Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ 1 жарты жылдық бойынша педагог –психологтардың жүргізілген жұмыстарына аналитикалық талдау. 2021-2022 оқу жылы » Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 3-15-58
Есепші бөлімі:
+7(72770) 3-15-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ 1 жарты жылдық бойынша педагог –психологтардың жүргізілген жұмыстарына аналитикалық талдау. 2021-2022 оқу жылы
26
февраль
2022

Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ 1 жарты жылдық бойынша педагог –психологтардың жүргізілген жұмыстарына аналитикалық талдау. 2021-2022 оқу жылы

Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ
1 жарты жылдық бойынша  педагог –психологтардың жүргізілген жұмыстарына аналитикалық талдау. 2021-2022  оқу жылы
     1 -5  сыныптарды оқыту барысындағы оқушылардың мектепке бейімділігін қалыптастыру.
 Биылғы оқу жылында 1 – сыныпқа барлығы   236 оқушы қабылданып, 10  сынып ашылды.         
Оқушылардың мектепке дайындығын анықтау мақсатында 1 – сынып оқушыларынан  «Керн - Йирасек» тесті жүргізіліп, нәтижесі шығарылды.
Тест үш тапсырмадан тұрады:
1. ойға сүйене отырып ер адамның суретін салып дене бітімін бейнелеу;
2. жазба әріптерін үлгіден көшіріп салу;
3. нүктелер тобын көшіріп салу.
Бұл оқушылардың барлығының ойлау қабілеттері (логикалық, абстаркті  және   вербальды ) ойлау деңгейі, зейіні, қарапайым түсініктегі білім деңгейі, жазба әріптерге еліктеуі, көшіре білуі, суреттік субьектілері, тілінің дамуы, таным белсенділігі, уақытты және кеңістікті бағдарлауы, түстерді ажырата білуі және т.б. психологиялық ерекшеліктері арнайы дайындалған  Керн Йирасек   тесті бойынша толық зерттелді. Зерттеу нәтижесі бойынша барлығы  236 оқушы мектепке оқуға  дайын екені анықталды, бірақ  әр сыныптан   1-2 оқушыдан  жалпы дамулары  баяу, зейіндері  шашыраңқы, іс-әрекеті, моторикалық қозғалысы баяу, ойлаулары орташадан төмен екені байқалды.
Тест нәтижесінде:
Қорытынды:
         Жалпы қабылданған оқушылардың психологиялық жағынан   оқуға  дайындығы  орташа болғанымен балалардың басым көпшілігінің психологиялық ерекшеліктерінің (ойлауы, зейіні, есте сақтауы, қабылдауы, әрекеті) жақсы дамығаны, таным белсенділігі  жоғары    екендігі, өз бетімен сурет салуға, сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып сөйлеуге, әңгімелеп беруге біршама дағдыланып, машықтанғаны   байқалып тұрды. 
Оқушылардың   зейінін, байқағыштығын, қабылдау  ерекшеліктерінің  деңгейін   анықтау  мақсатында «Не артық?» , «Үйшік» әдістемелері жүргізіліп, нәтижесі шығарылды.                                     
Барлық  тапсырмаларды   балалар  өз  бетімен   орындады. Тапсырма  орындау  кезінде   қиналғандарда  болды.  Сынып   жетекшілеріне  кеңестер  берілді.
5-ші сыныптарының   бастауыш  сынып пен  орта буынға   бейімделуі  туралы 
     Балада кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сыныпта оқушы тек бір ғана мұғалімге, бір кабинетке, тұрақты қалыпқа үйренген. Ал ол орта сыныпқа келген кезде балаға бірнеше мұғалімдер сабақ береді, сабақ кестесінің ауысуы, жаңа мұғалімдермен қарым-қатынас жасау, мұның бәрі оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады, бастауышпен салыстырғанда сабақ оқуы нашарлайды, сыныптастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынаста қиындық сезінеді. Сонымен баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін, оқушылардың білімге деген қызығушылығын ояту, мұғалімдермен қарым-қатынас жасауда міндетті түрде психологиялық көмек қажет.
