Қазақстанның көне қалаларының тарихы 5–сыныпқа арналған таңдау курсы » Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 3-15-58
Есепші бөлімі:
+7(72770) 3-15-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстанның көне қалаларының тарихы 5–сыныпқа арналған таңдау курсы
10
февраль
2022

Қазақстанның көне қалаларының тарихы 5–сыныпқа арналған таңдау курсы

Қазақстанның көне қалаларының тарихы 5–сыныпқа арналған таңдау  курсы
Бағдарлама құрылымы:
  1. Түсінік хат
  2. Курс мақсаты
  3. Курс міндеттері
  4. Күнтізбелік жоспар
  5. Пайдаланылған әдебиеттер
Түсінік хат:
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін экономикалық және мәдени орталықтар ретіндегі қалалар мәселесінің көтерілуі оның әрбір қаланың тарихын жазуды қажет етеді. Азаттық алған халықтың тек бүгінгісін біліп қана қоймай, өткенге де үңіліп, тарихымызды зерттеу, зерделеу маңызды. Осыған орай  тәуелсіздік алып, егеменді ел болғаннан бері жаңа көзқарасты қажет ететін тарих ғылымындағы зерттеуден шет қалмаған маңызды тақырыптардың бірі – қалалар тарихы. 
Қазақстан қалаларының тарихы Қазақстан жеріндегі ежелгі дəуірден бастап күні бүгінге дейін сақталған қалалар мен қалалық қоныстар, сол сияқты қазіргі кезеңде өмір сүріп  отырған  ел   ішіндегі  қалалардың  тарихын   оқытуға  бағытталған.  Курстың   мазмұнында  Қазақстан  жерінде   орналасқан  қалалар  мен қалалық қоныстардың пайда болуы, алғашқы кен өндірісі, сауда-ақша  қатынастары, қала мен дала мəдениетінің өзара қарым –қатынастары шеңберінде қызықты мағлұматтармен  суреттеледі. Ортағасырлық əкімшілікжəне экономикалық маңызы бар қалалардың Орта Азия елдерімен, Еуропа, Қытай жəне басқа да шет мемлекеттермен сауда-экономикалық жəне  дипломатиялық   байланыстары  туралы,  қазақ   елінің  астанасы  мəртебесін   алған қалалар  тарихы,  ортағасырлық   жəнен  жаңа  кезеңдегі   Сыр  бойындағы,  Жетісу,   оңтүстік Қазақстан  жеріндегі  қалалар   үшін  болған  дала   билеушілерінің  өзара  күрестері   мен олардың нəтижелеріжəне тағы басқа да тарихи оқиғалар сабақ барысында оқытылып, талданатын болады.    
Қалалар тарихының маңыздылығы туралы ғалым-философ Ғ. Есімнің «Дүниеде бар нәрсе жоғалып кетпейді, сондықтанда мемлекеттің негізгі ұлттық байлығының бір бөлігін жасақтауға септігін тигізуші қалалардың жүйесін сақтап қалу керек. Онсыз қалаларды жоғалтуымыз мүмкін, яғни қалалардағы рухани-материалдық құндылықтардан айырылып қалуымыз мүмкін» - деп нақты айтып өтеді. Қалалар халықтың экономикалық, саяси және рухани өмірінің орталығы ретінде көрініс ала отырып, қоғам дамуында жетекші рөл атқарады. 
Курс мақсаты:
  • Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету;
  • Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және қалпына келтіру;
  •  Қазба жұмыстарының соңғы нәтижелерімен танысу арқылы  пәнге деген қызығушылықтарын қалыптастыру;
  • Оқушыларды түрлі тарихи құжаттарды жан-жақты талдай білуге, өз ой пікірін ашық айтуға үйрету, оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Курс міндеттері:
  • Қазақстан қалаларының тарихи кезеңдерін анықтау; 
  • Археологиялық жəне деректік құжаттарға талдау жасау; ежелгі жəне ортағасырлық деректердегі  қалалардың   бейнесін,  хронологиясын,  əлеуметтік   құрамын, құрылысын жəне саяси-экономикалық маңызын зерттеу; 
  • Қазақстанның тарихи даму кезеңдеріндегі қалалардың тарихи маңызы мен өзіндік ролін анықтау; 
  • Қазақстан қалаларының күрделі де қызықты қалыптасу тарихы және қалалардың саяси-әкімшілік, мәдени қызметі, жөнінде білім беру.
  • Оқушылар еліміздің және өздері туып-өскен қалалары туралы білімдері мен картамен жұмыс істеу дағдыларын, өз ойын еркін жеткізе білу, дәлелдей алу біліктілігін дамыту.
  • Туған қаласының Отан тарихына қосатын үлесін байыпты айта білуге, түсіне білуге, өз туған жерін, қалаларын көркейтуге үлестерін қосуға тәрбиелеу
Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 рет,  оқу жылында 34 сағат
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Сабақтың тақырыбыСағат
саны
Күні
1Кіріспе1
2Қазақстан қалаларының пайда болуы мен дамуы 1
3Сақ, үйсін, қаңлы қалалары1
4Талхир қаласы 1
5Баласағұн қаласы 1
6Сығанақ қаласы 1
7Қойлық қаласы (Қаялық)1
8Тараз қаласы 1
9Құлан қаласы 1
10Ақыртас қаласы1
11Аспара қаласы 1
12Сайрам қаласы (Испиджаб)1
13Йасы қаласы (Түркістан)1
14Отырар қаласы 1
15Сауран қаласы 1
16Баладж қаласы (Баба-Ата қалашығы)1
17Арал-Асар қалашығы1
18Сарайшық қаласы1
19Жайық қалашығы1
20Қимақтар қалалары1
21Аркөк қаласы 1
22Атлах қаласы1
23Жанкент қаласы (Янгикент)1
24Жент қаласы 1
25Кедер қаласы1
26Қарасаман қаласы 1
27Науакет қаласы 1
28Созақ қаласы 1
29Суяб қаласы 1
30Хурлуг қаласы 1
31Шабғар қаласы 1
32Шымкент қаласы1
33Алматы қаласы 1
34Қорытынды 1