«Ұлы даланың тарихи тұлғалары» факультатив жоспарлары » Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 3-15-58
Есепші бөлімі:
+7(72770) 3-15-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2022

«Ұлы даланың тарихи тұлғалары» факультатив жоспарлары

«Ұлы даланың тарихи тұлғалары» 
Түсінік хат.
Бағдарлама мемлекеттік білім стандарты негізделіп, Қазақстан тарихы пәнін оқыту бағдрламаларын басшылыққа ала отырып жазылды.
«Ұлы даланың тарихи тұлғалары» атты авторлық қолданбалы курс бағдарламасын жазудағы басты мақсат 10-сынып аралығындағы оқушылардың тарихи танымдарын ел тарихындағы әйгілі тұлғалар туралы білімдерін тереңдете түсу мақсатында, қосымша деректер мен көркем шығармаларға бағыт-бағдар беруде қоғамның саяси –әлеуметтік, мәдени, рухани ахуалын жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы толықтыру.
Мемлекеттің жылдам дамуы оның азаматтарының белсенді көмегінсіз мүмкін емес. Ол тарих сабақтарын кең түрде, терең түсінуден ғана туады. Өйткені бүгінгі болашақ тек өткеннің негізінде қаланады. Қазақстан тарихын оқып – үйренуге айрықша ынта білдірген оқушылардың талап-тілегін қанағаттандыра отырып, Отан тарихынан жан-жақты әрі тереңірек білім луына мүмкіндік жасау.
 ХХ ғасыр басы қазақ даласына ұлт қамын ойлаған қайраткерлер шоғырын, демократиялық идеасының айнасы ретінде қазақтың ұлттық саяси элитасын, яғни, зиялы қауымды өмірге әкелді. Ғасыр басындағы қазақтың зиялы қауымы дәрігерлерден, заңгерлерден, инженер, ақын – жазушылардан құрылып, қазақ ғылымының пайда болып, қалыптасып гүлденуі жолында қызмет жасап, мәдениет саласының  жаңа бағытта дамуына үлес қосты. Қазақ зиялыларының ортақ мақсаты – саяси күрес, яғни халықты қараңғылықтан алып шығу, отарлық езгіні жою болып табылады. Бұдан алып шығудың бір ғана жолы ол – ағарту, білім беру арқылы халықтың санасын ояту деп білді.
         Алаштың атымен ұлы іс бастаған тұлғалардың қай-қайсысы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі – олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл, түптеп келгенде, өзіміздің ұлттық санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзентік парызымзды орындау, ұрпағымызға ұлағат дарыту болмақ.  Қазақ зиялыларының  құнды ғылыми мұраларын зерттеу, талдау және тарих пәні мұғалімдерінің алдында тұрған – үлкен міндеттердің бірі.
Курс бағдарламасының негізгі мақсаты:
  • Тарихи оқиғалардың хронологиялық ерекшеліктері мен «Ұлы даланың тарихи тұлғалардың»  қызметін тереңірек  меңгерту.
  • Сабақ барысында оқушыларға құжаттарды оқыту арқылы өз елінің тарихын жете түсінуге, өзіндік баға беруге үйрету.
  • Шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу, әртүрлі әдебиеттерді пайда отырып баяндамалар, рефераттар, ғылыми жобалар жасуға дағдыландыру.
  • Оқушыларды түрлі тарихи құжаттарды жан-жақтытталдап, өз ой-пікірін ашық айта білуге дағдыландыру.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
  • Деректік материалдарымен жұмыс жасуды тереңдетіп меңгерту
  • Оқушылардың тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру.
  • Өзіндік  ізденіске, шығармашылыққа баулу және жетелеу.
  • Өз елінің тарихын терең білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Ұлт зиялыларының қызметін, өмірін оқушыларға дәріптей отырып, оларды  отансүйгіш, ұлтжанды, өз елінің тарихын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Барлығы -34 сағат, аптасына –  1 сағат.
р/сТақырыбы Сағат саны Мерзімі
1Қазақ елінің алғашқы хандары Керей мен Жәнібек хандар107.09
2Қасым хан (1445-1521жж)114.09
3Есім хан (1598-1628жж)121.09
4Тәуке хан (1680-1715жж)128.09
5Әбілқайыр хан (1693-1748жж)105.10
6Абылай хан (1771-1781жж)112.10
7Кенесары хан (1802-1847жж)119.10
8Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950жж)126.10
9Жүсіп Баласағұн (1017(1012)-1075жж)109.11
10Махмұт Қашқари (1029-1101жж)116.11
11Қожа Ахмет Йассауи (1093-1166жж)123.11
12Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж)130.11
13Қадырғали Жалайыри (1530-1605жж)107.12
14Ахмет Йүгінеки /ХІІ соңы –ХІІІғ.басы)114.12
15Әлихан Бөкейханов (1866-1937жж)121.12
16Ахмет Бйтұрсынұлы (1872-1937жж)128.12
17Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1937жж)111.01
18Міржақып Дулатұлы (1885-1935жж)118.01
19Санжар Асфендияров (1889-1938жж)125.01
20Мұстафа Шоқай (1890-1941жж)101.02
21Ілияс Жансүгіров (1894-1938жж)108.02
22Сәкен Сейфуллин (1894-1939жж)115.02
23Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов (1835-1865жж)122.02
24Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж)101.03
25Абай Құнанбаев (1845-1904жж)108.03
26Әлкей Хаканұлы Марғұлан (1904-1985жж)115.03
27Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (1915-1966жж)105.04
28Бөгенбай, Қабанбай батырлар112.04
29Наурызбай Райымбек батырлар119.04
30Малайсары, Баян батырлар126.04
31Ж.Ш.Шаяхметов (1902-1966жж)103.05
32Д.А.Қонаев (1912-1993жж)110.05
33Н.Ә.Назарбаев 117.05
34Тарихтағы тұлғалар (өзіндік жұмыстарды қорғау)124.05