Төмендегі параметр бойынша психикалық ерекшеліктерінің диагностикасы зеріттелді
1.Психикалық ерекшеліктері
2.Есте сақтау қаблеті
3.Зейін аудару
4.Біліктілігі
5.Дағдарысы
(Оқушылардан мазасыздық шкаласы тесті, гугол формада, Түмедақ әдістемесі оқу мотивациясына, пәнге қызығушылығын анықтау, мен бақытты баламын эссе жазғыздық)
Оқу мотивациясын анықтау
Нұсқау:  Түймедағы   гүлінің суретін сал, әрбір күлтегіне өтілетін сабақтарды жаз.
Шарты: 1. Ең қызықты өтетін, саған ұнайтын сабақты қызыл түспен боя.
             2. Саған оқуға қиын пәнді көк түспен боя
             3. Қызықсыз өтетін сабақты қара түспен боя
             4. Саған ұнамайтын сабақты қара түспен боя. 
Сен мұғалімдерді қалай қабылдайсың? (сауалнама)
Мақсаты: оқушылардың мұғалімге деген қарым-қатынасын анықтау.
Қатынасқан оқушылар саны: 214
1. Сыйлаймын- 100 %
2. Ақылын тыңдаймын- 100 %
3. Үлкен адамдарға құрмет көрсету керек- 95 %
4. Мұғалім маған білім береді- 85 %
  Қорытынды. Бұдан  оқушылардың  мұғалімге   деген  қарым-қатынасының жақсы екендігі мен өзара түсінушіліктері байқалады.
«Оқушылардың пәнге көзқарасы » сауалнамасы
Зерттелуші: 5-сынып оқушылары
Барлық оқушылар саны: 198  
Қатысқаны: 198
1.Сабақтың пайдалы, қызықты, тартымды өтуі – 96%
2.Сабақта көрнекілікті қолдану дәрежесі   - 93%
3.Оқушылар білімін бағалаудың әділдігі – 95%
4.Мұғалімнің оқушыға адамгершілік қарым – қатынасы – 96%
5.Сабақта оқушылардың тәртіп сақтауы – 96%
6.Сабақта алған біліммен қанағаттану – 97%
7.Сабақта оқушыға өз ойын айтуға мүмкіндіктің берілуі – 93-% көрсетті
Қорытынды:
Сонымен, оқушы кіші мектеп жасынаа орта мектеп жасына өтудегі пәндік бейімделу кезіндегі жүргізілген психологиялық зерттеу жұмыстарының қортындысы төмендегідей нәтиже берді..
  1. Мектептегі мазасыздық деңгейі төмен ( 60% - норма)
  2. Топтық бірлік жоғары
  3. Мен бейнесі үйлесімді ( өзін өзі бағалау - жағымды )
  4. Баланың эмоционалдық дамуы жағымды динамиканы көрсетті
  5. Өзіне сенімділігі және өзінің мүмкіндіктеріне сенімі қалыпты жағдайда
  6. «Мұғалім» бейнесіне, мектепке, сыныптарына жағымды қарым қатынас құрылған.
Сынып   жетекшілеріне  кеңес  беру: Барлық   сынып  жетекшілері  зерттеу   нәтижесімен  толық  таныстырылып, оқушылардың  көпшілігінің   әлі  де  практикалық   машықтануы  орташа   екендігі ескертілді. 
Алдағы  уақытта   оқушылармен  практикалық  машықты   қалай  игерту  туралы   кеңестер  берілді.                             
