролик), «Қасіретсіз өмір- бақытты балалық шақ» тренинг-жаттығу (7-11 сынып).
7 тармағы бойынша кәмелетке толмаған оқушыларға интернет сайдтарға кірген,тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Балалар мен жастар арасында интернет- тәуелділік қалыптасуының алдын алу», «Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» жайлы мағлұматтар беріліп, түсініктеме жұмыстары және «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» атты видео роликтер (слайд) көрсетілді.
Қазіргі жағдайға байланысты тіркеуге алынған оқушылармен қашықтықтан онлайн, ватсап, зоон желілері арқылы хабарласып, бейнероликтер мен жаттығулар жүргізіп отырмыз. «Сенің есімің», «Мен және мен» жаттығулары жүргізілді. Мақсаты: Өзі туралы, өзінің қоғамда алатын орны туралы ойын дамыту; жеке позициясын түсіну.
Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтарының алдын-алу бойынша 2019-2021 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес құрылған мектепішілік жоспардың 3 - тармағы бойынша Кәмелетке толмаған оқушыларға интернет сайдтарға кірген,тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Балалар мен жастар арасында интернет- тәуелділік қалыптасуының алдын алу», «Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» жайлы мағлұматтар беріліп, түсініктеме жұмыстары және «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» атты видео роликтер (слайд) көрсетілді.
8 - тармағы бойынша білім беру ұйымдарында диагностика жасау арқылы депрессия және үрейдің бұзылуы бар жасөспірім контингентін анықтау бойынша күйзелістің алдын-алу мақсатында мектептегі мазасыздану тесті жүргізілді. «Реніштер қобдишасы, мазасыздықтан қалай құтылуға болады, мен өзімді мақтан етемін ойын жаттығулар арқылы оқушылардың психологиялық факторлары, әлеуметтік-педагогикалық моральдық этикалық факторлары қарастырылды.
Оқушылардың қиын жағдайдан шыға білу әрекеттерін анықтау мақсатында 7-9 сынып оқушыларымен видеороликтік сауалнама жүргізіліп, мониторинг жасалынды. Сауалнамаға 191 оқушы қатысты. Сауалнама үш кезеңнен тұрды: бейнероликке дейін, бейнероликтен кейін, шағын эссе жазу.
13 - тармағы бойынша 8-11 сынып қыздарымен Жыныстық өмір деген не және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында видео материалдар (слайд) ЗООМ арқылы жүргізіліп, пікір алыстық.
15 - тармағы бойынша келеңсіз оқиғаларға тап болған балалар мен жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсету және кеңес беру тақырыбында бейнематериалдар жіберілді.
Дүниежүзілік психикалық денсаулық сақтау күніне орай оқушыларға «Психикалық денсаулығымыз туралы сөйлесейік» тақырыбында онлайн ЗООМ арқылы жүргізілді.
17- тармағы бойынша Зоом арқылы күйзелістің алдын алу, салауатты өмір мықты денсаулық кепілі екендігін насихаттау жөнінде «Салауатты өмір салтын сақтай біл» тақырыбында (жадынама, жаттығулар) бейнеролигі оқушылардың ватсап желісіне және фейзбук, инстограмм парақшасына жіберілді.
27- тармағы бойынша зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» , «Буллинг», «Кибербуллинг»,«Отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған Нұржанның хаты», «Сынық құмыра», «Менің арманым» бейнероликтері көрсетілді. Ата-аналар тернингтен алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс жасады. Ойға түйер мәліметтердің көп болғандығын, қателіктерін түзетуге тырысатындығын, алғыстарын айтып, жақсы көңіл- күйде болды. Қамтылған оқушы саны- 802, 793-ата-анаға видео жіберілді. Оқушылардың ата-аналарына, сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне зорлық-зомбылық туралы мәлімет беріліп, ұсыныстар, кеңестер айтылды. 1-4 сынып ата-аналарына баланың ішкі жан дүниесін сезіну, қолдау мақсатында кеңестер берілді.Оқушылардың бойындағы үрейді болдырмау алдын алу, зорлық – зомбылықтың, қиын жағдайға душар болудың алдын алу және түсініктерін кеңейту мақсатында «Көңіл – күйімізді суреттейміз» жаттығуы, «Оқушы болған қалай екен?» видеоролик (1- сынып), 5-сынып оқушыларының мазасыздық деңгейін төмендету жаттығулары (слайд, видеоролик), «Қасіретсіз өмір- бақытты балалық шақ» тренинг-жаттығу (7-11 сынып).
