№1 ата-аналары жиналысының хаттамасы » Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 3-15-58
Есепші бөлімі:
+7(72770) 3-15-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2022

№1 ата-аналары жиналысының хаттамасы

Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ

№1 ата-аналары жиналысының хаттамасы


      Өткізілген күні: 10.09.2021

           Қатысқандар: 87

Күн тәртібі:

1.Тыңдалды:Сыныптың ата-аналар комитетінінің, мектеп ата-аналар комитетінің құрамын тағайындау;

2. Тыңдалды: Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылған талаптарды бекіту туралы(№26 бұйрық 14.01.2016ж., №296 бұйрық 13.07.2020 ж.)ӘНХ-2021-2022 оқу жылы «Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» және жаңа оқу жылында Санитарлық талаптарды сақтау;

3. Тыңдалды:1, 5 cынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері, ата-аналарға психологиялық көмек.

4. Тыңдалды: Әлеуметтік жағдайы төмен оқуышларға демеушілік көмек ұйымдастыру. «Мектепке жол» акциясы туралы.

5.   «Заңды білу-заман талабы» тақырыбында құқықтық тәрбиеге байланысты әңгіме өткізу.


1. Сөйлегендер:Мектеп директоры Маханбетова М.Б.  

Мектеп директоры Маханбетова М.Б.сынып жетекшілерінің және ата-аналардың ұсынуымен сынып  және мектеп ата-аналар комитетінің құрамын сайлады. Комитет құрамынасайланды:

  1. Катбасарова Анар -   комитет төрайымы
  2. Саткинова Анар Туренкуловна
  3. Исмаил Назым Бахытқызы
  4. Молдабаева Турғанкул Қуатбекқызы
  5. Мажитова Айгерим Нариманқызы
  6. Муштакова Халида Ансаровна
  7. Касирова Акмарал
  8. Аметова Калбике Оспановна
  9. Бекманова Улбосын
  10. Сарыжанова Альбина Батыржаеновна
  11. Базарбаева Кундыз Бағыбергеновна
  12. Хамзаева Балнур Максутхановна
  13. Алдабергенова Сәлима Батырбекқызы
  14. Касымбаева Адемы Жумагалиевна
  15. Сидикова Айша Ержановна
  16. Жакенова Лаура Толеутаевна
  17. Садыкова Алма
  18. Муштаков Муслим Ороевич
  19. Медеуова Арай Женисовна
  20. Токашева Меруерт Бахытовна
  21. Абишева Жанна
  22. Кадироваа Зарина Алияровна
  23. Бурашова Майра
  24. Сыдыкова Арина Сыдыковна
  25. Жикарева Гульзира Әділхановна
  26. Рысбаева Замира Токбаевна
  27. Аминова Сымбат
  28. Токтагулова Динара Беликовна
  29. Акшалова Динара Сергазиевна
  30. Аймуратова Клара Оразбаевна
  31. Уркумбаева Кундыз
  32. Ибрагмова Клара Измахановна


      Қаулы етті: Мектеп ата-аналар комитетінің құрамы жоғарыдағыдай сайлансын.

     Шешімі:Мектеп ата-аналар комитетінің жұмысы жандандырылсын.

2.  Сөйлегендер: ДТІЖО   Макенбаева К.А.

  ДТІЖО Макенбаева К.А.  Қазақстан   Республикасының БҒМ министрлігінің14.01.2016 жылғы №26 бұйрына енгізілген толықтыруларға тоқталды. 13.07.2020 жылғы №296 бұйрық негізінде 28 тарауына сәйкес тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайларда шектеу іс-шаралары алынғанға, төтенше жағдай қолданысы, форс-мажор жағдайлары тоқтатылғанға дейін ата-аналар балаларды орта білім беру ұйымдарына киіп бара алатын іскерлік, классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен қамтамасыз етуі туралы айтты.

Қаулы етті:14.01.2016 жылғы №26 бұйрына енгізілген толықтырулардың жүзеге асырылуы сынып жетекшілері мен ДТІЖО жүктелсін.

Шешімі:Қазақстан  Республикасының БҒМ министрлігінің14.01.2016 жылғы №26 бұйрына енгізілген толықтырулар жүзеге асырылсын; Кезекшітоптағы оқушылар  классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен сабаққа қатыстырылсын.


3.Сөйлегендер: Мектеп психологы: Шуақбаева Б.А.

      Мектеп психологы Шуақбаева Б.С. ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында психологиялық көмегін ұсынды. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының  әлеуметтік бейімделуін, уақытты тиімді пайдалану туралы ұсыныстар жасады. Таныстырылым барысында жұмыс күнін шағын блоктарға бөліп, сыйақы жүйесін ойлап табу туралы сөз қозғады.


Қаулы етті:Оқушылар мен ата-аналардың психологиялық жағдайын анықтап, көмек көрсету мектеп психологтарына жүктелсін.

Шешімі:Ата-аналарға арналған психологиялық көмек беру жұмысы жалғастырылсын.


4. Сөйлегендер:  әлеуметтік педагог  Бахтыгалиева К.К.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұраныменұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясы барысында оқу жылының басында әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, көп балалы отбасынан шыққан 16 оқушыға оқу құралдары және киім-кешек алып берілді. Сонымен қатар 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 136 бала тұл жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балаларытегін ыстық тамақпен мектептегі асханада қамтамасыз етіледі.


Қаулы етті:«Мектепке жол» акциясының жалғасын табуы мектептің әлеуметтік педагогы Бахтыгалиева К.К. жүктелсін.

Шешімі:«Мектепке жол» акциясын жалғастыру үшін  демеушілермен жұмыс жандандырылсын;


5. Сөйлегендер:құқық пәні мұғалімі Отыншиева М.К.; 

Мектеп инспекторыЖамбыл АПБ-нің қызметкері полиция капитаны Набиев Ф.Н.

            Заңды білу -заман талабы, адамзат баласының, әр мемлекеттің негізі заң болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы- Конституция. Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәікестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты. «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»-батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. 


Қаулы етті:«Заңды білу-заман талабы» тақырыбында құқықтық тәрбиеге байланысты әңгіме өткізу мектептің құқық пәні мұғаліміОтыншиева М.К.мектеп инспекторы Жамбыл АПБ-нің қызметкері полиция капитаны Набиев Ф.Н.

 жүктелсін.

Шешімі:Заңды білу-заман талабы» тақырыбында құқықтық тәрбиежұмыс жандандырылсын;