Ұсыныс:
  1. 1 сынып  жетекшілеріне жоғарыда бейімделуінде қиындықтар болып отырған оқушылармен жеке қосымша сабақтар жүргізіп, ата анасымен тығыз байланыста болуды   жандандыру;
  2. 1 сынып  жетекшілеріне сабақ барысында оқушылардың таным белсенділігін арттыру мақсатында түрлі жаттығулар, әдіс тәсілдерді жүйелі қолдануын және көрнекі құралдарды тиімді пайдалану;
  3. Бейімделудің   алғашқы кезеңдерінде кездесетін қиындықтарды жеңуге көмек көрсету;
  4. Балалардың   жетістіктерін мадақтап отыру арқылы өзіне деген сенімділігін арттыру;
11 сынып оқушылармен  сенсорлық, есте сақтау қабілетін және танымдық жеке ерекшеліктерін  анықтау мақсатында «Өзіндік тест», «Стресспен күресе білесің бе?» сауалнамасы жүргізіліп, нәтижесі шығарылды.
5-11 сынып оқушыларымен  отбасы - тұрмыстық зорлық-зомбылық сауалнамасы жүргізіліп, нәтижесі шығарылды.
2-4 сыныппен «Мен бақытты баламын» арттерапия, 5-7 сыныптарда «Мен үшін өмір қымбат» сурет, эссе,8-11 сыныптарда «Мен бақытты баламын» эссе. 
1-сынып оқушыларымен  «Үйшік» әдістемесі , 9 сыныптармен «Сенің кәсіби ой ниетің» сауалнама, «Мазасыздық шкаласы» 5 сыныптармен, «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» сауалнамалары жүргізіліп, нәтижесі шығарылды.  
«Мен нені жақсы жасай аламын?», «5- ші сынып дегеніміз не?», «Зиянды заттардан аулақ бол» тренинг- жаттығуы жүргізілді.
«Буллинг», «Кибербуллинг» жайлы мағлұматтар берілді.
8-12.11 .21 ж  5-11 сынып  оқушыларына   Өз құқығыңды білесің бе?   сауалнамасы жүргізілді.
9 ә, б, г - сыныптардан гугл формада жүргізіліп, нәжижесі шығарылды. Сауалнамаға 
22-23.11.21. 4 сыныптар Лусканованың «Оқу мотивациясы» әдістемесі жүргізіліп, нәтижесі шығарылды.24.11.21   Голланд және  Қызығушылық картасы. 9-10-11 сыныптардан жүргізіліп, нәтижесі шығарылды.
9 Б сыныбы
25.11.21 ж  «Мен және менің құқығым»  тренинг  9 -10 сыныптар
«Көңілді шарлар» 1-2 сыныптармен, 26.11. 21 ж  «Қасіретсіз өмір – бақытты балалық шақ»  6- 8 сыныптармен, «Мен және Интернет» 7- 9 сыныптарда жүргізілді.
29-30. 11. 21 ж «Бірінші рет – 5-ші сыныпта»
«Буллинг», «Кибербуллинг» жайлы мағлұматтар беру, түсініктеме жұмыстарын ұйымдастыру.
Тұрмыстық-зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары.
Қиын және құқықбұзуға бейім оқушылармен жүргізілген жұмыс құқық кеңесінде қарау                                ( Есепте тұрған оқушылар туралы жұмыс қорытындысын)
5 cынып оқушыларымен  «Пәнге көзқарас» әдістемесі 
9-11 cынып оқушыларымен  «М.Фергюсен мен Д.Рассел»  әдістемесі Жалғыздықты сезіну деңгейін анықтау 
Мұғалімдермен жұмыс  (А.Ассингер тесті)  «Педагогтағы агрессияны бағалау» сауалнамасы жүргізіліп, қорытындысы шығарылды.
11 – сынып оқушыларынан  көңіл-күйін игере білуге,  басқаруға, қадағалауға және дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Нашар көңіл-күйден қалай арылу керек», 7-8 – сынып оқушыларынан  кездескен проблемаларды дұрыс түсіне білуге, өмір сүре білуге үйрету мақсатында «Өмірді сүйе білейік»,  4-сыныптармен   оқушылардың айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында «Қарым – қатынас маған қуаныш сыйлайды» тақырыптарында тренингтер жүргізілді.