Түзету- дамыту жұмысы. Мектепішілік есептегі, «Тәуекел» тобындағы оқушылармен айына екі рет онлайн-сұхбаттасу, кездесулер ұйымдастырылып, психологиялық күйлері бақыланып отырды. Оқушылармен айына бір рет ұзақтығы 40 мин. тренинг сабақтары жүргізілді. Мысалы: «Сенімділік кілті», «Өмір қандай керемет», «Мен ойшылмын», «Біз зорлық-зомбылыққа қиянат жасауға қарсымыз», «Менімен кім ойнайды», «Қарым-қатынас маған қуаныш сыйлайды» «5- сынып дегеніміз не?» «Біз зорлық зомбылыққа, қиянат жасауға қарсымыз», қазан айында «Қарым- қатынас маған қуаныш сыйлайды», «Менде не бар», қараша айында «Өзін тану», желтоқсан айында «Өмірді сүйе білейік» т.б тақырыптарда тренингтер жүргізілді. Кеңес беру және ағарту бағыты. Оқушыларға үнемі психологиялық кеңестер беріліп тұрады.
2020-2021 оқу жылында мектебімізде 4 оқушы Олар: Бердімұратов Алмат 9 «В» сынып, Дулатбаева Русалина 10«Б» сынып, Тасуов Нұрмұқасан 8 «В» сынып, Жұманова Аяулым 10«Б» сынып қыркүйек айынан бастап қазіргі кезде мектепішілік тәртібі қиын оқушылар тізімінде тұр.
Бұл тіркеудегі оқушыға қазіргі уақытта оқушының есепке алу парағы, оқушының жеке парағы, оқушының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, сол оқушымен атқарылатын жұмыс жоспары, мектеп психологімен, тәлімгерімен, сынып жетекшісімен, ата-анасымен сұхбаттасу жоспары, психологтің жүргізген жұмысының қорытындысы сияқты жеке бақылау қағаздары толтырылды.
Тәртібі қиын оқушылардың құқықбұзушылығын алдын алу бойынша мектепішілік комиссиясының жоспарлы отырыстарында қарастырылып толтырылды. Бердімұратов Алмат 9 «В» сынып, Дулатбаева Русалина 10«Б» сынып, Тасуов Нұрмұқасан 8 «В» сынып, Жұманова Аяулым 10«Б» сынып тәртібіне құқықбұзушылығын алдын алу бойынша мектепішілік комиссиясында қаралып, мектепішілік тізімге алынды.
Әр ай сайын мектепішілік тізімде, есепте тұрған оқушылардың үйлерін аралап рейд жүргізіледі. Оған сынып жетекшілер мектеп инспекторы қатысады.
Есепте тұрған оқушылардың үйіне мектеп психологтары, сынып жетекшісі және әлеуметтік педагогпен рейд жасалды. Мектепшілік есепте тұрған оқушылар сабақтан себепсіз қалмауға және бос уақыттарында спортпен шығуылдануда, мектепшілік іс-шараларға толық қатысып жүр.
Оқушылардың бос уақытын өткізуін бақылау мақсатында тұрғылықты жерлерден және мөлтек аудан бойынша байқалған ойын клубтарында оқушылардың жиі болуын анықтау рейді мектеп инспекторы және сынып жетекші тарапынан және бекітілген адамдардың бақылауымен жүргізілді.
