Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері » Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 3-15-58
Есепші бөлімі:
+7(72770) 3-15-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
15
февраль
2022

Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері

Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп КММ

педагог- психологтарының

Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері

Психологиялық қызметтің мақсаты:

Жаңартылған білім беру аясында рухани дамыған, зияткер  тұлғаны тәрбиелеу барысында  білім алушылардың креативті, функционалды сауатты шығармашыл, бәсекелестік сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыра отырып білім беру әлеуетін көтеру, психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік  - психологиялық жағдай жасау және қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері:

  • Білім алушылар мен мұғалімдердің кәсіби және  тұлғалық, зияткерлік дамуына ықпал ету, денсаулықты нығайту арқылы рухани даму шараларын жетілдіру;
  • өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
  • Білім беру үрдісі субьектілерінің психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін көтеру. 
  • Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
  • Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде

әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;

  • Психологиялық диогностиканы жүргізу және білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
  • Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата- аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету; мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсету;

Құқықтары

Психолог құқылы:

4.1. білім беру мекемесінің Жарғысымен белгіленген тәртіппен Мектепті басқаруға қатысуға;

4.2. шағымдармен, өз жұмысына баға берілген басқа да құжаттармен  танысуға, осы бойынша түсініктеме беруге;

4.4. оқыту, тәрбиелеудің әдістемесін, оқу құралдары мен материалдарын, оқулықтарды, білім алушыларды бағалау әдістерін еркін таңдап, пайдалануға;

4.5. біліктілігін арттыруға;

4.6. тиесілі біліктілік санатына ерікті түрде аттестацияланып, аттестациядан табысты өткен жағдайда тиесілі біліктілік санатын иемденуге;

4.7. сабақ процесінде, үзіліс кезінде білім алушыларға сабақты ұйымдастыруға, тәртіп сақтауға қатысты міндетті бұйрықтар мен өкімдер беруге,  Жарғымен, білім беру мекемелерінде білім алушыларды көтермелеуге.