9-10-11 сынып қыздарымен  қыз балалардың бойына қыз бейнесі тән мінез –құлық сипатын қалыптастыру мақсатында «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан», «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында 7-8 сынып қыздарым
Зорлық – зомбылықтың алдын алу жұмыстары.
15-16.11.21 ж  7-8 сынып оқушыларымен Интернет желісіне тәуелділігін анықтау сауалнамасы жүргізіліп, нәтижесі шығарылды. 
17-19.11.21 ж   Отбасылық тұрмыстық зорлық – зомбылықты анықтау.
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»  тақырыбында 5-10 сынып оқушыларынан жүргізілген сауалнамаға анықтама. 2021- 2022 оқу жылы.
    Мақсаты: Оқушылардың  арасындағы зорлық –зомбылықтың алдын алу.                                   11-14 қазан күндері «Зорлық-зомбылыққа ұшырадың ба»  тақырыбында 5-10 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнамаға   1137 оқушы қатысты. .
Сауалнама сұрақтарыЖауап нұсқалары
1Саған үйден қашып кетуге тура келді ме?А.Иә
Б. Иә, ата-анамның ұрсысқандығы үшін-19
В. Жоқ-1118
2Саған физикалық зорлық-зомбылық(ұрып-соғу) көрсетілді ме?А.Иә
Б.Жоқ-1137
В. Кейде
Г.Жиі
3Физикалық жазалау адамды кемсіту деп ойлайсың ба?А.Ия-75
Б. Жоқ-1062
4Сені не үшін жиі жазалайды?А. Мені мүлде жазаламайды-986
Б. Төмен бағаларым үшін-66
В. Үйге кеш келгенім үшін-23
Г. Жалқаулығым мен өтірік айтқаным үшін-62
Д. Спиртті ішімдік ішкенім үшін-0
5Егер жазаласа, жазалау шарасы көбіне қайда жасалынатын?А.Мектепте-0
Б. Үйде-29
В. Көшеде-0
6Өзге адам сенің намысыңа тиген кез болды ма?А. Қыз/ұл-12
Б. Ата-анам-3
В. Мұғалімдер-1
Жауап бермегені-1121
7Саған ұрсып, айқайлап, төмендеткенде сен қандай сезімде боласың?А.Реніш-9
Б. Ашу-ыза-4
В. Жоғалып кеткім келеді-0
Г.Маған бәрібір-452
Д. Қорқыныш, үрей-6
Ж. Жек көру сезімі-5
З. Өзі сияқты  жауап бергім келеді-3
Жауап бермегені-658
8Өзіңе зорлық-зомбылық көрсетілгендігі туралы біреуге айттың ба?А.Иә-12
Б.Жоқ-0
В. Кімге айтуға болатынын білмеймін-0
Жауап бермегені-1125
9Мектепте зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін жүргізіліп жатқан шаралар жеткілікті ме?А.Иә-1137
Б.Жоқ
Қорытынды: Сауалнама нәтижелерін сараптау барысында, 2 оқушысы ата-анамның ұрысқандығы себепті үйден кетіп қалдым деп жауап берген. ескерту керек. Ал қалған 1135 оқушы үйден ешқашан да кетіп қалмаған. 
        Сауалнамаға қатысқан 5-10 сыныптың 1135 оқушысына ұрып-соғу сипатындағы физикалық зорлық-зомбылық көрсетілмеген. Физикалық жазалау, яғни ұрып-соғуды адамды кемсіту деп 75 оқушы санайды екен. Оқушылардан не үшін жазалайтындықтарын сұрағанда оқушылардың көпшілігі мені мүлде жазаламайды деген жауапты таңдады. Жалқаулығым мен өтірік айтқаным, төмен бағаларым, үйге кеш келгенім үшін ата-анам жазалады деген жауаптар да кездесті. Осындай варианттарды таңдаған оқушылар жазалау шарасы үйде өтетіндігін айтқан, яғни ата-аналар тарапынан жазаланған.