Оқушылардың сабақты себепсіз босатуын болдырмау мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Қазан айында мектеп психологтары оқушылармен «Танысу» сауалнамасы жүргізіліп, балалар сұрақтарға өз ойларын ашық жазды.
Қаңтар айында «Мектепішілік есепте» тұрған оқушылармен тыныштандыру, сабырға келу, мақсатында «Алфавит» жаттығуы, жаман эмоциядан арылу мақсатында «Сілкіп таста» жаттығуы, қиын жағдаяттан оңай шығу «8-текше» жаттығулары жүргізілді. Жаттығу штаттық режімде оқытылып жатқан 9 –сыныптармен жеке кеңес кезінде өткізілді.Қашықтықтан оқытылып жатқан 10 сыныптармен сынып жетекшілерінің көмегімен онлайн ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылып, кері байланыс жасалды. Оқушылар жаттығудан кеін өз ойларымен бөлісіп, жеңіл сезінгендерін айтты.
Сәуір айында түзету- дамыту бағдарламасына сәйкес ата –аналармен «Ата-ана мен бала арасындағы қарама - қайшылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел онлайн ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылып, кері байланыс жасалды.
Жұмыстың нәтижесі: Осы жаттығудың жүргізілуі, өтілу барысы туралы айтылды. Ата –аналар топтың ынтымақтастықта болуына ықпалын тигізді. Ата –аналар мен оқушылар белсенді, эмоциялы оймен аяқтауын назарда ұстау, түзету дер кезінде қысқа түрде жүргізіліп отырды. Бұл жаттығудың мақсаты ата –аналар мен балалар арасында болатын кикілжіңнің алдын алуды үйретеді.
Мамыр айында достық қарым -қатынасты нығайту мақсатында «Қоштасу» , «Сау бол!» тренинг жаттығулар ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылып, кері байланыс жасалды.
Жұмыстың қорытындысы: Осы жаттығу арқылы өзінің ішкі әлемін танытуға көмектесті деп ойлаймын, өйткені жаттығу кезінде оқушы өзін еркін ұстады, еш қобалжымай өз деңгейінде жауап берді. Оқушы жаттығуға белсенді қатысып, жақсы әсер де болды.
Қазіргі таңда түсіндірме жұмыстары жүргізілу мен қадағалау барысында оқушылар жақсы тәртіп көрсетіп жүр.
Медициналық қызметжоспар бойынша атқарылды. Білім беру үдерісі мен шарттарының сабақ кестесіне, жылу режиміне қойылатын талаптарға толық сәйкес; саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі және нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Мектепке қабылданатын мектепалды , бірінші сынып балалары және кезекші сыныптарға келетін оқушылар арнайы аудандық емханадан медициналық тексерістен өтті. Күнделікті таңертеңгілік фильтр өткізіліп, арнайы тіркеу журналына жазылып тұрды. Қосымша сынып бөлмелеріне 6 диспенсер орнатылған.
Мектепте медбике және директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасарлары мен бірге күнделікті таңертеңгілік және түскі фильтр жұмысы жасалынады. Сол күнгі сабаққа келмеген оқушылардың себептері анықталып, тексеріп қадағаланады. Күнделікті таза ауыз су қадағаланды.
Тұмау және вирусты гепатит А аурына диктанттар жазылып, санбюллетеньдер шығарылды.
Қорыта келгенде, «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» - деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев дәл тауып айтқан. Тәрбие беру- үздіксіз үрдіс болғандықтан, заман талабына сай жаңа әдіс- тәсілдерге сүйенген тәрбие жұмысын жалғастыра береміз. Осындай жастарды тәрбиелеу, патриот, ұлтжанды,салт-дәстүрін құрметтейтін, мейірімді және адамгершілікті тұлға тәрбиелеу мектеп ұстаздары алдында тұрған міндет болып есептеледі.