Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау барысы » Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 3-15-58
Есепші бөлімі:
+7(72770) 3-15-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау барысы
20
ноябрь
2020

Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау барысы

Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ке дайындау барысы
Мектебімізде 4 сыныпта 71 оқушы 11-сыныпты аяқтағалы отыр. Оның ішінде үшеуі қазақ, біреуі орыс сыныбы. «Алтын белгіге үміткер» 9 оқушымыз бар. 11 жылдық білімінің нәтижесін көрсететін ҰБТ болғандықтан, оған дайындық жұмыстары пән мұғалімдерінің көмегімен жоспарлы түрде жүргізіліп келеді.
Айта кетсек:
1.Аудандық ұлттық тест орталығымен бірлесіп, онлайн (3) және офлайн(1) жаттығу тестері алынды.
2.Дарын-онлайн платформасы бойынша онлайн тест алынып, бейнесабақтар көрсетіледі.
3. Пән мұғалімдері Zoom платформасы арқылы қосымша дайындық сабақтарын кесте бойынша жүргізеді. Тест тапсырмалары арқылы бекітіп отырады.
4. Оқушылар «Мирас», «Даму-онлайн» орталықтарында қосымша сабақтарға қатысады.
5. Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесу ұйымдастырылуда. Бұл кездесу оқушыларымыздың грантиегері болуына мүмкіндік береді .
6. Алматы қаласында жоғарғы оқу орындарында және колледжде оқитын өз мектебіміздің түлектерімен Zoom платформасында онлайн кездесу ұйымдастырылды. Оған әртүрлі мамандықтар бойынша 10 студент қатысты.
Оқушылардың дайындық жұмыстарының нәтижесін арнайы алынған тест тапсырмаларын, эссе және шығармашылық жұмыстарын алу арқылы кері байланыстар жасаған кезде анықтаймыз.
І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша кездескен кедергілер:
- кейбір оқушылардың мамандық таңдауда әлі де болса тұрақсыздығы;
- балаға ата-ана тарапынан қолдаудың жеткіліксіз болуы.
Шешу жолдары:


- оқу гранттары мен ақылы оқу орындары бойынша кәсіби бағдар беруді жалғастыру;
- ата-аналармен кәсіптік-техникалық колледждермен кездесу ұйымдастыру;
- пән мұғалімдері тарапынан өткізілетін сабақтарды әкімшілік тарапынан бақылау.

Похожие публикации:

02 июль 2017 соңғы қоңырау
14 апрель 2017 кеңес
14 апрель 2017 ҰБТ туралы