       Өзге адам оқушылардың намыстарына тигендігі туралы сұраққа 12 оқушы ұл-қыз деген жауапты таңдапт, яғни сыныптастар немесе достары  тарапынан болған. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың жауаптарын саралай келе, сасулнамаға қатысқан оқушылар мектеп тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамаған. Үйде ата-ана тарапынан аздаған жағымсыз жағдайлар туындап тұрады. Дегенмен де, алынған жауаптар бойынша түзету-дамыту жұмыстары жопарланды. 
Ұсыныс:
Психологқа: Оқушымен  психологиялық жеке түзету-дамыту жұмысын жоспарлау.
Сынып жетекшіге:1. Сыныпта зорлық-зомбылық туралы сынып сағаттарында ақпарат беру;
2. Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін «Сенім жәшігі» туралы ақпарат беру;
3. Ата-анасының ұрысқандығы үшін үйден кетіп қалған оқушылармен жеке сұхбат жүргізу, бақылау.
Пән мұғалімдеріне ұсыныс:
Әр пән мұғалімі өз сабағында зорлық-зомбылықтың болуына жол бермеу.
Ата-аналарға   ұсыныс:
1. Баланың жеке басына, сезімдеріне, қасиеттеріне түсіністік таныту;
2. Бала өзіне артылған міндеттерін атқара алмаған жағдайда, бірден жазаламай нақты мән-жайды анықтап алу;
3. Зорлық-зомбылық түрлері туралы ақпараттарды білу;
4. Баламенсенімдіқарым-қатынасорнату;
5. Балағаүнемісүйіспеншліктаныту.
12.11-27.11.2021 ж «Зорлық –зомбылықсызбалалықшақ»тақырыбындаіс –шараларөткізілді.
13-қараша күнімұғалімдермен «Қоғамдағы, отбасындағыжәне мектептегі зорлық-зомбылықжәнебейбітшілікқағидалары» тақырыбында тренинг, 24-қараша күніқазақтілі мен әдебиетіпәнімұғалімдерініңұйымдасыруымен 9-10 сыныпоқушыларынан «Әлемдізорлық-зомбылықсызқұру» тақырыбында үздік эссе байқауынұйымдыстырыпқорытындысышығарылды.   25-қараша күні мектеп педагог-ұйымдастырушысыД.Оралбековтыңұйымдастырумен 10 сыныпоқуышыларымен «Мен зорлық-зомбылық» дөңгелекүстел. 26 –қарашакүні 9-10 сынып ата-аналарына «Тұрмыстықзорлық-зомбылықтыңтүрлеріжәнеоның алдын-алу» тақырыбында кеңестерберілді.
8-10 сыныптар арасында қарым –қатынастың вербальсыз дағдысын дамыту мақсатында «Қарым –қатынас маған қуаныш сыйлайды», 7-8 – сынып оқушыларынан   кездескен проблемаларды дұрыс түсіне білуге, өмір сүре білуге үйрету мақсатында «Өмірді сүйе білейік», 6-7 сынып оқушыларымен  жағымжы жағдайды тудыру мақсатында «Өзіңді таны – сонда сен әлемді жаулап аласың» тақырыптарында тренинг – жаттығулар жүргізілді.
Суицидтің алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстарға мәлімет
«Отбасы тұрмыстық, зорлық-зомбылық»   тақырыбындағы  жүргізілген 
сауалнаманың қорытындысы 
Сауалнамаға   5 - 9   сынып оқушылары толық қатысты.
Барлығы:   1034   бала Қатысқаны:  1010
1.  Сізге зорлық-зомбылық көрсетілді ме деген сұраққа 
           А) Ия -0%    
    б) жоқ-98%       
в) жауап бергенге қиналамын-2%
Сізге байланысты мектепте (сыныптастарыңыздан, достарыңыздан) зорлық-зомбылық көрсетілді ме?     
А) Иә,  физикалық,   эмоционалдық,  сексуалдық -0%
           Б) жоқ  физикалық,   эмоционалдық,  сексуалдық-100%
Сізге байланысты зорлық-зомбылық (үйде) көрсетілді ме?
А) Иә,  физикалық,   эмоционалдық,  сексуалдық-0%
             Б) жоқ  физикалық,   эмоционалдық,  сексуалдық-100%
Сізге байланысты зорлық-зомбылық мектепте (мұғалімдерден) көрсетілді ме?
А) Иә,  физикалық,   эмоционалдық,  сексуалдық-0%
                Б) жоқ  физикалық,   эмоционалдық,  сексуалдык-100%
            5.     Өзіңізді қорғауға ұмтылдыңыз ба?     А) Иә-0%     
  б) жоқ-100% 
Сізге көрсетілген зорлық-зомбылық  туралы кімге айтар едіңіз?
         А) достарыма-15%  
  Б) ата-анама -47%    
  В) мұғалімдерге-18%   
   Е) ағама немесе әпкеме-5%  
д) мектеп Психологына-12%    
 Е) Ешкімге-2%    
 Ж) айтуға қорқамын, қиналамын-0%
7.   Сен кінәлі болғанда саған ата-анаң қандай жаза түрлерін қолданады?  
А) ұрсады 89% 
 б) ұрады (белдікпен т.б)    
  в) жәй қорқытады -10%    
 Е) тағы басқа түрлері
      8. Сені ата-анаң қаншалықты мақтағанды, құшақтап сүйгенді жиі қолданады?
     А) жиі-100%      
 б) сирек,     
  В) ешқашан,      
Г) айтуға қорқамын     
  Д) тағы басқа
Мектепте зорлық-зомбылық көрсетудің қандай түрлерін қандай түрлерін кездестірдің?
А) физикалық,     
  Б) экономикалық (ақша жинау)  
     В) С           сексуалдық, 
   Г) психикалық 
Д)  болған жоқ -100%
Сен зорлық көрсетудің құрбаны болдың ба?
А) мектепте,         Б) үйде,        В) көшеде  Г) болған жоқ-100%
Осы мәселенің алдын алуда қандай шешімге сүйенесің?
А) сынып сағатында-26%,  
   Б) мектеп тәртібін қатаң бақылау-74%, 
В) оқушының тәртібін қадағалауды  жақсарту;    
  Г) өз нұсқауыңды жаз;
Қорытынды: Осы мәліметтерді ескере отырып, мектеп бойынша зорлық –зомбылыққа ұшыраған оқушы жоқ. 
Ата –анамен бала арасындағы қарым – қатынас, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым –қатынас, психологпен оқушы арасындағы қарым –қатынас   қалыптасқан.
Түзету дамыту бағыты бойынша 7-8 сынып жекелеген оқушылармен бойында өзін-өзі тану мотивациясын дамыту мақсатында «Өзін тану», 7-10  сынып оқушыларымен қоғамымыздың  болашағы екендігін ұғындыру арқылы өмірді сүйіп, қадір-қасиетін түсініп, дамыту мақсатында «Өмірді сүйе білейік», ата-аналармен «Компьютерге тәуелділік оның бала психикасына тигізер зардабы», «Мен тығырыққа тірелгенде» тақырыптарында тренингтер, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 
І жж бойынша құқық бұзушылық фактілері туралы көрсеткіштерді жинақтап, себептерін анықтап,  есепке қою, есептен шығару жұмыстары  жүргізілді.
Педагог –психологтар:                          Шуакбаева Б.С 
                                                                 Сейтжанова Б.А